Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Емханаларда ашық есік күні

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

Тарихи ескерткіштер тазартылды

Кофені көп ішсе, не болады?

Актер Олжас Абай мен Дариға Бадықованың құдалығынан видео жарияланды

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

Ұлттық қор балаларға президенттік бағдарламасы бойынша 7 миллионнан астам балаға 2,5 миллиард доллар аударылды

Махаббат бекеті оқырманға жол тартты

80 пайызы ененің кесірінен : актриса Жанель Мақажан неге қоғамда ажырасу көбейгенін айтты

Ел аумағын қамтыған акция

Бақыт тілеңіздер : Дариға Бадықова өзін сынағандарға жауап берді

​Торғай өңірінің дамуы: үкіметте жұмыстардың жоспары талқыланды

​Торғай өңірінің дамуы: үкіметте жұмыстардың жоспары талқыланды

Azh.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Торғай өңірін дамытуға және оның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі іс-шаралар жоспарына енгізу үшін перспективалық жобаларды қарауға арналған жиын өткізді. 

Жиынға Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы Райымбек Батталов, мемлекеттік органдардың вице-министрлері, бизнес-қоғамдастық өкілдері және тағы да басқалар қатысты.

Талқылау барысында Торғай өңірінің келешегіне арналған ұсыныстар мен жобалар айтылды. Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов қолайлы географиялық жағдай облысты Еуропа мен Азия арасындағы негізгі транзиттік буынға айналдыратынын атап өтті. «Орталық-Батыс» автожолын салу және Арқалық қаласындағы әуежайды қалпына келтіру сияқты инфрақұрылымдық бастамаларды жүзеге асыру инвестиция мен бизнеске жаңа мүмкіндік береді. Оның айтуынша, экономикалық жоспарда 400-ге жуық жұмыс орны ашылатын 62 млрд теңгеден аса соманың 11 инвестициялық жобасы қарастырылған. АӨК дамытуға, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеуге, қайта өңдейтін 15 сою пунктін салуға басты назар аударылады. Осы мақсаттарға арнап, жылдық 2,5%-бен (СҚО тәжірибесі бойынша) 5,6 млрд теңге қарастырылған, көмірсутек өндіру мен қатты пайдалы қазбаны барлау жобасы жасалды.

Бизнес өкілдері де өз бастамаларын ұсынды. «Arkalyq Qus» ЖШС басшысы Максим Божко 2008 жылы құрылған кәсіпорын бүгінде 140 млн-ға жуық жұмыртқа өндіретінін хабарлады. Компания зауыт қуатын екі есе арттыруды жоспарлап отыр. Құрылыс 2026 жылғы көктемде басталады. Сондай-ақ құрама жем зауыты мен органикалық тыңайтқыш өндіру зауытын салу жобасы жүзеге асырылуда. «Ұрпақ Агро» ЖШС құрылтайшысы компанияның етті мал шаруашылығы мен қайта өңдеуді одан әрі дамыту үшін 10 мың басқа дейін ұсақ мал сатып алу ниеті туралы хабарлады. «Zengi Group» ЖШС бас директоры Жәнібек Кенжебаев «Консорциум 20+1» жобасын ұсынды. Оған 12 инвестор тартылған. Бұл – 20 шағын фермасы мен басқарушы компаниясы бар, етті мал шаруашылығын орнықты дамытудың пилоттық моделі. Жәнібек Кенжебаевтың айтуынша, компания жобаны жүзеге асыруға шамамен 1,1 млрд теңге инвестиция салуға дайын. Бұл ретте қосымша қаржыландыру көзі пысықталуда. Вице-премьердің тапсырмасы бойынша, жобаны қолдау мәселесін Ұлттық экономика министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп қарайды.

Сондай-ақ жол инфрақұрылымын дамыту мәселесі де талқыланды. Атап айтқанда, Астана – Ырғыз тас жолында жанармай құю стансаларын салу туралы. Қазіргі уақытта бұл учаскеде екі станса жұмыс істегенмен, жолдың ұзақтығын ескерсек, Егіндікөл мен Торғай аудандарында қосымша кешен салу қажет.

Осы бағытта жұмыс істеп жатқан «PetroRetail» компаниясы желіні дамыту және көбейту бойынша өз ұсыныстарын жеткізді. Жанармай құю стансалары желісін көбейтумен қатар, компания Keruen Inn брендімен жол бойындағы қызмет көрсетуді де дамытуда. Мұндай алғашқы қонақ үй Жамбыл облысының Мерке ауданында ашылғаны белгілі. Осындай нысанды Торғай өңірінде де салу ұсынылып отыр.

Жиынды қорытындылай келе, Серік Жұманғарин барлық айтылған ұсынысты ескере отырып, жоспар жобасын пысықтауды және мәдениет, туризм, халықты жұмыспен қамту салаларын дамыту шараларын қарауды тапсырды. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі әкімдікпен бірлесіп, Арқалық, Амангелді және Жангелді ауданында жер қойнауын геологиялық зерттеуді жүргізуі тиіс. Бұл инвестиция тарту және бизнесті дамыту үшін жаңа мүмкіндік. 

«Негізгі жобаларды анықтау, қаржыландыру үшін арнайы шарт жасау маңызды. Ұлттық экономика министрлігі өңірдің орнықты және кешенді дамуының драйвері болатын “Өрлеу-Торғай” жеке бағдарламасын бекітеді», — деп атап өтті вице-премьер.

Бүгін, 16:29

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:167
embedДереккөз:https://azh.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Қазан 2025 16:42
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see140

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see139

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see133

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see133

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see131

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see129

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see126

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see122

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see121

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see121

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

13 Қазан 2026 04:23see110

Тарихи ескерткіштер тазартылды

13 Қазан 2026 04:23see109

Кофені көп ішсе, не болады?

13 Қазан 2026 01:36see109

Актер Олжас Абай мен Дариға Бадықованың құдалығынан видео жарияланды

12 Қазан 2026 22:25see106

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

13 Қазан 2026 04:23see105

Ұлттық қор балаларға президенттік бағдарламасы бойынша 7 миллионнан астам балаға 2,5 миллиард доллар аударылды

12 Қазан 2026 20:58see98

Махаббат бекеті оқырманға жол тартты

13 Қазан 2026 05:06see97

80 пайызы ененің кесірінен : актриса Жанель Мақажан неге қоғамда ажырасу көбейгенін айтты

13 Қазан 2026 01:36see93

Ел аумағын қамтыған акция

13 Қазан 2026 05:43see90

Бақыт тілеңіздер : Дариға Бадықова өзін сынағандарға жауап берді

13 Қазан 2026 01:18see90
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары