Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Төрт адамның өмірін сақтаған

Төрт адамның өмірін сақтаған

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Павлодарда донорлық ағзаларды ажыратып алуға қатысты бірегей операция жасалды. Сөйтіп, 39 жастағы әйелдің ағза мүшелері 4 адамның өмірін сақтап қалуға себепші болды.

Суретті түсірген – Асхат ИМАНБЕКОВ

Еліміздегі трансплантологиялық стационарлардың бірі – Павлодар облыстық кардиологиялық орта­­лы­ғына елордадан білікті дәрігерлердің бір­не­ше бригадасы шұғыл жетті. Мамандар әйел адамның ағзасынан донорлық мүшелерін ажыратып алу бойынша операцияны сәтті орындап, отандық медицина саласында тағы бір трансплантациялық дерек тіркелді.

Заң жүзінде еліміздің әрбір азаматы ағза ауыстыруға келісім бере алады. Бас тар­туға да құқы бар. Донор қайтыс болған уақыт­та марқұмның туыстары келісім бер­месе, ағзалары алынбайды. Өңірлік транс­­плантация жөніндегі үйлестіруші Дмит­рий Потеребухтың айтуынша, гемар­­ра­гиялық инсульт салдарынан көз жұм­ған 39 жастағы әйелдің күйеуі мен ұлы донор­лыққа келісімдерін берген. Әйел адам кардио­логиялық орталыққа 22 қаңтар күні түсіп, дәрігерлер оған «бас миының өлуі» диагнозын қойған екен.

– Әрине, марқұмның туыстарына шешім қабылдау оңайға соқпағаны анық. Мидың өлуі дегеніміз, ол адамның енді бұл дүниелік емес екенін білдіреді. Күйеуі мен ұлына әйелдің өлімі өте жайсыз хабар болды. Біз оларды жансақтау бөлімшесіне кіргізіп, әйелдің жүрегі соғып жатуына жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылуы, беріліп жатқан препараттар себепші болып отырғанын түсіндірдік. Мұның бәрін алып тастасақ, оның жүрегі бірден тоқтайтыны анық еді. Мен донорлық мүшелер бірнеше адамның өмірін сақтап қала алатынын айттым. Туыстары марқұмның ағза мүше­лерін өзге адамдарға алмастыру туралы ақпа­раттарды сабырмен қабылдады. Ойланып, бір шешімге келетіндерін жеткізді. Ал ерте­ңінде таңертең өздері келіп, келісім беретін­дерін хабарлады, – дейді трансплантолог.

Туыстарымен қажетті құжаттар жасалған соң шұғыл түрде көп еңбекті қажет ететін операцияға дайындық басталып кеткен. Барлық үдеріске шамамен 80 адам қатысқан. Бір бригада донорды зерттеп, жүрегі мен көкірек қуысына ультра дыбыстық зерттеу жүргізген. Бұл үдеріс ағза мүшелерінде инфекциялар мен өзге де факторлардың бар-жоқтығын анықтайды. Тағы бір бригада донор мен реципиенттердің қан құрамын анықтаумен шұғылданған. Мамандар ең бас­­тысы реципиенттің ағзасы жаңа мү­шені қа­былдап, тамырланып кетсе, нәти­же­нің болғаны деп есептейді. Ағзаның қабыл­дамауы өте сирек кездесетін жағдай. Сон­дықтан ағза ауыстырудан кейін адамның оңалуына кемі жарты жыл уақыт кетеді.

– Павлодарға келген топтың құрамында Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығынан бауыр мен бір бүйректі трансплантациялаумен айналысқан көпсалалы ұжым болды. Ал University Medical Center (UMC) кардиохирургтері жүректі трансплантациялады. Ана мен бала орталығының мамандары, сондай-ақ UMC мамандарының бір бөлігі екінші бүйректі трансплантациялаумен айналысты, – дейді Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы клиникалық-академиялық департаментінің директоры Тимур Лесбеков.

Оның айтуынша, трансплантация өте қысқа мерзімде жүзеге асырылған. Өйт­пеген жағдайда ағза мүшелері транс­плантациялауға жарамсыз болады. Мы­салы, бүйрек пен бауыр жүрек пен өкпеге қара­ғанда сәл ұзағырақ сақталады. Ағзаларды сақтау жөніндегі ең қысқа мерзім жүрекке тиесілі – бар-жоғы төрт сағат. Өкпеде – 6, бауырда – 8–12 сағат. Бүйрек олардан сәл ұзағырақ сақталады.

– Төрт сағат – жүректің денеден ажыратылып, мұзда сақталатын уақыты, осы мерзім ішінде ағзаны жеткізіп, операция жасауға үлгеру керек. Сондықтан трансплантологтер тобында кардиологиялық бригаданың рөлі басымырақ болды, – деп қосты Тимур Лесбеков.

Адамның бүйректері биоконтейнер ар­қылы тасымалданса, жүрек арнайы аппа­­ратқа жалғанып жеткізіледі. 2024 жылы Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығының дәрігерлері донорлық ағза­ларды ұзақ уақыт тасымалдауға мүмкіндік беретін Alem деп аталатын бірегей құрыл­ғыны жасап шығарған. Донор-әйелдің жүрегі, екі бүйрегі, бауыры, екі көзінің қасаң қабық­тары алынған. Ағза ауыстыру операциясы шамамен 2–2,5 сағатқа созылатынын ескерсек, дәрігерлерге әр минут қымбатқа түскені анық.

Дмитрий Потеребухтың мәліметінше, бүгінде еліміз көлемінде ағза алмастыру кезе­гінде (күту парағында) 4,5 мыңға жуық адам тұр. Олардың 3,9 мыңнан астамы – бүй­рек алмастыруды қажет ететін реципиенттер. Егер 2024 жылы республикада қайтыс болғаннан кейінгі донорлықтың небәрі 6 жағдайы тіркелсе, 2025 жылы бұл көрсеткіш 3 есе артқан. Дегенмен трансплантолог маман бұл көрсеткіш әлі де болсын аз екенін айтады.

Ертіс-Баян өңірінде трансплантацияға мұқтаж 213 пациент бар. 193 адамның бүйрегін, 10 адамның бауырын, 3 адамның жүрегін ауыстыру қажет. Тағы бір адам жаңа өкпеге зәру. Аймақта жалпы саны 510 адам өлімнен кейінгі донорлыққа келісім берген. Алайда былтыр 15 әлеуетті донордың біреуі ғана донор бола алды. Қалған жағдайда марқұмдардың туыстары келісім бермепті.

Мамандар елімізде трансплантология жақсы дамып келе жатқанын айтады. Жо­ғары білікті мамандар жеткілікті, медици­налық орталықтар қажетті жабдықтармен қамтылған, асқыну қаупі мейлінше төмен. eGov порталында қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа қатысты ерік білдіру бөлімі бар. Оны 145 мыңнан астам адам пайдаланып, 12,6 мың адам келісім берген.

ПАВЛОДАР 

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің тауар өндірушілер тізіліміне 5 мыңға жуық кәсіпорын тіркелген

Экономика • Бүгін, 09:43

Астана мен Алматыда доллар қаншадан саудаланып жатыр?

Қаржы • Бүгін, 09:35

Қазақстанда қазір қандай жолдар жабық тұр?

Ауа райы • Бүгін, 09:23

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 09:12

Конституцияның жаңашылдығы – байыпты тұжырымдамалық мазмұнында

Саясат • Бүгін, 09:05

Суды үнемдеу – өңір дамуының өзегі

Саясат • Бүгін, 09:02

Инвесторларды қолдау тетіктері жетілдіріледі

Саясат • Бүгін, 09:00

Цифрлық жаңғыртудың нақты қадамдары

Саясат • Бүгін, 08:55

Әскери теміржол күзетінің мәртебесі бекітілді

Саясат • Бүгін, 08:53

Жасанды интеллект жұмыссыз қалдыра ма?

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:50

Креативті индустриядағы ұлттық қолтаңба

Жастар • Бүгін, 08:48

Трансфер нарығы: Нани «Ақтөбе» сапында ойнайды

Футбол • Бүгін, 08:45

Жақсылық жасау – жауапкершілік

Жастар • Бүгін, 08:43

Теңгенің тегеуріні

Теңге • Бүгін, 08:40

Оқытуды жеңілдеткен платформалар

Digital • Бүгін, 08:38

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:159
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қаңтар 2026 10:54
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары