Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

Бюджетке түскен батпан

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

Беларусь БАҚ тары Рыбакинаның US Open дегі жетістігіне алаңдаулы

Қазақстанда ирригация каналдарын механикалық тәсілмен тазалау қарқыны артып келеді

Астана көші қон қызметінің бұрынғы басшысы Ербол Махметов ұсталды: ҰҚК түсініктемесі

Тотаңның Төрт толғауын тамылжытқан

Тотаңның Төрт толғауын тамылжытқан

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Осынау күй абызының жара­ты­лыс-табиғаты бір бөлек, өнері қаншалық ұлық болса, соншалық кішік, өте қарапайым жан. Әрине, Мұхаң күйшілігі жайлы жазылған ғылыми мақалалар, зерттеулер, қорғалған диссертациялық жұмыстар мол, отандық өнертану ғылымының назарынан ешқашан кенде болған емес. Оның орындауындағы халық күйлері мен өзінің авторлық туындылары Қазақ радиосының Алтын қорына енген, ноталық жинақтарға кірген, күй антологияларына басылған. Мұхаң топқа түссе арқалана кететін нағыз дәулескер, қашан көрсеңіз де үкілі домбырасын сайлап, бабында жүреді. Республикалық деңгейдегі концерттерге жиі шақыртылады, жастар аудиториясына шеберлік дәрістерін өткізуден жалыққан емес. Мұхаметжан күйші осы мерейлі 80 жасына толағай табыспен, асқақ абыроймен келіп отыр.

Қазақтың атадан балаға жұғысты болып келетін күйшілік салтының өзіндік бір серті бар сияқты, қасиетті өнердің алтын арқауы үзілер-үзілместе оны жалғайтын аманатшыл перзенті туатын секілді. Мысалы, Арқа күйінің басына бұлт үйірілген замандарда Хасеннің Әбікені болмаса, Тәттімбет мұрасы біз­дің дәуірімізге жетер ме еді, әлде жетпес пе еді? Арқада Тәттімбетпен аты тел аталатын Сайдалы сары Тоқаның тоғыз тараулы, төрт толғаулы дастан күйлерін Мұхаметжан Тілеуханов шертпегенде Тотаң мұрасы жалғасар ма еді, жалғаспас па еді? Әлде, Тоқа, Дайрабай секілді ғасырда бір келетін саңлақтар сазы ұрпақ санасынан мүлде ұмытылып кетер ме еді? Қазан төңкерісінен бастап жаңа ғасырымызға дейінгі қазақтың күйшілік мәдениетіне тыйым салынған небір мәдени зұлматты көрген қазақ елі үшін осы сұрақтардың салмағы өте ауыр, себебі атадан балаға жұғысты болып келе жатқан асыл өнердің бастан кешкен кешегі трагедиясы, рухи жарасы әлі жазыла қойған жоқ.

Кеңес үкіметі саясатының салқынынан Арқаның дүлдүл домбырашылары түгел атылған ұлы қырғынның өткені – тарих көзімен қарасақ, күні кеше ғана. Тіпті олардың атын атап, күйін жасырын тартқандардың өзі «итжеккенге» айдалғанын көзімен көрген шеркөкірек қариялар бүгінгі Ұлытау, Қарағанды, Жаңаарқа жерінде көп еді. Мұқаң – сол күйшілердің батасын алып, қолынан күй үйренген сирек орындаушыларымыз­дың бірегейі. Соның арқасында Арқа­дағы небір ұлы домбырашылардың қосбасар­лы күйлері төлтума қалпында бүгінгі ұрпаққа жетіп отыр. Әлбетте, Мұхаң арқылы. Жастай күйге құштар болып, атадан қалған сарынды жүрегіне қондырып өскен Мұхаметжан алдыңғы толқын күйшілердің сал мінезін көріп ержетті, көсем қағыстарын айнытпай қайталады, қосбасардың қоңыр үнін сақтай білді.

Оның өнердегі баяны бөлек әлем. Сұлу шертісінен Сәкеннің сәнін, Күләштің әнін тыңдағандай әсерленесіз. Қапелім­де перзентін жоғалтқан Тотаңның «Төрт толғауын» тарқатқанда сол дәуірдің бебеулеген зарымен қоса, отызыншы жылдары жаппай атылып кеткен күй­ші аталарын да қатар жоқтағандай ауыр күрсініске түседі. Сармантайдың Ахметжаны, Рысбектің Әбдиі, Айдос­тың Сембегі, Садуақастың Мақашы сынды залқарлардан қалған шер қосбасар­лар сананы қамшылайды. Ал енді өзінің төл күйлерін орындағанда домбыраның қос ішегі басқаша салтанат құрады, мысалы, Мұхаңның «Арман-ай» атты туындысы жастық шақтың таусылмас қызығын ­суреттесе, «Тағдыр-ай» күйі сезімге тиіп, қалың ойға шомдырады.   

Күй атасы Сайдалы сары Тоқаның жөні бөлек, аты аңызға айналған күйші заманында елге билік айтқан әйгілі кісі болыпты, жұрт атын тікелей атауға бата алмай, «Тотаң» деп қадірлейді екен. Сол Тотаң ақ патша заманында қуғынды да, сүргінді де көп көрген адам екен. Оның күйлері де сол тағдырлы жағдаяттардың себебінен туындаған. Алашқа аты шыққан күйшінің мұрасы кейініректегі кеңестік кезеңдерде ұмытыла бастаған. Ел арасында Тотаң күйлерінің шығу оқиғалары мен саз-сарындарын сақтап қалғандар – Тоқпан Мүсірәліұлы, Сарбас Бақмағамбет­ұлы, Мұқаш Ахметбекұлы, Қадіркей Садуақасұлы, Қойбағар Жылқыбай­ұлы, Төлеутай Рысбекұлы (Бұйынтақұлы) сын­ды даңғайырлар еді (бұлардың бар­лығы  – Мұхаңның алғашқы ұстаздары). Осы тұстас күйшілердің ішінде Тоқа­ның «Сарыжайлауын» Алматыдағы зия­лылар ортасына естірткен әйгілі Әбікен Хасенов болған екен. Бұл жөнінде Сәбит Мұқановтың Сәкен Сейфуллин туралы естелік мақаласында мынадай дерек сақталып қалыпты:

«...Сәкеннің кейде ән-күйге ерекше балқып кететіні де болушы еді. 1934 жылы Москвада оқып жүріп, Алматы­ға каникулға келдім. Сәкен мені үйіне қонаққа шақырды. Барсам, белгілі домбырашы Хасенов Әбікен отыр екен. Бұрын көрмеген бұл кісіні Сәкен «Арқаның атақты домбырашысы» деп таныстырды да, біраз күйлер ойналғаннан ке­йін, «Саржайлауды орында» деп өтінді. Әдемі орындалған күйге балқып отырып, Сәкенге қарасам, үлкен қара көзінде жас мөлдіреп тұр екен, менен ың­ғайсызданғандай жасын бармағымен сілкіп жіберді де, «Тоқа деген кісі жер ауып жүріп шығарған екен бұл күйді. Осы күй ойналса, Колчактан қашып жүрген таршылық күндерім есіме түседі», деді» (Мұқанов Сәбит. Таңдамалы шығармалар: 16 томдық. Алматы: «Жазушы» 1979. 15-том, 296-бет).

Әбікен Тотаңның «Сарыжайлауын» және бірнеше қосбасарын шертіп жүрген жылдары күйшінің атын атауға ты­йым салынған қатқыл уақыт еді. Сол себеппен Әбікен Тотаң күйін  күйтабаққа жаза алмаған дейді. Бұл жөнінде Ақселеу Сейдімбек, Кәмел Жүністегі, Несібелді Әбдірахмановалардың зерттеулері бар.

Сайдалы сары Тоқа ғана емес, Жаңа­арқа жерінен шыққан ұлт өнерінің ірі классиктері Дайрабайдың да, Ықыластың да тағдырлары өте ауыр болған. Бұлардың да шығармалары кеңес цензурасына түскен, көп туындысы жойылып кеткен, кейбір күйлері басқаға телінген жағдайлары да болған. Ал Мұхаң болса осы ұлылардың шырақшысы, жарты ғасырдан бері солардан қалған қазына­ны талмай түгендеумен келеді. Мысалы, Дайрабайдың күйі «Дайрабай» жалқы күй болатын, ал оның аңыздарымен қоса тарауларын тұтас тартып, күйтабаққа түсірген тағы да Мұхаң.

Мұхаметжан Тілеуханның өнерге қанат қағуына әуелі себепші болған әкесі Ғайниддин. Ғайниддин ақсақал Тәттімбет, Тоқа, Дайрабай, Сүгір күйлерін тәуір шерткен кісі, ол өз білгенін баласы­ның бойы­на дарытқан. Елдегі қазына­лы қарттарды үйіне шақырып, сый-сияпат жасауды салтқа айналдырған дар­қан кісі болған. Қазақстанға аттары белгілі әртістердің Ғайниддин ақсақал­дың дастарқанынан дәм татпағаны кемде-кем болар. Мұның бәрі баласы Мұхаметжанның өнерпаз ретінде қалып­тасуына жасалған әкелік тәрбие еді.

1965 жылы Мұхаметжан Тілеу­ханов Алма­ты халық шаруа­шылығы инсти­­тутына (АИНХ) оқуға түседі. Тап сол жылдары күй зерттеуші Уәли Беке­нов­пен танысады. Ол «Нархоздағы» көр­кемөнерпаздар үйірмесін басқарады. Кәсіби домбырашылық мектебінен өткен, сауатты күйші Уәли Бекенов Мұхамет­жанның өнеріне тәнті болады, оның домбыраны сөйлететін виртуоздығын жоға­ры бағалайды. «Күй табиғаты», «Шертпе күй шеберлері» атты кітаптарына сту­дент күйші туралы пікірлерін жариялай­ды. Үзінді келтірейік:

«...Мұхаметжан Тілеуханов шебер орындаушылар қатарына жатады. Ол Алматының халық шаруашылығы институтында оқып жүрген кезінде ­оркестрге қатысқан еді. Әсіресе Тәттім­бет, Тоқа күйлерін тарту арқылы өз ал­дына дара домбырашы болып көзге түсетін. Біз оның осы ерекшелігіне байланысты бірнеше рет жеке күй орындатып, концертке шығарып жүрдік. Мұхаметжан – қазір танымал шертпе күйшілерміздің бірі. Оның орындауында Орталық Қазақстан өңірінің күйлері күйтабаққа жазылды» (Бекенов.У, Күй табиғаты. Алматы, «Өнер» – 1981. 44-бет).

1969 жылы Қазақ радиосынан Тоқа күйлері тұңғыш рет естіліп, халқымен қайта қауышады, Мұхаң радио эфирінен әйгілі «Төрт толғауды» тартады. Төрт бөлімнен тұратын циклді туындыны естіген зиялы орта елең ете қалады, себебі қазақта тараулы күйлерді тұтас тарту салты ұмытылғандай кез еді. Ал Тотаңның «Бозайғырын» тартқандағы әсер азат көңілдің ұранындай ел рухын оятты. «Шер қосбасар» мұңайтса, «Сән қосба­сар» қуантты. Сол жылдары тыңдарман қауымның радио редакциясына жолдаған хаттарында сан болмайды, Мұхаңның орындауындағы Тотаң күйлерін эфир­ден қайталап беруді өтінеді. Осыдан кейін-ақ жас күйшінің шығармашылығы тура­лы бірсыпыра радиоочерктер де жазы­ла­ды, осылай Мұхаңның атын Алаш тани бас­тайды.

1972 жылы Алматыда өткен Жамбыл Жабаевтың 125 жылдық тойы­на Қара­ғандыдан қобызшы Сматай Үмбет­баев, әнші Гүлбаршын Ақпанова және күйші Мұхаметжан Тілеуханов арнайы шақыртылады. Бұл шын мәнінде қазақ­тың нағыз саңлақтары жиналған халық­тық өнер жәрмеңкесі болды. Осы сапарда ­ол Қаратаудың теріскейінен келген Төле­ген Момбековпен танысады. Аға-іні болып сыйласады, күй тартып сырласады. ­Мұхаң әр кез Төлеген ағасымен бірге бол­ған кездерін сағынышпен еске алып оты­ра­ды, қолынан үйренген күйлерін әлі күнге дейін айнытпай шертіп жүреді. Бірер жыл бұрын «Ұлттық арнада» Қаратау күйш­ілік мектебіне арналған деректі телехабар ­жазылды, сонда Мұхаңның орындауындағы Төлеген Момбеков күйлерін естіп таң-тамаша болғанбыз, себебі ол көз көрген тұлға, жас та болса Төлегендей қазынамен үзеңгілес болған. Оның үстіне Арқа мен Бетпақтың күй дәстүрі жақын, сондықтан Төкең мұрасын мейлінше шынайы шерте алуы заңдылық еді.

Мұхаң өміріндегі жарқын тұлға­лардың бірі – академик Рахманқұл Бердібаев. Ол халық фольклорын насихаттау мақсатында «Халық институты» атты мәдени-ағартушылық орталы­ғын ашқан. Ел ішінен шыққан дарындармен кездесулер ұйымдастырды, оларды радио арқылы да насихаттауға ықпал етті. Сол институттың кезекті отырысына Жаңаарқадан Мұхаметжан Тілеухановты  арнайы шақыртады. Күй арасында сөз алған жазушы Сәбит Мұқанов Сайдалы сары Тоқа туралы өз білгенін, естігенін әңгіме етеді, «Тоқа күйші кезінде патшадан көп қуғын көрген, атақты Шоқан Уәлихановпен жақын араласқан өз зама­нының жақсысы, мұндай күйшінің мұрасын ақтауымыз керек», деген лебі­зінің өзі зиялы қауымды дүр сілкіндіре­ді. Себе­бі «кеңестік жылымық» уақыты бол­­ғанымен, Тоқа мұрасына деген идео­ло­гиялық салқындық ызғары әлі кетпеген болатын. Осы төркіндес пікірлерді Әбділда Тәжібаев, Ғабиден Мұстафин секілді әдебиет алыптары да айтқан.

Кәкімбек Салықов ақын әрі әнші еді. Күйді де тәуір шертетін. Әсіресе «Арман-ай» күйін тыңдаудан жалықпаушы еді. «Япырмай, осындай әсем қайырымдарды Мұхаметжан қайдан тауып жүр?» деп сүйсінгенін көрген едік. Мұхаңның күйшілік қасиеті жайлы Кәкімбек ағай мөлдіретіп жыр жазған еді.

Рейхстагқа ту тіккен батыр Рахымжан Қош­қарбаев Мұқаңның шертпелерін тыңдауды дағдыға айналдырған. Жаудан қайт­паған қаһарманның жүрегі домбыра үніне елжірей кетеді екен, батырдың жан дүниесі үнемі күй аңсап жүреді дейді. Мұн­дайда Жаңаарқадан Мұхаметжан іні­сін арнайы шақырып, алдын ала күй қа­ді­рін білетін тыңдаушы қауымын сайлап, сосын асықпай Тәттімбет, Тоқа, Дай­ра­бай, Әбди, Әбікен күйлерін тыңдайды екен.

Жаны жақын араласқан ағалары­ның бірі Мағауия Хамзин еді. Қадірлес ағасы екеуі сахна төрінде Әшімтайдың «Қоңыр­қазын» кезек шертіп, бірі теріс бұрау­мен тартса, бірі оң бұраумен шалып, елді тамсандырып жүргені кеше ғана еді. «Қоңырқаздың» қаңқылын екеуі екі түрлі етіп құбылта толғаудан жалық­пау­шы еді. Мағауия да Тоқа мұрасына келгенде осал өнерпаз емес, ол Тотаңның «Саржайла­уын» сөйлеткен алыптардың соңы еді.  

Мұхаметжан Тілеуханов – Алматы­дағы Құрманғазы атындағы Ұлттық кон­серваторияның және Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер универ­ситетінің құрметті профессоры. Мерейлі жасқа жеткен Арқаның абыз күйшісінің абыройы арта берсін деген игі тілекпен осы шағын жазбамызды ән жампозы Жәнібек Кәрменовтің сөзімен аяқтағанды жөн көрдік:

Тоқаның жаралғандай арманынан,

Күй тамған күңіреніп бармағынан.

Мұхаметжан дегендей ұлды берген,

Жаңаарқа, айналайын топырағыңнан!

Жанғали ЖҮЗБАЙ,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:146
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Шілде 2026 09:21
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

08 Қыркүйек 2026 13:48see148

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

08 Қыркүйек 2026 16:49see144

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

08 Қыркүйек 2026 07:22see143

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

08 Қыркүйек 2026 17:04see143

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

08 Қыркүйек 2026 20:43see142

Бюджетке түскен батпан

08 Қыркүйек 2026 04:59see142

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

08 Қыркүйек 2026 09:33see142

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

08 Қыркүйек 2026 16:49see141

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

08 Қыркүйек 2026 13:07see141

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

08 Қыркүйек 2026 10:15see138

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

09 Қыркүйек 2026 01:12see135

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

08 Қыркүйек 2026 21:40see130

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

08 Қыркүйек 2026 19:15see126

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

08 Қыркүйек 2026 20:05see124

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

08 Қыркүйек 2026 23:41see122

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

09 Қыркүйек 2026 09:33see122

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

09 Қыркүйек 2026 08:07see115

Беларусь БАҚ тары Рыбакинаның US Open дегі жетістігіне алаңдаулы

09 Қыркүйек 2026 10:31see114

Қазақстанда ирригация каналдарын механикалық тәсілмен тазалау қарқыны артып келеді

09 Қыркүйек 2026 11:44see109

Астана көші қон қызметінің бұрынғы басшысы Ербол Махметов ұсталды: ҰҚК түсініктемесі

09 Қыркүйек 2026 12:35see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары