Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Цифрлық дәуірдегі дала

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

Тозығы жеткен тұрғын үй тұрақ болмас

Тозығы жеткен тұрғын үй тұрақ болмас

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Қала тұрғыны Әсем Са­паро­ва осыған дейін Алмалы аудан­ындағы Тастақ шағын ауда­нында орналасқан бесқабатты тұрғын үйге қоныстанған. Кей­іп­керіміз бұл пәтерді екі жылға жуық уа­қыт бойы паналаған. Әсемнің айтуынша, күн суыта бастағанда үйдің ескіргені анық байқа­латын. 

– Қыс мезгілінде қабырғадан суық тез өтеді. Сондықтан кей­бір көршілеріміз жылуды сақтау үшін үйдің сыртқы қабырғасын қаптатуға мәжбүр болды. Біз тұрған пәтердің іші ылғалды әрі салқын болды. Қазіргі жаңа үйлермен салыстырғанда жылуы әлсіз болғандықтан, үй ішінде жеңіл киініп жүру мүмкін емес еді. Дегенмен бір жақсысы, жаз­да үйдің іші қатты ысып кетпей, қоңыр салқын болып тұратын, – деді тұрғын.

«Алматы» әлеуметтік-кәсіп­керлік корпорациясы берген ақпаратқа сүйенсек, қазіргі уа­қыт­та қалада қайта жаңғыртуды қажет ететін 1 403 ескі көпқабат­ты тұрғын үй бар. Бұл нысандар 2030 жылға дейін жүзеге асыры­латын тұрғын үй қорын жаңғыр­ту бағдарламасына енгізілген. Жоба аясында 1930-1980 жылдар аралығында бой көтерген, екі қабатқа дейінгі тозығы жеткен әрі апатты тұрғын үйлер кезең-кезеңімен жаңартылады. Бұдан бөлек, инженерлік желілері ес­кір­ген жеке тұрғын үйлерді, сон­дай-ақ өндірістік, коммер­циялық және қоғамдық мақсат­тағы ғимараттарды қайта жаң­ғырту жоспарланған.

Ресми дерекке сәйкес, қайта жаңғыртылуға тиіс тұрғын үй­лер­дің басым бөлігі қаланың ескі аудандарында шоғырланған. Статистикаға назар аударсақ, мұн­дай нысандар көбіне Түрксіб ауданында тіркелген (585 үй). Одан кейінгі орында Бостандық ауданы тұр. Аталған ауданда орна­ласқан 269 тұрғын үй қайта жаңғыртуды талап етеді. Сон­дай-ақ Жетісу ауданында – 141, Алмалы ауданында – 135, Алатау ауданында – 102, Медеу аудан­ында – 82 және Әуезов ауда­нын­да – 65 ескі тұрғын үй рено­ва­ция бағдарламасына енгізіл­ген. Ал Наурызбай ауданында ренова­цияны күткен тұрғын үйлер саны салыстырмалы түрде аз. Мұн­да жалпы саны 24 тұрғын үйді қайта жаңғырту көзделген. 

Биыл реновация бағдар­ламасы аясында Алматыда 1 165 тұр­ғынды жаңа баспанаға көші­ру қарастырылған. Қоныс аудару «бөлме үшін бөлме» қағидаты негізінде жүзеге асады. Бағдар­лама талаптарына сәйкес, егер азамат көшу туралы ұсыныстан бас тартқан жағдайда жауапкер­шілік тұрғынның өзіне жүкте­леді.

Былтыр қанша отбасы баспанаға қол жеткізді?

Мегаполисте жыл сайын ре­но­вация бағдарламасы аясында белгілі бір көлемде тұрғын үйлер жаңартылып жатыр. Соған қара­мастан, қалада әлі күнге дейін он­да­ған мың адам пайдалану мерзі­мінен асқан баспанада тір­шілік кешеді. Шаһарда неліктен ескі тұрғын үйлердің саны әлі де көп? Бұл мәселенің шешілмеуіне әсер етіп отырған негізгі жүйелік факторлар қандай? Qazaq Expert Club сарапшысы, құрылыс сала­сының маманы Диляра Сейіт­нұрованың сөзінше, реновация бағдарламасының нәтижесін ба­ға­лағанда жоспардың орын­далу көрсеткішінен гөрі нақты қа­жеттілікке назар аудару маң­ыз­дырақ. Оның дерегінше, 2026 жылғы жағдай бойынша Алма­ты­да 1 403 тозығы жеткен көп­пә­т­ерлі тұрғын үй бар болса, бұл шамамен 14 450 пәтер деген сөз. Ал 2021 жылдан бері жүзеге асып келе жатқан бағдарлама аясында жаңа баспананың кілті 1 752 мен­шік иесіне табысталған. Тек өткен жылдың өзінде жоспар толық орындалғанымен, оның аясында 670 отбасы жаңа пәтерге қол жеткізді. Сарапшының пікі­рін­ше, бұл қаладағы нақты сұра­ныс пен реновация қарқынының арасында әлі де айтарлықтай алшақтық бар екенін аңғартады.

– Мұның бірнеше себебі бар. Біріншіден, реновацияға енгізі­л­ген барлық тұрғын үйдің жағ­дайы мен орналасу деңгейі бір­дей емес. Мәселен, 1 403 үйдің 71-і қала құрылысының «қызыл сызығында» орналасқан, яғни олар жол немесе өзге де инфра­құры­лымдық жобаларға арнал­ған аумақта тұрғанына байлан­ысты кешенді кварталдық ре­но­вацияға енгізілмейді. Одан өзге 255 тұрғын үй нүктелік құры­лыс үшін ғана жарамды. О­ларды толық квартал ретінде қайта дамыту мүмкін емес. Соның нәтижесінде инвесторлар үшін экономикалық тұрғыдан тартымды нысандар саны 1 077 үймен шектеледі. Ал қалғаны бизнес логикасына сай келмейді. Бұл аумақтарда жер көлемі жет­кіліксіз, шығыны жоғары әрі ком­мерциялық қайтарымы тө­мен. Сондықтан мұндай жоба­лар­ға жеке инвесторлардың қызы­ғушылығы аз. Егер мемле­кет тарапынан қаржылай қолдау көрсетілмесе, бұл үйлер ренова­ция кезегінде ұзақ уақыт қалып қоюы ықтимал, – деді Д.Сейіт­нұрова. 

Реновация бағдарламасының қарқынына әсер етіп отырған тағы бір мәселе – тұрғын үй­лер­дің нақты техникалық жағдайы­ның белгісіздігі. Сарапшының мәлімдеуінше, қалада соңғы кешенді техникалық паспорттау 2017-2018 жылдары жүргізілген. Сол кезде кеңестік кезеңде сал­ын­ған 10 525 тұрғын үй тірке­ліп, олардың шамамен мыңы бұзуға ұсынылған. Алайда содан бері мегаполис бойынша толық­қан­ды қайта тексеру жүргізілмеген.

– Қазіргі Құрылыс кодек­сін­де «тозығы жеткен» және «апат­ты» тұрғын үйлердің құқықтық мәртебесі нақты ажыратылған. Соған қарамастан, жергілікті атқарушы органдар барлық ескі үйді жедел техникалық сарап­тамадан өткізуге міндеттелмеген. Соның салдарынан көптеген тұрғын үйдің нақты мәртебесі анықталмай, мыңдаған адам бел­гісіздік жағдайында өмір сүріп келеді. Онымен қоса, ре­но­вация жобаларының жоғары құны мен оның күрделілігі бағ­дарлама қарқынын тежейтін тағы бір фактор деуге болады. Бір ғана кварталды жаңғыртуға 5 миллиард теңгеден астам ин­вес­тиция қажет. Бұған қоса, тұр­ғындармен келіссөз жүргізу де ұзақ уақыт алады. Тәжірибе көр­сеткендей, бір квартал бойын­ша барлық меншік иеле­рі­­мен ортақ келісімге келу сегіз айдан үш жылға дейін созылуы мүмкін. Себебі әр отбасының тұрғын үйге қатысты өз талабы мен құқықтық жағдайы бар, – деді Д.Сейітнұрова.

Мыңдаған ғимараттың мерзімі өткен

Алматының сейсмикалық аймақта орын тепкен шаһар екен­ін ескерсек, 1960-1980 жыл­дары салынған тұрғын үйлердің қазіргі қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуі – алаңдатарлық мәселе. Сарапшының бағалау­ынша, бұл кезеңде бой көтерген нысанның барлығы сейсми­ка­лық талаптарға толық жауап береді деп кепілдік беру мүмкін емес. Осы жылдар аралығында салынған үйлердің басым бөлігі панельді конструкцияға жатады. Олардың жобалық пайдалану мерзімі шамамен 50-60 жылға есептелген. Қазіргі кезеңде көп­теген ғимарат бұл межеден әлде­қашан асып кеткен.  

– Панельді үйдің «сейсмика­лық мінез-құлқы» кірпіш үйден мүлдем басқа. Мұндағы негізгі осал тұс – панельдер арасындағы көлденең жіктер. Жер сілкінісі кезінде негізгі жүктеме дәл сол жерге түседі. 1981 жылға дейін, яғни сейсмикалық талаптар күшейтілгенге дейін салынған кейбір үйлерде панельаралық жіктердің тозу фактілері тіркел­ген. Алайда бұл мәселенің күр­делі тұсы да сол, оның сырт көзге бірден байқалмай­тынды­ғында. Ғимараттың қасбеті бүтін болғанымен, оның негізгі конс­трукцияларының жағдайы тұр­ғын­дарға әрдайым анық көріне бермейді. Сонымен бірге Алма­ты­ның климаттық ерекше­лік­тері де тұрғын үйлердің техника­лық жағдайына әсер етеді. Мау­сым­дық температура айыр­ма­шылығы салдарынан жылу жіктерінің тығыздағыш матери­ал­дары уақыт өте келе бұзы­лып, кейіннен ол қабырғаларда ыл­ғалдың жиналуына, ал конс­трук­ция ішіндегі арматураның коррозияға ұшырауына әкелуі мүмкін, – деді ол.

Тірек конструкциялардың нақты жағдайын зерттемей жүр­гізілген күрделі жөндеу жұмыс­тары мәселенің толық шешімі бола алмайды. Сарапшының айтуынша, ғимараттың қауіпсіз­дігі туралы нақты қорытынды тек әр тұрғын үйге жүргізілген жеке техникалық сараптама нәтижесінде жасалуға тиіс.

Тұрғын үй қорын жаңғыртуға шамамен 21-22 жыл қажет болады

Егер реновация қазіргі қар­қынмен жалғаса берсе, Алматы­дағы тозығы жеткен тұрғын үй­лерді толық жаңартуға шама­мен қанша уақыт қажет? Тұрғындар жаңа пәтерге жақын уақытта қол жеткізе ала ма? Сарапшының есебінше, қазіргі көрсеткіш сақталған жағдайда, бұл процесс бірнеше онжылдыққа созылуы мүмкін.    

– Қалада жаңартуды қажет ететін шамамен 14 450 пәтер бар. Ал 2025 жылғы көрсеткіш бойын­ша бір жылда 670 отбасы жаңа баспанаға көшкен. Осы қар­қын өзгермесе, барлық тұр­ғын үй қорын жаңғыртуға шама­мен 21-22 жыл қажет болады. Бұл мерзім реновация бағдарла­ма­сының белгіленген 2030 жыл­ға дейінгі жоспарымен сәйкес келмейді, – деп сөзін қорытын­дылады Qazaq Expert Club сарап­шы­сы Диляра Сейітнұрова.   

Десек те, бұл есептік болжам екенін ескерген жөн. Сарап­шы­ның пайымын түйіндесек, қазір­гі қарқын сақталған жағдайда барлық тұрғынның жақын арада жаңа баспанаға қол жеткізуі екі­талай. 

Алтынай БАУЫРЖАНҚЫЗЫ, Алматы қаласы

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:81
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Тамыз 2026 06:40
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see166

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see155

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see153

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see151

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see149

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see145

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see144

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see141

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see139

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see135

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see135

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see132

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see130

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see126

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see126

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see125

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see125

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see124

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see120

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

20 Қыркүйек 2026 22:22see118
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары