Трамп Кубадан төнген қауіпке байланысты АҚШ та төтенше жағдай жариялады
Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
- Құрама Штаттар президенті ретінде мен еліміздің ұлттық қауіпсіздігі мен сыртқы саясатын қорғауға міндеттімін. Мен Куба үкіметінің саясаты, тәжірибесі мен әрекеттері Құрама Штаттардың ұлттық қауіпсіздігі мен сыртқы саясатына ерекше және төтенше қауіп төндіреді деп санаймын, - делінген Ақ үйдің хабарламасында.
Мәлімдемеге сәйкес, Куба үкіметі АҚШ-қа зиян келтіретін және қауіп төндіретін ерекше әрекеттер жасады. Нақтырақ айтқанда, Гавана Құрама Штаттардың қауіпті қарсыластарын ашық түрде қабылдап және АҚШ ұлттық қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіретін күрделі әскери және барлау мекемелерін орналастырып отыр.
Бұдан басқа, АҚШ Кубаның коммунистік режимі лаңкестікті қолдап, көші-қон мен зорлық-зомбылық арқылы аймақтағы жағдайды тұрақсыздандырып отырғанын мәлімдеді.
Сондай-ақ коммунистік режим өзінің саяси қарсыластарын қудалап, азаптайтыны, кубалықтарды сөз және баспасөз бостандығынан айырғаны және басқа да адам құқықтарын бұзғаны туралы хабарланды.
Трамп елдегі ұлттық төтенше жағдайға байланысты Кубаға тікелей немесе жанама түрде мұнай сататын немесе басқа жолмен жеткізетін шетелде өндірілген тауарлар импортына тариф енгізуді қажет және орынды деп санайды.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы және ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші Марко Рубио АҚШ Венесуэламен ынтымақтастық үзілген жағдайда күш қолдануға дайын екенін мәлімдеді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:27
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қаңтар 2026 12:23 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















