Трамп ЖИ ге ресми түрде жаңа атау берді, енді бұл “суперинтеллект“
Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
АҚШ президенті Дональд Трамп федералдық атқарушы билік органдарында "жасанды интеллект" (AI) терминін "суперинтеллект" (SI) деп өзгерту туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Tengri Life.
Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз қызметі хабарлады.
"Жарлық барлық атқарушы билік ведомстволары мен агенттіктеріне ресми хат-хабарларда, қоғамдық коммуникацияларда, бағдарламалық құжаттарда және заң күші жоқ құжаттарда "суперинтеллект" пен SI терминдерін қолдануды, сондай-ақ бұдан былай "жасанды интеллект" және AI терминдерін пайдаланбауды міндеттейді", - делінген хабарламада.
Президенттің ғылым және технологиялар жөніндегі көмекшісіне "суперинтеллект" (SI) терминінің ресми анықтамасын дайындау тапсырылды. Сондай-ақ ол бұл терминді федералдық ведомстволардың жұмысына енгізу үшін қандай қосымша шаралар қажет екенін айқындауы тиіс.
Ақ үй АҚШ-тың жасанды интеллект отаны екенін және 70 жылдан астам уақыт бойы оны әзірлеу мен енгізуде әлемде көш бастап, осы технологиялық саланы дамытуды жалғастырып келе жатқанын атап өтті.
"Суперинтеллект" атауы бүгінгі таңда әзірленіп жатқан технологиялардың шынайы мүмкіндіктерін көрсетеді. Бұл "жасанды интеллект" термині меңзейтіндей адам интеллектін жай ғана имитациялау немесе автоматтандыру емес, адам шығармашылығының жаңа формаларын ашып, америкалықтарға бұрын мүмкін болмаған белестерді бағындыруға жол ашады", - деп көрсетілген хабарламада.
Ақ үйдің пайымдауынша, "суперинтеллект" терминін қолдану ведомстволар мен агенттіктерге осы технологиялардың мүмкіндіктері мен қолдану аясын кеңейтуге, экономиканы нығайтуға және америкалықтардың өмірін жақсартуға назар аударуға мүмкіндік береді.
Ресми. pic.twitter.com/BoTuIhxbTg
— Ақ үй (@WhiteHouse) 29 қыркүйек, 2026 жыл
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:150
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қыркүйек 2026 08:40 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















