Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Тропикалық өсімдіктер жайқалған бақ

Тропикалық өсімдіктер жайқалған бақ

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Ақтаулық фермер өз саябағында банан, мандарин, апельсин өсіріп отыр. Бамбукті де жерсіндірген. Қала іргесіндегі шағын бақ оқушылар мен туристерге агротуризм жобасы ретінде танымал. Өңірге саяхаттап келушілерден бөлек жергілікті тұрғындар да шөлейтті жерде өспейтін жасыл желектің түр-түрімен танысып, оларды егу тәсілдерін үйреніп жатыр.  

Талғат Исламұлы, тілші:

- Бұл жерде бұрын қоқыс полигоны болған. Фермер аумағы 3 гектар жерді 10 жыл бойы өңдеп, баққа айналдырды. Қазір мұнда алыс және жақын шетелден әкелінген 30-дан астам өсімдік түрі жайқалып тұр.

Мәуелеген бақ, тауыс пен тотықұстың үні, бамбук ағаштарына байланған гамак. Саябаққа кірген адам құдды бір тропикалық арал немесе елге барғандай әсерде қалады. Алып жылыжай кешені Приморский елдімекенінде орналасқан. Мұнда жыл сайын жүздеген турист келеді. Алуан түрлі гүл мен цитрус жемістерін ыдыста өсіру жолымен танысады.

Станислав Ли саналы ғұмырын фермерлік салаға арнаған. Бастапқы кезде ландшафты дизаймен айналысса, соңғы жылдары агротуризм жобасын қолға алған. Саябақтағы әр өсімдікті күнұзақ күтіп-баптайды. Тропикалық өсімдік дәндерін Иран мен Түркиядан әкелген. Өңірде баламасы жоқ саябақта мыңға жуық жасыл желек жайқалып тұр.

Станислав Ли, фермер:

- Бұл жобаны жастардың фермерлік салаға қызығушылығын ояту үшін қолға алдым. Бастапқыда қияр-қызанақ ектім. Жылдар өте келе тропикалық өсімдіктерді өсіре бастадым. Агробизнес дегеніміз осы емес пе. Баптап, күте білсеңіз барлық түрін егуге болады.

Фермер жылыжайға өз күшімен жылыту жүйесін орнатқан. Ауа баптағыш құралдары бақ ішіндегі қалыпты температураны ұстап тұрады. Жас көшеттер  арнайы биоқоспа аралас топырақтағы ыдыста өсіп жетіледі. Сабағы шыққан соң саябақ аумағына егіледі. 

Тазагүл Сархатова, бағбан:

- Маңғыстауға өспейді дегенге өз басым сенбеймін. Озеленениеде жұмыс жасап жатқаныма 21 жыл болды. 11 жыл қалағы көгалдандыруда жұмыс жасадым өзім. Содан көріп келе жатырмын. Мәселен, банандарды әкелді. Көп адам айтты өспейді мынау деп. Осы қаланың талай жеріне барып, өзімнің қолымен егіп те бердім. Шығып тұр бәрі.

Раиса Маденова, қала тұрғыны:

- Ақтауда мұндай бақты алғаш рет көрдім. Апельсин, мандарин, зәйтүн ағаштарын көріп таң қалдық. Еңбекқор адам қолға алса, бітпейтін шаруа жоқ. Өңірде осындай ерекше жобалар көп болсын. 

Саябақта Қазақстанда кездеспейтін аң-құстың бірнеше түрі бағылады. Фермер осы жерде шағын кинозал жасап, оқушыларға биология пәнінен танымдық сабақ өткізуді мақсат еткен. Мультфильм, деректі фильмдерді көрсету арқылы жас буынды қоршаған ортаны аялауға үндегісі келеді. 

Авторлары: Талғат Исламұлы, Саламат Бекбаев

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:189
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Қазан 2025 11:06
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see169

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see164

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see160

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see160

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see144

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see131

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see125

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see125

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see124

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see121

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see119

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see118

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see114

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see110

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see109

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see107

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see106

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары