Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

TШO ның бұрынғы қызметкерлері миллиондаған долларлық тендерлерде заңсыздықтар болғанын мәлімдеді

TШO ның бұрынғы қызметкерлері миллиондаған долларлық тендерлерде заңсыздықтар болғанын мәлімдеді

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Джон Ригби және Ибрагим Акдрашев / АЖ коллажы

Теңіз кен орнын игеретін ТШО компаниясында сатып алу саласында заңбұзушылықтар туралы хабарланды: бұрынғы қызметкерлер менеджерлерді тендерлерді өз мүдделеріне қарай бұрмалады деп айыптады.

Америкалық Chevron корпорациясы басқаратын Теңізшевройл компаниясының бұрынғы қызметкерлері жабдықтау бөлімінде сатып алу саласындағы жүйелі заңбұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлық схемалары жөнінде айтты. Бұл туралы Newsbreak басылымы хабарлайды.

Ақпарат көздеріне сүйенсек, соңғы екі жыл ішінде ТШО-ның келісімшарттар департаментінде тендерлерді бұрмалау, фаворитизм және басшылық тарапынан қызметкерлерге қысым көрсету жағдайлары болған. Айыптаудың негізгі нысанында – стратегиялық сатып алу орталық тобының басшысы Джон Ригби. Ол қазақстандық кәсіпкер Ибрагим Акдрашев пен оның Karat LLP және NSS Group компанияларының мүддесін лобби жасады деп көрсетілген.

Ақпарат көздері атап өткендей, ТШО қызметкерлерінің тұруын қамтамасыз етуге арналған RFX6134801 тендері негізгі мысалдардың бірі болып табылады. Karat LLP техникалық талаптарға сай келмегеніне және қатысушылар арасында үшінші орында тұрғанына қарамастан, дәл осы компанияға артықшылық берілген деп хабарланады.

Ақпарат көздеріне сүйенсек, Ригби техникалық бағалау деректерін өзгертуге тапсырма берген, сол арқылы Акдрашевтің компаниясы коммерциялық кезеңге өтуіне мүмкіндік алған. Кейін оған 1,38 миллиард теңге шамасында (шамамен 2,6 миллион доллар) «мобилизациялық шығындарға» алдын ала төлем жасалған. Бұрынғы қызметкерлердің айтуынша, сол соманың 1 миллион доллары Ригбиге «көмегі үшін алғыс» ретінде берілмек болған, және ол ақша Қазақстаннан тысқары аударылуы тиіс болған.

Егер бұл ақпарат расталса, онда бұл АҚШ-тың шетелдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы (FCPA) заңы бойынша тергеу жүргізуге негіз бола алады. Бұл заң американдық компанияларға шетелдік лауазымды тұлғаларға немесе серіктестерге пара беруге тыйым салады.

Қорқыту, қысым көрсету және ізді жасыру 

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, Акдрашев ТШО қызметкерлерімен болған әңгімелерді жазып алған және осы жазбаларды қысым жасау мен ақпараттың сыртқа таралуын болдырмау үшін пайдаланған. Бұл қызметтік тергеулердің жүргізілуіне кедергі жасап, қорқыныш атмосферасын туғызған.

Сондай-ақ, Ригби мен Акдрашев арасындағы қарым-қатынас шамамен он жылға созылған — Future Growth Project (FGP) жобасын жүзеге асыру кезеңінен бастау алатыны айтылады. Бұрынғы қызметкерлердің айтуынша, Ригби Акдрашевтің бизнесін бірнеше тендерде қолдап, есесіне шетелге БАӘ, Еуропа, Түркия және Тайландқа демалыс сапарлары түрінде марапат алып отырған.

АҚШ билігіне жолданған шағым

2025 жылғы ақпан айында бұрынғы қызметкерлер тобы Chevron компаниясының шұғыл желісі арқылы «Karat LLP мердігерінің заңсыз әрекеттері мен ТШО-ға қысым көрсетіліп жатқаны» туралы шағым жолдаған. Аталған құжаттар ұсынылса да, олардың айтуынша, жауап алынбаған.

Қазіргі уақытта ақпарат көздері АҚШ Әділет министрлігі мен Құнды қағаздар және биржа комиссиясын (SEC) өз тергеуін бастауға және Ригби мен Акдрашевке қатысты полиграф арқылы тексеру жүргізуге шақырып отыр.

Анықтама:

Ибрагим Акдрашев – Forbes.kz дерегінше, $184 млн капиталымен Қазақстанның ең бай 75 бизнесменінің қатарына енген. Ол «Нефтестройсервис ЛТД» ЖШС-нің иесі. Компания тобына «CIS Kashagan», «КазахНефтеГазСервис», «Kentz Kazakhstan» және «Батысстройконтракт Лтд» ЖШС-лары кіреді. 

2012 жылы Атырау облысының «Жыл кәсіпкері» атанған. 

Ал Джон Ригби жақында Атырау қаласындағы Қарттар үйінде «Теңіз Жүрегі» жобасы аясында қарттарға қазақ тілінде «Қалайсын» және «Бұл өмірде» атты әндерді орындаған еді.

Bu gönderiyi Instagram'da gör

НОВОСТИ АТЫРАУСКОЙ ОБЛАСТИ (@atyrau_today_news)'in paylaştığı bir gönderi

Бүгін, 17:46

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:206
embedДереккөз:https://azh.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Қазан 2025 17:50
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see169

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see164

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see160

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see160

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see144

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see131

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see125

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see125

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see124

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see121

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see119

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see118

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see114

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see110

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see109

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see107

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see106

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары