Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Түгел түркіге ортақ ұлыс мейрамы

Түгел түркіге ортақ ұлыс мейрамы

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Әз Наурыз – түркілердің төл мерекесі. Десе де, бұл мейрамның пайда болуын түркілерден алыстатып, тарихтағы мөлдір бұлақтай бастауларын шығыс халықтарынан немесе парсылардан іздеп, Ұлыстың ұлы күнін жат жұртқа теліп жүрген жоқпыз ба?

Сурет: qazaqtimes.com

Наурызда қасиетті Жер-ана аппақ мамық көрпесін ысырып тастап, жасыл желекті көйлегін киеді. Күннің көзі күлімдеп, ғалам мейірімді бір ананың кейпіне еніп, тіршілік атаулы жаңарып, жаңғырады. Ақ жаулықты аналарымыз қыстан қалған жылы-жұмсағын қазанға салып, наурызкөже пісіріп, мәре-сәре боламыз. Осылай төл жаңа жылымыз босағамызды аттап, адамзат атаулы шат-шадыман күйге енеді.

Қазақтың абыз ақсақалы, белгілі этно­граф-ғалым, марқұм Жағда Бабалықұлымен бірнеше мәрте кездесіп, сұхбат алған едік. Сол кезде атамыз 1970 жылдары Мәскеудегі Ленин атындағы кітапхананың архивінен ескі бір жырды кездейсоқ қолға түсіргенін, араб әрпімен жазылған сол жырда Нұх пайғамбардың кемесі күн мен түн теңескен күні Қазығұрттың басына тоқтағаны, Нұх пайғамбардың кемеге мініп аман қалған барша тіршілік иелеріне жаңа өмірдің басталуын тойлауға әмір бергені жазылғанын айтатын. Алаштың абыз ақсақалы «этнограф ғалымдар осы аңызды індете зерттеп, әлемдік өркениет үшін Наурыздың егесі қазақ екенін дәлелдеуі керек» дейтін.

Қалай десек те, Наурыз мерекесінің тарихы тым тереңде жатыр. Көне тарихи деректерге сүйенсек, Наурызды ерте заманда Таяу Шығыста өмір сүрген «халдей» деген атаумен белгілі қауым да тойлаған. Олар айдың толуына қарап, әр айдың ұзақтығын 28, 29 немесе 30 күн етіп белгілеп, тіпті кейбір жылдары уақыт айырмашылығын теңестіру үшін қосымша он үшінші айды енгізіп, күнтізбе жасағаны туралы деректер бар. Кейбір зерттеушілердің айтуынша, қазақтың халықтық күнтізбесі мен көне халдейлік уақыт есебі арасында ұқсастық көп. Өйткені сол замандардан-ақ Таяу Шығыс пен Еуразия даласын мекендеген халықтар өзара мәдени-рухани тұрғыда қарым-қатынас жасаған.

Халдейлер де күн мен түн теңелуін жаңа өмірдің, жаңа үміттің басталуы деп білген. Біздің заманымызға дейінгі VI ғасырда хал­дейлердің жерін ежелгі парсылар жаулап алып, олардың күнтізбелік жүйесін қабылдады. Осы кезеңнен бастап көктемгі жаңа жыл мерекесі парсы мәдениетіне де дендей енді. Осылай парсылардың жыл басын білдіретін «жаңа күн» ұғымы, «ноу» – жаңа, «руз» – күн деген сөздері қолданысқа еніп, «наурыз» атауы
қалыптасты. Яғни Жағда Бабалықұлының пікі­рінше, Наурызды той­лау мәдениеті парсылардан бізге емес, біз­ден оларға сіңген. Демек, түркілердің қара шаңы­рағына ие болып қалған қазақ халқы табиғат­тың жаңаруы мен тіршіліктің қайта жандануын ықылым замандардан бері тойлап келеді.

Жағда Бабалықұлы «Жұмыр жерді топан су басқанда Нұқ пайғамбардың кемесі Қазығұрттың басына кеп қайырылады, дәл сол уақыт күн мен түннің теңескен мезгілі екен» деген сөзінің растығын мына бір дерекпен дәйектейтін. Өткен ғасырдың аяғында Ресей ғалымдары «Топан су іздері» деген ғылыми зерттеу жүргізіпті. Олар Тәжікстандағы Памир тауының 3 мың метрлік биігінен тасқа айналған акуланың сүйек қаңқасын тауып, 12 644 жыл бұрын Орталық Азияны топан су басқанын анықтаған. Яғни осы мәліметке арқа сүйеп, Наурызды тойлау осыдан табаны күректей 127 ғасыр бұрын Тұран жерінен басталды деуге толық негіз бар.

Бұл аз болса, біздің заманымызға дейінгі І ғасырда сақтардың Наурызды қалай тойлағанын Квинт Курций Руф (Ескендір Зұлқарнайынның Шығыс жорығында) егжей-тегжей жазған. Сонымен қатар қытайдың ескі жазбаларында ғұндардың Тәңір құтылары күн мен түн теңелген күні таудың басына көтеріліп, енді шығып келе жатқан күнге бетін бұрып, екі қолын аспанға жайып, өзіне, еліне Тәңірден тілек тілейтіні тура­лы деректер сақталған.

Рас, қалай дегенмен Тұран мен Тұрпан, яғни түркі мен парсы халықтары мыңдаған жыл бойы бір-бірімен қарым-қатынас жасады. Осылайша, Тұран даласындағы жұрттың наным-сенімге құрылған мерекесі небір уақыттың сынынан өтіп, бірде парсыға ауысып, бірде түркіге тән болып, мыңдаған жыл бойы адамзатпен бірге жасап келеді. Тек, 1926 жылы кеңес өкіметінің «сыңар езу саясаты» Наурыз мейрамын ислам дінінің сарқыншағына балап, тойлауға басы бүтін шектеу қойды. Десек те, 1988 жылы бірқа­тар ұлт зиялыларының бастамасымен төл Жаңа жылымыз өз халқымен қауышты.

Тәңірден бұл қауышудың мәңгілік болуын тілейміз!

Соңғы жаңалықтар

Серт және дерт

Қоғам • Бүгін, 08:40

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:35

«Атырау» футбол клубы да жекешеленеді

Футбол • Бүгін, 08:30

Таза су тапшылығы қашан жойылады?

Мәселе • Бүгін, 08:25

Мәдени маусым басталды

Наурызнама • Бүгін, 08:20

Парапланды тізгіндеген

Қоғам • Бүгін, 08:15

50 балдырғанның тұсаукесері

Дәстүр • Бүгін, 08:10

Он сегіз мың бала асық ойынын дәріптеді

Дәстүр • Бүгін, 08:05

Парасат майданының сардары

Тұлға • Бүгін, 08:00

Кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінген қызметкер ауруханада қайтыс болды

Оқиға • Бүгін, 00:50

Дональд Трамп: Иранға қарсы соғыста АҚШ-қа НАТО елдерінің көмегі қажет емес

Әлем • Бүгін, 00:37

Астана – Щучинск тасжолындағы жабық дәретхана үшін филиал директоры қызметінен босатылды

Оқиға • Бүгін, 00:23

Атырау облысындағы отбасы өлімі: Күдіктіге тағы бір айып тағылды

Оқиға • Кеше

Ақтөбе облысында жол апатынан жүргізуші мен төрт жолаушы қаза тапты

Оқиға • Кеше

Grand Slam турниріне қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды

Спорт • Кеше

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:175
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Наурыз 2026 09:07
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары