Түнде тұрғын үй маңында дрифт жасаған астаналық жүргізуші қамалды
Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. Астанада қауіпті маневр жасаған жүргізуші 10 тәулікке қамалды, деп хабарлады Бас прокуратура.
Әлеуметтік желілерге мониторинг барысында тұрғын үйлердің маңында автокөліктің артқы бөлігін қасақана сырғытып, дрифт және қауіпті маневрлер жасап, айналасындағыларға қауіп төндірген "Mercedes-Benz" автокөлігінің жүргізушісі анықталды.
Аталған әрекеттер қоғамдық тәртіпті қасақана бұзу ретінде сараланып, жүргізушіге қатысты әкімшілік іс қозғалды.
"Құқық бұзушылықтың сипаты мен оның қоғамдық қауіптілігін ескере отырып, сот жүргізушіні 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу туралы шешім қабылдады", - деп жазылған хабарламада.
Елорда прокуратурасы жүргізушілерді жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға және басқа азаматтардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:124
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Қазан 2026 15:09 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















