Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Түркістан экономикалық ынтымақтастықтың алтын көпірі

Түркістан экономикалық ынтымақтастықтың алтын көпірі

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып келе жатқан көпвекторлы және прагматикалық сыртқы саясат еліміздің халықаралық аренадағы беделін арттырып қана қоймай, Орталық Азиядағы өзара тиімді ынтымақтастықтың жаңа моделін қалыптастыруға жол ашып отыр.

Осы тұрғыдан алғанда Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық әріптестік – Орталық Азиядағы тату көршілік пен өзара тиімді ынтымақтас­тықтың жарқын үлгісі.

Ақтау қаласында өткен Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Респуб­ликасы Өңірлер басшылары кеңесінің бірінші отырысы және «Қазақстан – Өзбек­стан: бірлескен жобалар және өсудің жаңа мүмкіндіктері» тақырыбындағы бизнес-диалог екі ел арасындағы қарым-қатынастың жаңа сапалық деңгейге көтерілгенін көрсетті. Маңызды жиынға Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов, Өзбекстан Республикасының Премьер-министрі Абдулла Арипов, екі елдің мемлекеттік органдары, өңірлері мен бизнес қауым­дастығының өкілдері қатысты.

Өңірлер басшылары кеңесінің алғашқы отырысында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастық мемлекет­тер басшылары айқындаған стратегиялық бағыттың нақты нәтижесіне айналып отырғанын атап өтті.

Түркістан облысы мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық қатынас­тар да жыл санап кеңейіп келеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша өңір мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 511 млн АҚШ долларынан асты. Бұл көр­сеткіш өткен жылмен салыстырғанда 109 пайызға өскен. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің айтуынша, негізгі мақсат – сауда көлемін арттырумен қатар, бірлескен өндірістердің санын көбейтіп, жоғары қосылған құны бар өнім шығаруға көшу.

Қазір «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы аумағында жалпы құны 234 млн АҚШ долларын құрайтын алты инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Бұл жобалар жаңа өндірістерді іске қосып, жұмыс орындарын ашуға және екі ел арасындағы өндірістік байланыстарды нығайтуға мүм­кіндік береді.

Сонымен қатар Түркістан облысында өзбек капиталының қатысуымен жалпы құны 73 млн АҚШ долларын құрайтын тамшылатып суару жүйелерін өндіру, ет кластерін құру, балық шаруашылығын дамыту, туристік инфрақұрылымды жетілдіру және металл өңдеу салаларындағы жобалар жүзеге асырылып жатыр.

Ақтауда өткен бизнес-диалогтың Түркістан облысы үшін де маңызы зор болды. Іс-шара қорытындысында Түркістан облысы әкімдігі мен өзбекстандық серіктестер арасында жалпы құны 78 млн АҚШ долларын құрайтын инвестициялық меморандумдарға қол қойылды. Келісімдер аясында металл өңдеу зауытын салу, күнбағыс майын өндіру, жүгеріні терең өңдеу, ет өңдеу кешенінің өнімдерін халықаралық нарыққа шығару және заманауи балық шаруашылығы кешенін құру жобалары көзделген.

Атап айтқанда, құны 47 млн АҚШ долларын құрайтын жоба аясында профлист, металл құбырлары, сэндвич-панельдер және жеңіл болаттан жасалған жұқа қабырғалы конструкциялар өндіретін кәсіпорын салынбақ. 2 млн АҚШ долларын құрайтын жоба бойынша күнбағыс майын өндіретін зауыт іске қосылады. 5 млн АҚШ долларына бағаланған жоба жүгеріні терең өңдеу өнімдерін өндіруге және экспорттауға бағытталса, 12 млн АҚШ долларын құрайтын жоба аясында ет өңдеу кешенінің өнімдерін халықаралық нарыққа шығару жоспарланған. Сондай-ақ 12 млн АҚШ долларына тұқым өсіруге арналған заманауи балық шаруашылығы кешенін құру жөнінде келісім жасалды.

Бұл жобалардың барлығы бір ғана экономикалық көрсеткіштермен өлшен­бейді. Олар жаңа жұмыс орындарын ашуға, өндірістік кооперацияны кеңейтуге, экспорттық әлеуетті арттыруға және Қа­зақ­стан мен Өзбекстан арасындағы өзара тәуелділікті экономикалық тұрғыдан нығайтуға мүмкіндік береді.

Түркістан облысының экономикалық дамуында да бұл бағыт айқын байқалады. Өңір шикізатты сыртқа шығаруға негізделген модельден оны терең өңдеп, жоғары қосылған құны бар дайын өнім өндіруге бағытталған индустриялық экономикаға кезең-кезеңімен көшіп келеді. Мақта-тоқыма, ет және жүгері кластерлерінің қалыптасуы – осы саясат­тың нақты нәтижесі. Өңірге өткен жылы 4 млрд АҚШ доллары көлемінде инвес­тиция тартылып, оның жартысына жуығы шетелдік инвестициялардың үлесіне тиесілі болды. Бұл көрсеткіштер Қазақ­станның инвестициялық тартымдылығын ғана емес, елдің халықаралық серіктес­терімен өзара тиімді экономикалық байла­ныстарды дамытуға деген ұстанымы­ның тұрақтылығын да көрсетеді.

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастықтың тағы бір маңызды бағыты – су ресурстарын тиімді пайдалану. Орталық Азия үшін су мәселесі тек эконо­микалық немесе экологиялық мәселе емес, өңірлік қауіпсіздік пен тұрақты дамудың стратегиялық факторы болып саналады. Сондықтан мемлекеттер ара­сын­дағы ашық диалог пен өзара келісімге негізделген су дипломатиясының маңызы жыл сайын артып келеді. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстанның су үнемдеу техно­логияларын енгізуге басымдық беруі – ұзақмерзімді тұрақты даму саясатының бір бөлігі.

Түркістан облысында бүгінде су үнемдеу технологиялары 164 мың гектар алқапқа енгізілген. Оның 37 мың гектары биыл іске асырылған. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті тағы 13 мың гектарға ұлғайту жоспарланып отыр. Бұл жұмыстар ауыл шаруашылығының тиімділігін арттырып қана қоймай, трансшекаралық су ресурстарын ұтымды пайдалану жөніндегі өңірлік ынтымақтастыққа да өз үлесін қосады.

Қазақстанның халықаралық бастама­ларының өзегінде бейбітшілік, өзара сенім және тұрақты даму идеясы жатыр. Ел­дің БҰҰ аясындағы бітімгершілік қызметі, ядролық қарусыздану бастама­лары, халықаралық және өңірлік ұйым­дардағы белсенді дипломатиялық ұстанымы Қазақстанның жаһандық және аймақтық деңгейдегі жауапты мемлекет ретіндегі беделін нығайтып келеді.

Бүгінде Қазақстан өзінің сыртқы саяси басымдықтарын бейбіт дипломатия, тату көршілік және өзара тиімді эконо­микалық серіктестік қағидаттарымен сабақ­тастыра отырып жүзеге асыруда. Бұл – Қазақстанның халықаралық және өңірлік деңгейдегі бастамаларының нақты іспен ұштасып, елдің сыртқы саясатының басты мақсаты бейбітшілік пен тұрақ­тылықты сақтай отырып, халықтың әл-­ауқатын арттыруға бағытталғанының айқын дәлелі.

Назгүл НАЗАРБЕК,

Түркістан облысы

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:167
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Тамыз 2026 04:53
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары