Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Менің жүрегім ондайға дауаламады... : Өмірқұл Айниязов екінші әйел алуға қатысты ойын айтты (видео)

Астанада полицейлер алтын әшекейлер ұрлаған күдіктіні қолға түсірді

Дәрігерлер отадан кейін қазақстандықтың денесінде зат қалдырып кеткен

Велоспорттан әлем чемпионаты: Алматыда көлік қозғалысына өзгерістер енгізіледі

Баланы 1 сыныпқа психологиялық тұрғыда қалай дайындау керек

Жастардың 80% ға жуығы баланы дүниеге әкелуді алдын ала жоспарлау қажет деп санайды

Бір аптада елде қандай азық түлік арзандады

Бүгін Жауынгерлік даярлық маманы күні

Пәкістан премьер министрі Шахбаз Шариф Астанаға мемлекеттік сапармен келеді

Энергетика министрлігі Қазақстанда жаппай жарықтың өшуіне байланысты мәлімдеме жасады

Теледебаттар миллиондаған аудиторияның назарын аударды саясаттанушы

Мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылау: не өзгерді

Елена Рыбакина Торонто турнирінің финалына шықты

Спорт күні қарсаңында спорт қауымдастығының өкілдері марапатталды

Қазақстанда бензин бағасы қалай қалыптасады және оған мұнай құны әсер ете ме?

Түркістан облысында жасырын босанып, жаңа туған шақалақты шұңқырға тастаған бойжеткен сотталды

ШҚО да түрмедегі досын туған күнімен ерекше құттықтамақ болған азаматтың басы бәлеге қалды

44 градус ыстық болады: төтенше жағдай қызметі ескерту жасады

Ағайынды Оралбай мен Назым Қызайбайға медаль табысталды

“Қайда тап болдым?“ Қазақстандағы дәрігер интерндер және олардың даярлығы туралы

Ұлт жадының алтын көпірі

Ұлт жадының алтын көпірі

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Бұл атаулы күн 1977 жылы Мәс­кеуде өткен Халықаралық му­зейлер кеңесінің (ICOM) XI Бас конференциясында бекітіліп, 1978 жылдан бастап кәсіби мереке ретінде аталып келеді. Ал бүгінде бұл күн тек музей қызметкер­ле­рінің мерекесі ғана емес, мәдени мұраны ұлықтайтын, тарих пен тағылымды тоғыстыратын ма­ңызды датаға айналды. Әлем ел­дерінде осы күні ұйымдастыры­латын «Музей түні» акциясы да музейлердің қоғам өмі­ріндегі орнын айқындай түседі. Айтулы шара ал­ғаш рет 1997 жылы Бер­линде өткен еді.

Қазақстанда да му­зей мәдениетіне деген қызығушылық жыл са­йын артып келеді. Елі­міз­дегі музей ісінің та­рихы тереңде жатыр. Ел аумағындағы алғашқы музейлердің бірі 1831 жылы Орынбордағы Неплюев әскери училищесі жанынан ашылған. Онда жергілікті халықтың тарихы мен этнографиясына қатысты мұралар жинақталған. Содан бері музейлер ұлттың рухани жадын сақтайтын маңызды мәдени ор­талыққа айналды. Мәдениет са­ла­сындағы жаңғырту жұмыстары, экспозициялардың жаңаруы және интерактивті жобалардың көбеюі музейлерді көпшілікке жақындата түсті. Мәселен, жыл басында ал­ғаш­қы үш айда еліміздің музей­леріне 822 мыңнан астам адам барыпты, 1 219 көрме ұйымдас­ты­рылып, жаңа экспозициялар мен тақырыптық залдар ашылды. Сонымен қатар 4 200-ден астам мәдени-ағартушылық іс-шара өткізілген. Оның ішінде дәрістер, танымдық экскурсиялар, білім беру бағдарламалары мен ин­те­р­активті жобалар бар. Әсіресе, жас­тар аудиториясын тартуға ба­ғытталған заманауи формат­­тар­­дың көбейгені байқалады. Бұл – қоғамның тарихи санаға, ұлттық құндылықтарға деген қызығу­шылығы күшейіп келе жатқанын аңғартатын көрсеткіш.

Қазір республика бо­йынша 285 музей жұмыс істейді. Олардың қатарында 5 республи­калық музей, 12 музей-қорық, 15 өңірлік тарихи-өлкетану музейі, 71 мемориалдық және 16 көр­кемөнер музейі бар. Бұдан бөлек, қалалық, аудандық және ауылдық музейлер де ел тарихын, жергілікті мәдениетті насихаттауда маңызды рөл атқарып келеді. Кейінгі жылдары музейлердің қызметі дәстүрлі жәдігер сақтаумен ғана шектелмей, ағартушылық бағытта да қарқын ала түсті. Әбілхан Қастеев атындағы өнер мұражайы ғылыми жұмыстар жөніндегі орын­басары Светлана Кобжа­нованың айтуынша, көпшілік музейді тыныштық пен қатаң ережелер орнаған кеңістік ретінде қабылдайды. Кейбір адамдар үшін ол тек әдемі суретке түсетін орын ретінде саналады. Алайда қырық жылдан астам уақыт бойы Қазақстан өнерін зерттеп келе жатқан кейіпкеріміз музейдің табиғаты мүлде тереңде жатқанын айтады. Одан бөлек, музей қызметкерлерінің басты міндеті жәдігерді сақтау ғана емес, оның маңызын келер ұрпаққа жеткізу екенін алға тартты.

«Музей – естеліктер сақта­лып қана қоймай, уақыт өте жаңа мағынаға ие болатын тірі кеңістік. Ал музейтанушының жұмысы тек жәдігер сақтаумен шектелмейді. Кей жағдайда маман ғалым секілді архив ақтарып, тарихи деректерді зерттейді, ал кейде детектив сияқты көмескі қалған оқиғалардың ізін іздеуге мәжбүр болады. Сон­­­­­­дық­тан музейтанушыны өткен мен болашақтың арасын жалғайтын дәнекер ретінде сипаттасақ болады. Музейдегі әрбір экспонаттың артында тұтас бір дәуірдің ізі, белгілі бір адам­­­ның тағдыры жатады. Мұра – иелік ету емес, бұл – үлкен жа­уапкершілік», – деді Светлана Кобжанова. 

Қазақстан музейлері халық­аралық мәдени байланыстарды дамытуға да басымдық беріп отыр. Биылғы алғашқы тоқсанда республикалық және халықара­лық деңгейде 28 ірі жоба жүзеге асырылды. Ел тарихы мен мәде­ниетін танытатын көшпелі және тақырыптық көрмелер ұйымдас­тырылып, отандық музейлер 26 халықаралық көрме, фестиваль және форумдарға қатысты. Бұл өз кезегінде шетелдік әріптестермен ынтымақтастықты нығайтып, жаңа мәдени жобалардың жүзеге асуына жол ашуда.

Қазақстан музейлерінің қо­рында бүгінде 4,5 миллионнан астам жәдігер сақтаулы. Бұл – ұлт тарихының бірнеше ғасырлық шежіресін бойына жинаған баға жетпес қазына. Сол құнды мұра­лардың қатарында әлем ғылымы мен археологиясының назарын аударған бірегей артефактар да бар. Олардың ішінде Есік қор­ғанынан табылған әйгілі «Алтын адам», Аралтөбе сармат жауын­гері, Шілікті мен Байгетөбе қор­ғандарынан шыққан «Алтын адамдар», Талды кешенінің та­рихи ескерткіштері айрықша орын алады. Сондай-ақ «Таксай ханшайымы», «Ұржар абыз әйелі», Елеке сазы қорғанынан табылған алтын киімді жауынгер де қазақ даласының көне өрке­ниетін әлемге танытқан тарихи жаңалықтардың қатарына енді. Бұл жәдігерлер Ұлы дала мәде­ниетінің тереңдігін дәлелдеп қана қоймай, Қазақстан музейлерінің ғылыми әлеуетін де айқындай түседі. 

Бүгінде музей мамандарының біліктілігін арттыруға да ерекше көңіл бөлінуде. Соңғы үш жыл ішінде жүзден астам қызметкер шетелдік тағылымдамалардан өтіп, халықаралық тәжірибе ал­масу бағдарламаларына қатысқан. Бұл – отандық музей ісін заманауи талаптарға бейімдеп, ғылыми-зерттеу және экспозициялық жұ­мыстардың сапасын арттыруға мүм­кіндік беріп отыр. Музей са­ласының дамуы кәсіби мамандар даярлау ісімен де тығыз байла­нысты. Қазір елімізде мәдениет саласына кадр дайындайтын 10 жоғары оқу орны жұмыс істейді. Онда 10 мыңнан астам студент білім алып, 4 мыңнан аса педагог еңбек етеді. Ал музей саласының өзінде 4 мыңға жуық маман қыз­мет атқарады. Олардың арасында ғылым докторлары мен канди­даттары, магистр дәрежесіне ие кәсіби зерттеушілер бар.

Қазақ руханиятының көрнекті қайраткері Міржақып Дулатұлы: «Бір халық өзінің тарихын біл­месе, бір ел өзінің тарихын жо­ғалт­са, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады» деген еді. Расында, өткеннің ізі сақталған жер – музей. Онда ха­лықтың тарихы, өнері, тағдыры мен рухы сақталады. Сондықтан музейлер тек жәдігер қоятын орын емес, қоғамның мәдени дең­гейін көтеретін, ұлттық са­наны қалыптастыратын маңызды кеңістік саналады. 

Қазір музейлердің ал­дында жаңа талаптар пайда болды. Бү­гінгі көрермен, әсіресе жастар, тек жәдігерді тамашалап қана қоймай, ерекше әсер алғысы ке­леді. Сондықтан әлемдегі көпте­ген музей дәстүрлі форматтан біртіндеп алыстап, заманауи тех­но­логия мен интерактивті тә­сілдерге бет бұрып жатыр. Өйткені жастар үшін музей – тек өткеннің қоймасы емес, эмоция сыйлай­тын, ойландыратын, таңғалды­ратын мәдени кеңістік болуы керек. Сондықтан бүгінгі музейдің басты ерекшелігі – келушімен тіл табыса білуінде. Заманауи музей­лер интерактивті технология, мультимедиалық шешімдер, цифр­лық инсталляциялар мен ерекше экспозициялық әдістер арқылы көрерменге тарихты жа­­ңаша сезіндіруге ұмтылып келеді.

Сымбат БЕГІМБАЙ

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:98
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Мамыр 2026 10:05
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Менің жүрегім ондайға дауаламады... : Өмірқұл Айниязов екінші әйел алуға қатысты ойын айтты (видео)

13 Тамыз 2026 22:53see149

Астанада полицейлер алтын әшекейлер ұрлаған күдіктіні қолға түсірді

13 Тамыз 2026 10:13see118

Дәрігерлер отадан кейін қазақстандықтың денесінде зат қалдырып кеткен

13 Тамыз 2026 10:29see118

Велоспорттан әлем чемпионаты: Алматыда көлік қозғалысына өзгерістер енгізіледі

13 Тамыз 2026 22:24see117

Баланы 1 сыныпқа психологиялық тұрғыда қалай дайындау керек

13 Тамыз 2026 13:44see117

Жастардың 80% ға жуығы баланы дүниеге әкелуді алдын ала жоспарлау қажет деп санайды

13 Тамыз 2026 17:41see116

Бір аптада елде қандай азық түлік арзандады

14 Тамыз 2026 21:25see115

Бүгін Жауынгерлік даярлық маманы күні

14 Тамыз 2026 11:36see115

Пәкістан премьер министрі Шахбаз Шариф Астанаға мемлекеттік сапармен келеді

14 Тамыз 2026 10:09see115

Энергетика министрлігі Қазақстанда жаппай жарықтың өшуіне байланысты мәлімдеме жасады

14 Тамыз 2026 17:56see115

Теледебаттар миллиондаған аудиторияның назарын аударды саясаттанушы

13 Тамыз 2026 13:12see114

Мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылау: не өзгерді

14 Тамыз 2026 09:15see113

Елена Рыбакина Торонто турнирінің финалына шықты

13 Тамыз 2026 23:17see113

Спорт күні қарсаңында спорт қауымдастығының өкілдері марапатталды

14 Тамыз 2026 20:05see112

Қазақстанда бензин бағасы қалай қалыптасады және оған мұнай құны әсер ете ме?

14 Тамыз 2026 08:38see112

Түркістан облысында жасырын босанып, жаңа туған шақалақты шұңқырға тастаған бойжеткен сотталды

14 Тамыз 2026 19:37see111

ШҚО да түрмедегі досын туған күнімен ерекше құттықтамақ болған азаматтың басы бәлеге қалды

13 Тамыз 2026 19:19see111

44 градус ыстық болады: төтенше жағдай қызметі ескерту жасады

14 Тамыз 2026 10:09see110

Ағайынды Оралбай мен Назым Қызайбайға медаль табысталды

14 Тамыз 2026 19:17see110

“Қайда тап болдым?“ Қазақстандағы дәрігер интерндер және олардың даярлығы туралы

13 Тамыз 2026 11:25see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары