Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тынысы тарылған Әйтей: Қоқыс полигонының мәселесі қашан шешіледі?

Тынысы тарылған Әйтей: Қоқыс полигонының мәселесі қашан шешіледі?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Асқақ Алатаудың етегінде, ірі мегаполиспен іргелес жатқан Әйтей ауылындағы қоқыс полигонына қырық жылдан асқан. Уақытша шешім ретінде ашылған нысан бүгінде тұтас өңірдің экологиялық дертіне айналды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тұрғындардың таусылған төзімі

Әйтей ауылдық округінің құра­мына бес ауыл, екі саяжай және бір шағын аудан кіреді. Мұнда 19,5 мыңнан аса адам тұрады. Алайда тұрғындардың тынысын тарылтып тұрған басты мәселе – ауыл іргесіндегі алып қоқыс тауы. Жыл он екі ай бойы мүңкіген сасық иіс халықтың тұрмысын әбден титықтатқан.

Әсіресе жел тұрып, жаңбыр жауған күндері қолқаны қабатын иіс күшейіп, жұрт есік-терезесін тарс жауып отыруға мәжбүр. Тұрғындар бұл мәселені талай жылдан бері көтеріп келеді. Алай­да нәтиже мардымсыз. Полигон ұлғайған сайын халықтың алаң­даушылығы да күшейіп барады.

Ауыл адамдары енді тек жағым­сыз иістен емес, денсаулыққа төн­ген қауіптен қорқады. Өйткені қоқыс үйіндісінен тарайтын түтін мен улы қалдықтардың ауаға әсері туралы нақты ақпарат жоқ.
Әйтей ауылдық округінің әкімі Жарқын Қатубаевтың айтуынша, полигон мәселесіне байланысты әкімдік бірнеше мәрте облыстық экология басқармасына хат жолдап, тексерулер жүргізілген. Алай­да ауыл тұрғындары қағаз жүзін­дегі тексеруден гөрі нақты шешім күтеді.

Қағазда – «қанттай», көшеде – қоқыс: Үндеуге үн қоспаған Үржар

Мәселенің мәнісін білмекке Әйтейдің іргесіндегі әйгілі по­ли­гон­ға арнайы бардық. «KAZ Waste Conversion» ЖШС-ның директоры Нұрлан Иманбеков қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында атқарылатын жұмыс туралы тарқатып айтып берді.

«Бұл – еліміз көлеміндегі ең үлкен полигон. Компания 1989 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Қатты тұрмыстық қалдықтарды қабылдап, сұрыптаумен айналысамыз. Алматы қаласы мен Қарасай ауданынан тәулігіне шамамен 2 мың тоннаға жуық тұрмыстық қалдық қабылданады. Оның көлемі жылдан-жылға өсіп барады. Мысалы, 2019–2020 жылдары тәулігіне мың тонна келетін болса, былтырдан бері 2 мыңнан асты. Яғни екі еселенді. Жылдық көлемі – шамамен 600 мың тонна. Қоқыстың 90%-ы Алматы қаласынан сұрыпталып келетін тұр­мыстық қатты қалдықтар. Ала­тау ауданында қоқыс сұрып­тай­тын зауыт бар. Қоқыс алдымен сол мекемеде сұрыпталып, қалдығы осы полигонда көміледі. Облыстан сұрыпталмай келетін 20-25% қоқысты осында арнайы келісімшартпен жұмыс істейтін компания жұмысшылары қолмен атқарады. Себебі экологиялық талапқа сәйкес тұрмыстық қатты қал­дықтар сұрыпталмай жіберіл­мей­ді. Полигонда шынжыр табанды ауыр тракторлар, тиегіштер тәулік бойы ауысыммен жұмыс істейді. Бүгінде компанияда 40-тан астам адам еңбек етеді. Полигондағы жұмысқа арнайы 20-ға жуық техника жұмылдырылған», деген Н.Иманбеков осыған дейін туындаған жол, жарық мәселелері шешім тапқанын атап өтті.

«Түйінді мәселені толыққанды шешуге мемлекет тарапынан субсидия бөлінсе жөн болар еді» деген ойын да ортаға салды. Өткен жылы аудан бюджетіне 250 млн теңге салық төленгенін, кейінгі он жылдықта тариф бағасы да екі еселеніп өскенін алға тартты. Келешекте сұрыпталған плас­ти­ка­лық бөтелкелерді, шыны, темір, қағаз өңдейтін, жалпы құны 10 млрд 500 мың теңге болатын «Жаңғыру плас» зауытын дамыту жоспарланып отыр.

Алматы облысындағы танымал туристік бағыттар қоқыстан тазартылды

Жалпы аумағы 209 гектар болатын полигонның 12 уческесінің бүгінде үшеуі жұмыс істеп тұр, қалған тоғызына рекультивация жасалып жатыр. Полигонға күн сайын қоқыс тасымалдайтын 300-ге жуық көлік кіреді. Қоқысты төккен соң көлікті жуып-шаятын арнайы орын жасақталған.

«Полигонның 1 жарым шақы­рым­дық санитарлық қорғау ай­мағы бар. Осыдан 10 жыл бұрын бекітілген аймаққа жақын маңда үйлер, зауыттар болмаған еді. Маусым сайын су, ауа, топырақ беті арнайы зертханада тексеріліп тұрады», дейді Н.Иманбеков.

Мамандар не дейді?

Алматы облысы Экология департаментінің мем­ле­кеттік экологиялық бөлі­мінің бас маманы Айдар Құттыбай бұл мәселеге қатысты төмендегідей түсінік берді.

«KAZ Waste Conversion» ЖШС-ның қатты тұрмыстық қал­дық­тар полигонында жүргізіл­ген жоспардан тыс тексеру нәтижелері еліміздегі қалдықтарды басқару жүйе­сінің нақты жағдайын жан-жақты көрсетіп отыр. Поли­гон санитарлық талаптарға сәйкес қа­уіптіліктің І класына жат­қы­зылып, санитарлық-қорғау аймағы 1000 метрді құрайды. Соны­мен қатар Экологиялық кодекске сәйкес, нысан І санаттағы объектілер қатарына кіреді. Бұл оның қоршаған ортаға ықпалы жо­ғары стратегиялық нысан еке­нін білдіреді.

Полигонның инфрақұрылымы жеткілікті деңгейде қалыптасқан. Мұнда әкімшілік-тұрмыстық кор­­пус, бақылау-өткізу пункті, таразы жүйесі, арнайы техни­каға арналған алаңдар, гидро­тех­никалық құрылыстар мен су жинақтаушы тоғандар қарас­ты­рыл­ған. Үздіксіз жұмыс істейтін полигонда қызмет екі ауысымда ұйымдастырылған, персонал саны шамамен – 42 адам.

Қалдықтарды қабылдау үде­рісі белгілі бір тәртіпке негіз­делген. Барлық арнайы көліктер мін­детті түрде таразыдан өткі­зіліп, есепке алынады. Жыл сайын шамамен 46 мың рейс тасымалданады. Полигонға тәулігіне 1 100-ден 1 800 тоннаға дейін қалдық қабылданады. Қалдықтар қабылданғаннан кейін оларды орналастыру, тығыздау, оқшаулау жұ­мыстары жүргізіледі. Соны­мен қатар кәсіпорында өндіріс­тік экологиялық бақылау бағ­дар­ламасы бекітіліп, тиісті есеп­­тіліктер уақтылы тапсыры­лып отырады. Алайда, тексеру нәтижелері көрсеткендей, жүйе­нің ұйымдастырылуына қара­мастан, бірқатар маңызды экологиялық мәселе сақталып отыр. Әсіресе қалдық көлемінің жыл сайын артуы алаңдатарлық жағдайға жеткен. Айталық, Алматы қаласынан полигонға түсе­тін қалдық көлемі жыл сайын орта есеппен 50 мың тоннаға өсіп отыр. Бұл өз кезегінде по­лигонға түсетін жүктемені арт­­тырып, экологиялық тәуе­кел­ді күшейтеді. Осыған орай қал­дық­тарды басқарудың дәс­түрлі тәсілдерін қайта қарау қа­жет. Қазіргі талаптарға сай жүйе тек жинау, көмуге емес, қалдықтарды сұрыптау, қайта өңдеу, азайту қағидаттарына негізделуге тиіс. Болмаса мұндай ірі полигондардың болашақта экологиялық тұрғыдан тұрақсыз нысанға айналу қаупі бар.

Алматы облысында қоқыс полигонынан өрт шықты

Бір сөзбен айтқанда, «KAZ Waste Conversion» ЖШС полигоны – инфрақұрылымы қалып­тасқанымен, әрі қарай жаң­ғыртуды қажет етеді. Зама­науи технологияларды енгізу, экологиялық талаптарды қатаң сақтау, тиімді басқару шешім­дерін қабылдау – бүгінгі күннің басты талабы. Табиғатты қорғау – баршамызға ортақ міндет. Ал мұндай сараптамалар сол міндеттің маңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

Алматы облысы Сани­та­рия­лық-эпидемио­логия­лық ба­­қылау департаменті басшы­сы­ның орынбасары Алтынай Райымбекова мәлім еткендей: «Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 11 қаңтардағы «Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері саналатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойы­латын санитариялық-эпиде­миологиялық талаптар сани­та­рия­лық қағидаларын бекіту туралы» №ҚР ДСМ-2 бұйрығына сәйкес елді мекеннің (орталық) қатты қоқыстары мен күл-қоқыстарын компостерлеу учаскелерінің сани­тариялық қорғау аймағы І сыныпты, 1000 метрді құрайды. Санитариялық-қорғау аймағы сақталған», дейді А. Құттыбай.

Санитарлық-эпиде­­мия­лық қыз­меті тарапынан тоқсан са­йын полигон маңында жақын орналасқан селитебті (тұрғын үй) аймағынан атмосфералық ауаны ластаушы заттарды анықтауға санитарлық-эпидемиялық мониторинг жүргізіледі. 2025–2026 жылдар аралығында барлығы 75 сынама үлгілері алынған. Атмосфералық ауаны ластаушы заттардың бір­жолғы шекті концентрациясына сәйкессіздік анықталмаған. Сонымен қатар 2025 жылы жос­пардан тыс тексеру барысында санитарлық қорғау аймағында, жақын орна­ласқан тұрғын үй маңында зертханалық зерттеулер жүргізіл­ген, нәтижесінде – зерттеулер гигиеналық талапқа сай. Аталған көр­сеткіштер талапқа сай болма­ған жағдайда көбіне тыныс алу, жүйке жүйесіне, жүрекке кері әсер етеді, аллергиялар туғызады.

Мәселенің шешімі – заманауи зауыт

Сәуір айында ауыл тұрғын­да­рын алаңдатқан пробле­маның түйінін тарқату мақсатында Алматы облысының Қарасай ауда­нында қатты тұрмыстық қалдық­тарды сұрыптап, оны қайта өң­дейтін зауыт құрылысы басталатыны туралы жағымды жаңалық тарады. Жылына 450 мың тонна қалдық сұрыптап, 14 мың тоннадан астам шикізатты қайта өңдеп шығаруға қауқарлы кешен өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға оң ықпал етеді деп күтіліп отыр. Сонымен қатар бұл жоба 300-ге жуық тұрғынды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.
Әйтей ауылындағы «ONDEU» атты зауыттың уақыт капсуласын салу рәсіміне облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысып, бұл бас­тама ұзақмерзімді мемлекет саясатының маңызды құрамдас бөлігі екенін айтты.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев экологиялық ахуал­ды түбегейлі жақсарту кезек күттірмейтін, стратегиялық маңызы зор міндеттердің бірі екенін үнемі атап өтеді. Қоқысты өңдеу жүйесін реттемей, өңірдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету мүмкін емес. Әйтей ауылы маңын­дағы бұл полигонда 40 жылға жуық уақыт бойы қоқыс жиналған. Қалдық көлемі күннен- күнге артып барады. Оны жай ғана жинап қою – мәселені шешу емес, уақытша шегеру ғана. Сондықтан бізге қалдықтарды қайта өңдеп, кәдеге жаратуға мүмкіндік беретін жүйелі шешім қажет. Біз өскелең ұрпаққа экологиясы таза, өндірісі дамыған, табиғаты бай мемлекетті аманаттауға міндеттіміз», деген өңір басшысы жобаның жүзеге асуына атсалысып жатқан инвес­торларға, инженерлер мен құрылысшыларға ризашылығын білдірді.

Жобаның жалпы құны – 15 млрд теңге. Кешен 5 га аумақ­ты қам­тиды. Қатты тұрмыс­тық қал­дықтар «Suzhou JONO» компа­ниясының 100% автомат­­тан­дырылған технология­сы арқылы сұрып­талады. Нәтижесінде төрт түрлі таза шикізат – шыны, қағаз, пластик, металл бөлініп алынады. Қайта өңдеуге келмейтін қалдық­тардан RDF балама отыны дайындалады.

Эко-кластердің екінші кезеңі пластик қалдықтардан жаңа өнім жасалатын «Bottle to Bottle» жобасы болмақшы. Мұнда «ONDEU» кешенінен алынған 3 мың тоннадан астам пластик терең өңделеді. Кешеннің құны – 10,5 млрд теңге. Қазірде құжаттары рәсімделіп жатыр. Зауыт құрылысы 2027 жылдың соңында аяқталады. Осылайша, жоба экологиялық мәселелерді шешуге септігін тигізіп, өңірдің тұрақты дамуына серпін береді деп жоспарланып отыр.

Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы ЮНЕСКО-ның бұрынғы Бас директорын Qoja Ahmet Yasaui орденімен марапаттады

Президент • Бүгін, 16:53

Тынысы тарылған Әйтей: Қоқыс полигонының мәселесі қашан шешіледі?

Экология • Бүгін, 16:50

Элунду Лазар: Алтын Орда – мәдениетаралық диалог пен мәдени әртүрліліктің тарихи үлгісі

Тарих • Бүгін, 16:41

Ирада Аюпова: Қазақстан мен Татарстан – түркі халықтарының өркениеттік синтезінің үлгісі

Тарих • Бүгін, 16:37

Қазақстанда алғаш рет Алтын Ордаға қатысты халықаралық архив құжаттары ұсынылды

Тарих • Бүгін, 16:32

ҰБТ жүйесі қашан және қалай өзгереді?

Білім • Бүгін, 16:22

Мұхтар Әуезовтің 1950 жылы тоғызқұмалақ ойнап отырған суреті табылды

Әдебиет • Бүгін, 16:20

Президент: Теңге атауы ұлыстың «данг» сөзінен тамыр тартады

Президент • Бүгін, 16:13

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жошы ұлысының мемлекеттік басқару жүйесін мұқият зерделеу қажет

Президент • Бүгін, 15:58

Мемлекет басшысы: Түркі тілі, ислам дәстүрлері мен дала даналығы Алтын Орда кезеңінде біте қайнасты

Президент • Бүгін, 15:57

Президент Алтын Орда мұрасына арналған тақырыптық көрмемен танысты

Президент • Бүгін, 15:52

Қасым-Жомарт Тоқаев: Әл-Фарабидің ойлары кейінгі саяси-философиялық дәстүрлерді түсінуге маңызды бағдар болды

Президент • Бүгін, 15:49

Президент: Ясауи хикметтері – Ұлы даланың мәдени коды

Президент • Бүгін, 15:43

Мемлекет басшысы құбылмалы геосаяси заманда тарихи диалог орнатудың маңызын айтты

Президент • Бүгін, 15:34

Президент: «Тарихты жеңімпаздар жазады» деген қағидаттың ғылымға қарсы сипатын ұмытпаған жөн  

Президент • Бүгін, 15:30

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:103
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Мамыр 2026 17:16
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары