Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Байтақ партиясы экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселесін талқылады

Сотталған блогер Жаңабыловтың фотосы дау тудырды ІІМ не деп жауап берді

Жігер. Шәміл Әбілтайдың күйшілігі хақында

Қазақстандық Ресейдегі құрылыс алаңындағы өрттен кейін қаза тапты

Қайтарылған активтердің жүздеген миллиард теңгесі өңірлерге бағытталды олар неге жұмсалуда

ЕАЭО жедел жүктерді декларациялау ережелерін жетілдіріп жатыр

Таза қала конкурсы басталды

АҚШ ХҚС президенті мен прокурорына қарсы санкциялар енгізді

FT: АҚШ Украина бойынша жаңа келіссөз жүргізушілерден үміт күтеді

Ресей мен Украина әскери тұтқын алмасты

Қазақстанда киберқауіпсіздік инциденттеріне ден қоюдың жаңа жоспары бекітілді

Журналист Гүлнәр Бажкенова кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды

Қызылша өткізуде қиындық болмайды

Сандардағы Таза Қазақстан: көрінетін нәтижелер

Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитов жол апатына түсті

Байланыс операторлары 20 тамыздан бастап тариф бағасын қалай көтереді

“Далада ешкім қалмайды“: Алматыда жатақхана алмаған студенттер қайда хабарласуы керек

Қонаевта тәулігіне 150 тонна ірімшік өндіретін зауыт салынуда

​Астанадағы форумда роботтар Қара жорға биін биледі

Қазақ КСР нің еңбек сіңірген әртісі Эдуард Мәлбеков дүниеден өтті

Үй емес, музей дерсің!

Үй емес, музей дерсің!

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Бұл кісінің шаңырағын үй емес, музей ме деп қалатының анық. Өйткені Әлимаш Теміржанованың үйінде қос ғасырдың куәсіндей болған жәдігерлер менмұндалап тұр. Бір емес, үш бірдей бөлмеде орналасқан әрбір заттың өзіне тән тарихы бар. Кейуана барлық жәдігерді көзінің қарашығындай сақтап отырғаны көңіл тоғайтады. Шаңырағын музейге айналдырған зейнеткердің үйіне келушілер аз емес. Олар мұндағы әрбір зат туралы тереңірек білгісі келеді.

Облыс орталығы Тараз қаласынан таяқтастам жердегі Үлгілі ауылында тұратын Әлимаш Теміржано­ваның айтуынша, қара шаңырақта төрт жүзден астам тұрмыстық зат қаз-қатар тізіліп тұр екен. Өткен шақтан сыр шертетін мұндағы жәдігерлердің алды екі ғасыр бұрын қолданылған бұйымдар санатына жатады. Олардың қатарында ашаршылық жылдарында пайдаланылған қол диірмен де бар. Сол қол диірменді уақытында астық тартып жарма алу үшін қолданған көрінеді. Одан өзге құндылықтар да көздің жауын алатыны даусыз.

«Бұл мұра – енемнен қалған мәңгілік аманат. Мен үшін сонысымен де сарқылмас қазына, баға жетпес байлық десем, еш артық айтқандық емес. Осы күнге дейін бұл заттарды көзімнің қарашығындай сақтап отырмын. Үйге ат басын бұрған оқушыларға ұдайы көрсетіп, әрқайсысының тарихын егжей-тегжейлі айтып жүрмін.

Мұнда енемнің енесі қолданған заттар да баршылық. Солардың бірі – күбі. Бұл күбінің мен үшін орны бөлек. Көне заттарға көз салғанда, өткен шаққа да бір мезгіл қарайлаймын. Ал өзім сол бір мөлдір кезеңде жүргендей күй кешемін. Санамызбен сарылып анамызды аңсаймыз, енемді сағынамын, өткен күннің тізбегіне көз жүгірткенде кеудеде сарқылмас сағыныш табы тұнып тұрғандай болады. Осы заттарды күтіп-баптау арқылы сол сағыныш сезімімді басуға тырысамын. Өйткені мұндағы әрбір жәдігер мен үшін ең құнды қазына.

Бұл заттың әрқайсысы ғасырлардан, ықылым заманның тұрмыс-салтынан сыр шертіп тұрғандай сезіледі. Келушілер де соны сезетін секілді. Қалай болған күнде де мұндағы әрбір жәдігерді жоғалтпау керек. Қолдан келсе қатарын молайтқан жөн. Өйткені ата-бабалар пайдаланған әрбір затты жаңа ұрпақ білуі керек. Сонда ғана олар өткенді ұмытпайды», дейді кейуана шаңырағында сақтаулы тұрған құнды заттар туралы толғанып.

Әрбір затты жуып-шайып, мұнтаздай таза етіп ұстап отырған Әлимаш Теміржанова мұндағы жәдігерлерді 27 жасынан жинай бастапты. Ескі жылдардың елесіндей болған көне бесік, бабалар жасаған ер-тоқым, келі-келсап, кереғаз секілді заттарды көріп, біз де көнекөз әжелерді елестеткендей болдық. Келсапқа тары салып, талқан әзірлеп, оны немерелерінің аузына салған байырғы әжелердің алғаусыз таза көңілі, алаңсыз тіршілігі көз алдымызға келіп, сағымға айналған жылдарға деген сағыныш оты кеудемізді шарпып өтті.

Көненің көзіндей болған кейуананың сөзіне сенсек, жыл бұрын жертөлесін жайғапты. Сөйтіп, нақты іске көшуді жөн деп ұйғарыпты. Нәтижесінде, әр тұста бір үйіліп тұрған, түюлі қалған заттарды жинастырып, үйін музейге айналдырған. Берісі – бір, әрісі екіғасырлық тарихы бар жәдігерлерді орын-орнына жайғастырған.

Әлимаш Теміржанованың шаңырағында тұрған ағаш арбаның түрлі бөлшектері көрген көзге оттай басылатыны анық. Кейіпкердің айтуынша, ғасыр бұрын ауыл азаматтарын тасымалдаған ағаш арбаның доңғалақтары мен өзге де қажетті бөлшектері сол күйі сақталған. Осы бір жәдігерге қарап, сол кезеңдегі ауыл азаматтарының тыныс-тіршілігін бағамдауға болатын секілді. Олар ауыр жұмыстарды атқарып, шүмектеп тер төккеніне ешкімнің таласы жоқ.

Ал дәнді дақылдарды түюге арналған келсап 1922 жылы пайдаланылған деген дерек бар. Қалай алып қарасақ та, мұндағы әрбір жәдігер өткен ғасырдағы адамдардың қолөнерінен, олардың кәсіби шеберлігінен сыр шертіп тұрғаны даусыз. Тұрмыс-салтын да көз алдымызға айна-қатесіз әкеліп тұр десек, қателесе қоймаспыз.

Қолөнерге аңсары ауған ауыл жастары осы үйге арнайы ат басын бұрып, байырғы бабалардың тыныс-тіршілігімен танысуға ден қойғаны да көңіл қуантады. Олардың қатарында мектеп оқушылары бар екен. Көненің көзіндей болған жәдігерлерді жан-жақты зерделеген жас талапкерлердің қасиетті шаңырақ иелеріне айтар алғысы шексіз. Өйткені Әлимаш әжей оларға бар білгенін айтып отырады.

«Қай кезде де қазақ аруларының қолөнерге жақын болғаны барша жұртқа мәлім ғой. Әлимаш әжейдің жертөлесіне келіп жүріп, біз де талай дерекке қанықтық, көп дүниені көкейге түйдік. Ол кісінің айтқан әрбір әңгімесі – біз үшін сарқылмас байлық.

Оюдың алпыстан астам түрі бар көрінеді. Осы шаңыраққа арнайы келгелі соның бірнеше түрін көзбен көрдік, танымымыз жеткенше таныдық, тарихына тереңірек бойладық. Қысқаша айтқанда, Әлимаш әжей бар білгенімен бөлісіп, мен қатарлы жасөспірімдердің де көзін ашып жатыр десем, ешкім таласа қоймас», дейді 9-сынып оқушысы Нұрсезім Темірхан.

Әлимаш Теміржанованың шаңырағында сақтаулы тұрған әрбір зат – ата-бабадан қал­ған зор қазына, таусылмас байлық, асыл мұра. Олардың қатарында ХІХ ғасырда пайда­ланылған қамзол, кимешек секілді сол кездегі апаларымыз қолданған киім-кешектер де бар. Мұның бәрі отағасының анасынан қалған заттар екен. Ғасырларды жалғап тұрған әрбір затқа зер салғанда Әлимаш Теміржанованың сағымға айналған сағынышы жанарын жасқа шылайды. Содан да болса керек, ұдайы енесін елжірей еске алады. Айтқан өсиеті мен берген өнегесі ешқашан жадынан өшпек емес.

Ұдайы игі істердің қасынан табылатын кейуана өткен жылы өңірде өткен «Қызғалдақ» фестиваліне де өз үлесін қосты. Нақтырақ айтсақ, 200 шаршы метр шамасында киіз басқандардың қатарында болды. Бұл еңбектері зая кеткен жоқ. Ауқымды іс-шараға белсене қатысқан аналардың жұмысы лайықты бағаланып, Қазақстанның «Гиннесс» рекордтар кітабына енді. Өз үйін музейге айналдырған зейнеткер алдағы уақытта да көне заттарды жинауға бел буып отыр. Іске сәт дегеннен басқа айтарымыз жоқ.

 

Жамбыл облысы

Соңғы жаңалықтар

Әңгіме арқауы – руханият мәселесі

Қоғам • Бүгін, 08:05

Жақсының жары

Тұлға • Бүгін, 08:00

Шеңгелді ауылында мал сою пункті іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 00:40

Елена Рыбакина Дубайдағы турнирді сәтті бастады

Теннис • Кеше

Ұлттық банк 2 жаңа коллекциялық монетаны сатылымға шығарады

Банк • Кеше

Астанадағы жылы аялдамалар «Сергек» жүйесіне қосылды

Елорда • Кеше

Ертең елімізде ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Кеше

«ДАУЫС» қоғамдық байқаушылар коалициясы референдумға тәуелсіз байқаушылар ретінде қатысады

Референдум • Кеше

Қызылорда облысында жаңа Конституция жобасын қолдау бойынша үгіт-насихат жұмыстары өтті

Ата заң • Кеше

Шаңғы қоссайысы: Шыңғыс Ракпаров 2026 жылғы Олимпиада ойындарында өнер көрсетуін аяқтады

Олимпиада • Кеше

Аида Балаева мәдениет және ақпарат салаларын жаңғыртудың басым бағыттарын белгіледі

Қоғам • Кеше

Шымкент қаласының тұрғындары Әділетті Қазақстан бағытына қолдау білдірді

Ата заң • Кеше

Ақпанда туған айтыс жанашыры

Қоғам • Кеше

Отандық көліктердің бағасы төмендей ме?

Қоғам • Кеше

Маңғыстауда алғашқы инновациялық логопедия және цифрлық білім кабинеттері ашылды

Аймақтар • Кеше

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:132
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Ақпан 2026 08:16
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Байтақ партиясы экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселесін талқылады

18 Тамыз 2026 22:08see126

Сотталған блогер Жаңабыловтың фотосы дау тудырды ІІМ не деп жауап берді

18 Тамыз 2026 20:29see118

Жігер. Шәміл Әбілтайдың күйшілігі хақында

20 Тамыз 2026 05:03see117

Қазақстандық Ресейдегі құрылыс алаңындағы өрттен кейін қаза тапты

19 Тамыз 2026 17:29see117

Қайтарылған активтердің жүздеген миллиард теңгесі өңірлерге бағытталды олар неге жұмсалуда

18 Тамыз 2026 20:52see115

ЕАЭО жедел жүктерді декларациялау ережелерін жетілдіріп жатыр

19 Тамыз 2026 10:00see114

Таза қала конкурсы басталды

20 Тамыз 2026 03:28see113

АҚШ ХҚС президенті мен прокурорына қарсы санкциялар енгізді

19 Тамыз 2026 08:42see112

FT: АҚШ Украина бойынша жаңа келіссөз жүргізушілерден үміт күтеді

18 Тамыз 2026 21:56see111

Ресей мен Украина әскери тұтқын алмасты

19 Тамыз 2026 22:32see110

Қазақстанда киберқауіпсіздік инциденттеріне ден қоюдың жаңа жоспары бекітілді

19 Тамыз 2026 17:00see109

Журналист Гүлнәр Бажкенова кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды

18 Тамыз 2026 17:57see108

Қызылша өткізуде қиындық болмайды

20 Тамыз 2026 06:28see107

Сандардағы Таза Қазақстан: көрінетін нәтижелер

19 Тамыз 2026 12:29see105

Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитов жол апатына түсті

18 Тамыз 2026 20:47see105

Байланыс операторлары 20 тамыздан бастап тариф бағасын қалай көтереді

19 Тамыз 2026 11:13see105

“Далада ешкім қалмайды“: Алматыда жатақхана алмаған студенттер қайда хабарласуы керек

19 Тамыз 2026 14:39see105

Қонаевта тәулігіне 150 тонна ірімшік өндіретін зауыт салынуда

18 Тамыз 2026 17:50see104

​Астанадағы форумда роботтар Қара жорға биін биледі

19 Тамыз 2026 22:34see104

Қазақ КСР нің еңбек сіңірген әртісі Эдуард Мәлбеков дүниеден өтті

19 Тамыз 2026 12:01see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары