Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Музей қорының інжу маржаны

Музей қорының інжу маржаны

Azh.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Археологиялық қазба жұмыстары барысында ғалымдар металл қазандарға жиі тап болады. Бұл бұйымдар қола дәуірден бастап орта ғасырға дейінгі кезеңде көне қауымдардың тұрмыс-тіршілігін, шаруашылығын және діни түсініктерін бейнелеген. Осындай бірегей қазанды Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері нағыз жәдігер деп атайды.

Миялы қорғандар тобы — Батыс Қазақстандағы сармат дәуіріне жататын ең көрнекті әрі маңызды археологиялық кешендердің бірі. Ол Қызылқоға ауданында, аудан орталығы Миялы ауылынан шамамен үш шақырым жерде орналасқан. Дәл осы жерде музей мамандары 2017 жылы алғаш рет қазба жұмыстарын бастаған. Қорғандар бұрын тоналғанына қарамастан, зерттеу нәтижесінде көптеген құнды олжалар табылды.

Әскери жарақтардың бөліктері, тұрмыстық заттар және аң стилінде жасалған әсем әшекейлер Каспий теңізі жағалауында сол кезеңде өмір сүрген көшпелілердің мәдени деңгейінің жоғары, қолөнерінің дамығанын айғақтайды. Сонымен қатар, бұл жерден сармат дәуіріне тән жерлеу орны анықталды. Ол болжам бойынша ерте темір дәуіріне жатады. Ерекше назар аударарлығы – адам қорғанда эмбрион қалпында жерленген, мұндай жерлеу түрі Атырау облысы аумағында сирек кездеседі. Ал жақсы сақталған, бұрын табылған қазандардан мүлде өзгеше қола қазан музей экспонаттарының алтын қорына енді.

Музейдің экскурсиялық-көпшілік жұмыс бөлімінің меңгерушісі Ғалия Назарбекованың айтуынша, қазан жартылай шар пішіндес, іші қуыс, жартылай сақталған конус тәрізді тұғырға орнатылған. Оның жалпы биіктігі — 23 см, ал ернеуінің ең үлкен диаметрі — 19 см. Бұйымның айрықша ерекшелігі — жануар бейнесінде жасалған төрт құлағы. Оның екеуі қазанның ішіне үңіліп тұрған жылқы бейнесінде, ал қалған екеуі антилопа немесе ақбөкенге ұқсайды.

Айта кету керек, көне сарматтардың жерлеу рәсімінде қазандар ең алдымен ритуалдық және символдық мәнге ие болған.

Біріншіден, олар ас пен от культімен байланысты. Қазан өмір күшін, молшылықты және о дүниедегі тіршіліктің жалғасуын білдірген. Марқұмға арғы дүниеде де ас қажет болады деп сеніп, тағам дайындайтын ыдыс бірге көмілген.

Екіншіден, қазан жерленген адамның әлеуметтік мәртебесін көрсеткен. Мұндай заттар көбіне ақсүйектердің, көсемдердің немесе жауынгерлердің қабіріне қойылған. Себебі металл қазан — билік пен қауымдық ас беру дәстүрімен байланысты қымбат әрі беделді бұйым саналған.

Үшіншіден, қазандар діни-ғұрыптық мақсатта қолданылған. Көшпелі халықтарда олар құрбандық шалу мен салт-жоралғыларда пайдаланылғандықтан, қабірге қою марқұмды қорғау әрі ата-баба рухтарымен байланыс орнату құралы деп қабылданған.

Осылайша, сармат дәуіріндегі жерлеу орындарындағы қазан жай ғана тұрмыстық зат емес, сенім-нанымдардың, әлеуметтік дәреженің және о дүниеге деген көзқарастың маңызды нышаны болған.

Лев ГУЗИКОВ
Суреттерді музей қоры ұсынды

Бүгін, 13:50

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:186
embedДереккөз:https://azh.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Желтоқсан 2025 14:18
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары