Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Үкіметте балалардың құқығы мен қауіпсіздігіне қатысты мәселе көтерілді

Үкіметте балалардың құқығы мен қауіпсіздігіне қатысты мәселе көтерілді

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Қысқы демалыс және жаңа жылдық мереке күндері мектеп жасындағы балалардың бос уақытын қызықты шаралармен толыққанды қамтамасыз ету маңызды. Оқу-ағарту министрлігіне қауіпсіздік шаралары, соның ішінде қыс мезгіліндегі қауіпсіздік шараларын түсіндіре отырып, қосымша ата-аналар жиналыстарын өткізу тапсырылды. Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, мереке күндері қауіпсіздік шаралары туралы халықты кеңінен хабардар етуді ұйымдастыру қажет.

— Өңір әкімдіктеріне алдағы мерекелерді қауіпсіз өткізу бойынша кешенді профилактикалық шараларды қабылдауды тапсырамын. Энергетика министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, энергетикалық объектілерде қауіпсіздікті және олардың ақауларсыз жұмыс істеуін қамтамасыз етсін. Жылыту және сумен жабдықтау жүйелерінің барлық параметрлерін сақтап, жедел әрекет ету үшін жөндеу бригадаларының кезекшілік кестесін жасау қажет. Жалпы алғанда барлық мемлекеттік органдар мен құрылымдар мереке күндерін сәтті және тыныш өткізу үшін жан-жақты шаралар қабылдауы керек», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық, балаларды қараусыз қалдыру және рецидивтік қылмысқа қарсы күрес жөніндегі нормаларды біріктіретін Парламент қабылдаған «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» жаңа бірыңғай заңды жүзеге асыруға назар аударылды.

— Жаңа профилактика жүйесі Президент мемлекет пен қоғам жұмысының мызғымас ұстанымдарының бірі ретінде айқындаған „Заң мен Тәртіп“ қағидатын қамтамасыз етуге бағытталған. Заңның жаңалықтарының бірі — азаматтар мен жергілікті қоғамдастықты құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарына тарту және оларды ынталандыру. Бұл дегеніміз — барлығы профилактиканы жүзеге асырады деген сөз. Мұндай тәжірибе барлық елде тиімді қолданылып келеді. Оны тиімді іске асыру қажет. Сонымен қатар заңда өскелең ұрпақты тәрбиелеу бойынша жаңа тәсілдер қаралған, бұл — қазіргі уақытта өте өзекті мәселе. Жасанды интеллектіні пайдалану құқық бұзушылықтардың профилактиасы бойынша жедел шараларды алдын ала болжауға және әзірлеуге мүмкіндік береді, — деп атап өтті Премьер-министр.

Заңда рецидивтік қылмыстың алдын алу жөніндегі нормалар, сондай-ақ барлық мемлекеттік органдар үшін жалпы құзырет көзделген. Алдын алу тек құқық қорғау органдары үшін ғана емес, бүкіл мемлекеттік аппарат үшін міндет екені атап өтілді. Барлық құрылымдар құқық бұзушылықтардың азаюы үшін жұмыс істеуі керек екені айтылды.

Мемлекеттік органдарға заңды жүзеге асыруға бағытталған барлық нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуді және қабылдауды жеделдету тапсырылды. Әкімдер жергілікті деңгейде құқық бұзушылықтардың алдын алу жүйесін құруды және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, азаматтарды құқықтық тәрбиелеуге ерекше назар аударуы тиіс.

Премьер-министр кәмелетке толмағандар жасаған құқық бұзушылықтардың санын азайту мақсатында бірқатар тапсырма берді. Ішкі істер министрлігіне түнгі уақытта патрульдер мен рейдтер жүргізу шеңберінде кәмелетке толмағандардың ересектердің қарауынсыз болу фактілерінің жолын кесу тапсырылды. Өңірлердің әкімдері — әсіресе ішкі істер органдарында есепте тұрған балаларды бос уақытымен қамтуды ұлғайту қажет.

Ведомствоаралық комиссияның отырысында оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова балалар үшін қауіпсіз орта құру жөніндегі шаралар туралы баяндады.

Отырыс барысында ол «Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» заң аясында министрлікке бірқатар құзырет берілгенін атап өтті. Ондағы басты жаңалық әрбір өңірде ерекше мәртебеге ие Балалардың құқықтарын қорғау басқармаларын құру болды. Зардап шеккендерді қолдау үшін өңірлерде зорлық-зомбылық құрбаны болған балаларға көмек көрсету кабинеттерін ашу жоспарлануда. Бұдан басқа, буллинг пен зорлық-зомбылыққа ұшыраған кәмелетке толмағандарды анықтау және оларға көмек көрсету әдістемесі жетілдірілетін болады.

Фото: Үкімет
— Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін білім беру ұйымдары мен уәкілетті мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары үшін нақты әкімшілік жауапкершілік белгіленді. Сонымен қатар бүгінгі таңда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы шараларды одан әрі жетілдіру мақсатында 2026-2030 жылдарға арналған "Қазақстан балалары" бірыңғай бағдарламасы әзірленуде, — деп түйіндеді Жұлдыз Сүлейменова.

Айта кетейік, Олжас Бектенов алдағы мерекеде ішкі істер органдарына қоғамдық тәртіпті қорғауды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:212
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Желтоқсан 2025 14:11
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары