Үлкен Алматы каналына ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізіледі
Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. Су ресурстары және ирригация министрлігі Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналын үш кезең бойынша реконструкциялауды жоспарлап отыр.
Қазіргі уақытта ұзындығы 15,6 шақырым болатын учаскені реконструкциялау жобасы әзірленді.
"Биыл жыл басында Үлкен Алматы каналының жалпы ұзындығы 1,53 шақырым болатын учаскелерін реконструкциялау жұмыстары аяқталды. Нысанды монолитті темірбетонмен қаптау жұмыстары жүргізілді. Бұл каналдың техникалық жағдайын жақсартуға, су ысырабының көлемін азайтуға және облыстағы 33,3 мың гектар суармалы жерді сапалы сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді", - деді Су шаруашылығы комитетінің төрағасы Арсен Жақанбаев.
Сонымен қатар жалпы ұзындығы 110 шақырым болатын учаскелерді реконструкциялауға қажетті құжаттар әзірленіп жатыр. Бұл Алматы облысындағы негізгі су артериясын толықтай бетонмен қаптап, жаңғыртуға мүмкіндік береді. Жұмыстардың үшінші кезеңінде Үлкен Алматы каналының бас су торабын реконструкциялау көзделген.
Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналының жалпы ұзындығы 168 шақырым. Нысан секундына 87 текше метрге дейін су өткізе алады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:39
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Қыркүйек 2026 19:14 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















