Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Ұлт тарихын пайымдаудың жаңа парадигмасы

Ұлт тарихын пайымдаудың жаңа парадигмасы

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Әлбетте, Алтын Орда – бұл жай ғана мем­ле­кеттік құры­лым емес, ол бүгінде біз «Еура­зия­лық» деп атайтын ұлан-ғайыр кеңістіктің барлық дерлік халқының тарихына арқау болған өркениеттік матрица. Ұлы даланың осы тамырлы тарихы арқылы Қазақстан Еуразияның географиялық ор­та­лығы ғана емес, сонымен қатар, ең алдымен, сауда жолдары мен мәдени құндылықтардың алмасу торабы – «Еуразия жүрегі» ретінде қабылданып келеді.

Алтын Орданың тарихын тек әскери-саяси тұрғыдан баға­лау­дан аулақ болып, оның рөлін жаңаша пайымдау қажет. Жошы ұлысының мол зияткерлік және рухани дәстүрі, тиімді басқару институттары мен дамыған экономикасы болды. Алып өркениет кезеңінде қалыптасқан жазба әдебиет пен терең мәдениет, архи­тектуралық үйлесім мен эсте­тикалық талғам, қалалар мен озық инженерлік шешімдер, ор­нықты қаржы жүйесі мен Ұлы Жібек жолындағы байланысты үздіксіз қамтамасыз еткен көлік логис­тикасы сияқты дамыған салалар – соның айқын айғағы.

Жалпы, XVIII–XX ғасырларда тарих сахнасына шыққан кей­бір «классикалық» империя­лар­дан Ұлық ұлыс түбегейлі өзге­шеленеді. Мысалы, көптеген империя өздері жаулап алған елдердің жер-су атауларын, елді мекендерін өзгерту арқылы ұлт жадын жоюға тырысқаны тарихтан белгілі. Ал құрамындағы ұлттар мен ұлыстардың тілі мен дініне, салт-дәстүріне ешқандай қысым жасамаған Ұлық ұлыс олардың мәдениеті мен әдебие­тінің өсіп-өркендеуіне зор үлес қосты. Үлкен континенттің бірқа­тар мемлекеті мен халқ­ына даму жолын ашып, жаңғыр­тушы жасампаз қызмет атқарды.

Дәуірлеп тұрған кездегі аумағы 6 миллион шаршы шақы­рым­ды алып жатқан Алтын Орда – Рим империясы сияқты орныққан әрі тиімді мемлекет тетігі арқылы қалыптасқан тұтас жүйе.

Алтын Орда мемлекетінің жарғы-түзімі арқылы әлемнің түрлі ұлт-ұлыс өкілдері, әрқилы нәсілдер мен діни наным-сенім өкілдері бір шаңырақ аясында жарастықта өмір сүргені мәлім. Халқымыздың жатты жатыр­қамайтын үйлесімділік пен үндестікті ардақтайтын ізгілікті дәстүрінің түп-тамыры Алтын Орда дәуірінде түбегейлі қалыптасып шыңдалғаны анық. Ол мемлекеттің тетігі – меритократия қағидатына, сондай-ақ вертикалды басқару мен адамның жеке тұлғасына құрметпен қарау­дың үйлесіміне негізделген еді. Сондықтан Ұлық ұлыс тарихынан қазіргі жаһанданудың, гуманизм идеяларының, адам құқықтары мәртебесінің алғы­шарттарын байқауға болады.

Жошы әулеті әлемге әйгілі Хань немесе Габсбург династия­лары секілді ғасырлар бойы, дәлірек айтқанда 600 жылдан астам уақыт Ұлы дала төсіндегі түрлі мемлекеттік құрылымға билік жүргізді. Бұл Жошы ханның ұрпақтары құрған мемлекет жүйесі тұрақты әрі өміршең болғанын көрсетеді. Құрылтай институты мен дана билер дала демократиясының бірегей үлгісі ретінде қызмет етті. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» қағидатымен әділдік принципі басты рөл атқарды. Шығыс пен Батыстың, теріскей мен күнгейдің арасын жалғаған алып империя Еура­зия құрлығындағы тепе-теңдікті сақтады. Салиқалы сыртқы саясат арқылы Алтын Орда Мысыр мәмлүктері, Ватикан, Византия, Осман империясы және Еуропа елдерімен тығыз дипломатиялық байланыс орнатты. Әсіресе Берке хан мен Байбарыстың байлам­­ды достығы Еуропа мен Ислам әле­мін бүлінуден, қираудан сақтап қалды.

Алтын Орда дәуірінде Дала заңы мен ислам құқығының үй­лесімді жүйесі – «түркілік ислам» қалыптасып, орнықты. Сол арқылы қазіргі қазақ халқының мұсылмандық сенімі қалыптасты. Берке ханның ислам мәдениетін енгізу үрдісі әз Жәнібек тұсында қуаттанып, ислам мемлекеттік дін ретінде орныға түсті. Осы тұстан бастап, Еуразия кеңістігінде көне түркілік дәстүрден түркі-мұсылмандық мәдениетке бет бұрған жаңа тұрпатты өркениет қалыптаса бастады. Бұл тұр­ғы­да, Мемлекет басшысы атап көр­сет­кендей, Ұлы даланың зият­керлік мұрасында ғұлама ойшыл Қожа Ахмет Ясауидің тұлғасы дараланып көрінеді. Ол жалпыға ортақ мұсылман құндылықтары мен жергілікті рухани дәстүрлерді үйлестірген «түркілік исламның» бастауында тұрды. Сондықтан Ясауи хикметтері Ұлы даланың мәдени коды іспетті.

Қазақ халқы – Алтын Орданың тікелей мұрагері. Бұл – қазақ дала­сының аумақтық терри­то­рия­лық тұрғысынан ғана емес, халықтық қалпы, жоралғы-сал­тымен де сипатталады. Алтын Орда жүргізген татулық, тұтас­тық, толеранттылық сияқты ұстаным­дар қазақ мемлекеттігінің арқауына айналғаны белгілі. Сонымен қатар ұлыстың атасы Жошының Арқа төсінде мәңгілік тыныстауы да бұл ұйғарымды қуаттай түседі. Оның үстіне генетика ғы­лымы­ның жетістігі көптеген қазақ руы­ның бастауын Ұлық ұлыстың даңқ­ты дәуірінен тарататынын айғақ­тап, көне шежірелердің ақиқат­ты­ғын растап отыр. Жалпы, қазақ халқының ру-тайпалық тарихы мен шежірелерін Алтын Орда тарихы контексінде қарас­тыр­ған жөн. Себебі қазіргі қазақ халқының құрамындағы ру-тай­па­­лардың бірқатары Алтын Орда құрамында болған өзге түркі ха­лық­­тарында молынан ұшыра­са­ды.

Қазақ мемлекеттігінің тамыры тағы да тереңдей түсті. Бірнеше жыл бұрын Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтсек, енді оған 250 жыл қосылып, 800 жылға жетіп отыр. Әлбетте, оның арғы жағында Қарахан мемлекеттігі, Түрік қағанаты, Ғұн мемлекеттігі сияқты тамырлардың жатқаны анық.

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ,
Сенат депутаты

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:92
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Маусым 2026 09:50
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see140

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see140

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see138

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see138

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see137

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see136

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see136

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see135

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see135

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see131

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see129

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see129

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see128

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see121

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see121

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see118

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see118

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see117

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see117

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары