Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Ел тарихын ағылшын тілінде насихаттау Кембриджде талқыланды

Ел тарихын ағылшын тілінде насихаттау Кембриджде талқыланды

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Ұлыбританиядағы Кембридж университеті, Пембрук колледжінде Моңғолия мен Ішкі Азияны зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Қазақстанды жасау: жады, бірегейлік және мемлекетшілдік» атты халықаралық конференция өтті, деп жазады Egemen.kz.

Фото: ашық дереккөз

Форумға Қазақстан мен әлемнің түрлі елдерінен жетекші ғалымдар қатысып, ұлттық тарихты жаңаша пайымдаудың кең ауқымды әдістерін, сондай-ақ қазақстандық тарихшылардың еңбектерін ағылшын тілінде жариялау мүмкіндіктерін талқылады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, сапалы ағылшын тіліндегі контент жасау Қазақстанның тарихи үдерістерін, тұлғаларын және мемлекеттілігінің қалыптасуын әлемдік аудиторияға түсіндірудің маңызды жолы болмақ.

Іс-шара барысында еліміздің жетекші ғалымдары ұлттық тарихты қайта зерделеу мен елдің бірегейлігін қалыптастыруға арналған өз зерттеулерін таныстырды.

Алғашқы сессияда Жошы ұлысын зерттеу ғылыми институтының директоры Жақсылық Сәбитов Алтын Орда ұғымының кеңестік кезеңнен бастап тәуелсіз Қазақстанға дейін қалай дамығаны туралы баяндады. Ал тарихшы Радик Темірғалиев «жоңғар қаупі» мәселесін және оның тарихи контекстегі дамуын саралады. Талқылауды Урадын Булаг жүргізді.

«Қазақстандағы Алтын Ордаға қазіргі көзқарас ескірген кеңестік стереотиптердің аясынан әлдеқайда кеңейді. Бүгінде ұзақ жылдар бойы назардан тыс қалған деректерді қайта айналымға қосып, бұқаралық санада қалыптасқан тарихи мифтерді сыни тұрғыдан қайта қарауға мүмкіндік туып отыр. Бұл тек академиялық міндет емес – ұлттық бірегейлікті нығайтудың маңызды жолы. Өз тамырымызды танып, көрші халықтармен және әлемдік ғылыми қауымдастықпен ашық диалог жүргізуге мүмкіндік береді», деді Жошы ұлысын зерттеу ғылыми институтының директоры Жақсылық Сәбитов.

Сондай-ақ ол Алтын Орданы терең әрі кешенді зерттеу еліміздің Еуразия кеңістігіндегі орнын түсінудің кілті екенін айтты. Орда мұрасын зерделеу арқылы тарихшылар ұлттық тарихтың жаңа, өміршең нарративтерін қалыптастырып, өткен мен бүгінді сабақтастыра алады. Қазіргі қоғамға саналы әрекетке жетелейтін ой салып, келер ұрпақ үшін орнықты, өзіндік болмысқа негізделген бірегейлікті қалыптастыруға жол ашады.

Ал тарихшы Радик Темірғалиев Қазақстан тарихындағы «жоңғар қаупі» туралы баяндамасында тарих ғылымындағы негізгі мәселелердің бірі – ұзақ уақыт бойы өзгеріссіз қайталанып, күмәнсіз ақиқат ретінде ұсынылатын көзқарастардың инерция бойынша сақталуы екенін айтты.

«Қазақстан тарихына қатысты көптеген еңбектерде «жоңғар қаупі» шамадан тыс күшейтіліп берілді. Алайда тарихи деректер бұл түсініктің ескіргенін, қазіргі мәліметтерге толық сәйкес келмейтінін көрсетеді. Көптеген онжылдықтар бойы Ресей бодандығын қабылдаудың себебі тек «жоңғар қаупімен» байланыстырылып келді. Бірақ тарихи деректер 1730-жылдардың басында жоңғарлардың тікелей әрі еңсерілмес қауіп төндіргенін растай қоймайды. Бүгінде бұл интерпретацияны қайталау – ғылым емес, инерция. Әбілқайыр ханның таңдауы – жойылып кету қаупінен туған амал емес, саяси есеп болатын», дейді Р. Темірғалиев.

Конференцияның келесі сессиясында Жошы Ұлысын зерттеу институтының ғылыми қызметкері Жасұлан Нұрбаев ұлттық нарративтегі тарихи тұлғалардың рөлі туралы баяндаса, тарихшы Камила Ковязина тарихи мифтердің инклюзивті азаматтық ұлт қалыптастырудағы ықпалын талдады. Сессия талқылауын Еско Шмоллер жүргізіп отырды.

«Жады, оралу және бренд қалыптастыру» атты үшінші сессияда Жошы ұлысын зерттеу институтының ғылыми қызметкері Исатай Минуаров баяндама жасады. Өзінің ғылыми жұмысында социолог Қазақстанға оралған қазақ репатрианттарының (қандастардың) тарихи санасы мен ұлттық идентификациясының қалыптасу үдерісі туралы сөз қозғады.

«Зерттеу деректері маңызды жайтты көрсетіп берді. Көптеген қандастар көшіп келмей тұрып, Қазақстан тарихын үзік-үзік күйде, көбіне отбасы әңгімелері мен диаспоралық орта арқылы ғана білген. Ал елге оралғаннан кейін тарихи білімге деген қызығушылық күрт артты. Олардың 85 пайызы Қазақстанға келгесін тарихты жүйелі түрде оқи бастағанын айтады. Алғаш рет хандық дәуір мен Алаш кезеңінен бастап, ашаршылық, саяси қуғын-сүргін және Тәуелсіздік тарихына дейінгі кең ауқымды тақырыптармен толық танысқан. Біз репатриацияның жаңа тарихи сананың қалыптасуын шын мәнінде жандандыратынын көріп отырмыз. Отбасылық жады академиялық біліммен, мұражай материалдарымен, білім беру бағдарламаларымен толығып, адамның өзін-өзі тануына да әсер етеді. «Мен – қазақпын» деген сезім дәстүр мен ауызекі әңгімелерге ғана емес, нақты әрі жүйелі білімге сүйеніп, әлдеқайда саналы деңгейге көтеріледі», деді Исатай Минуаров.

Әлеуметтанушылардың айтуынша, қандастар тек бейімделіп қана қоймай, ұлтқа белсенді араласып, оны өздерінің диаспоралық тәжірибесімен кеңейте түседі. Олардың тарихи жады – Қазақстанның өткеніне қатысты ортақ тарихи көріністі байыта түсетін маңызды ресурс.

Сессияда Камиля Родионова, Әділ Родионов және Зияда Чулакова да баяндама жасады. Талқылауды Дэвид Снит жүргізді.

Конференцияның қорытынды талқылауы профессор Урадын Булагтың жетекшілігімен өтті. Қатысушылар форумның негізгі нәтижелерін түйіндеп, Қазақстан тарихын және ұлттық бірегейлікті зерттеудің жаңа бағыттарын талқылады.

Барлық қатысушылар зерттеулерді ағылшын тілінде жариялау халықаралық аудиторияға Қазақстан тарихын идеологиялық сүзгіден өткізбей, шынайы күйінде таныстыруға мүмкіндік беріп, отандық тарихшылардың халықаралық беделін арттыра түседі деген ортақ пікірге келді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:141
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Қараша 2025 07:17
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see140

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see138

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see136

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see136

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see136

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see135

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see134

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see134

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see132

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see131

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see128

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see128

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see121

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see121

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see118

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see116

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see114

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары