Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Кембриджде қазақ ғалымының есімі ұлықталды

Кембриджде қазақ ғалымының есімі ұлықталды

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Кембридж университеті ғалым, жазушы, қоғам қайраткері Евней Бөкетовтің 100 жылдық мерейтойын атап өтті.

Әйгілі Кавендиш зертханасында қазақтың біртуар ұлының мұрасы халықаралық деңгейде ұлықталды. 

Евней Бөкетов – химия және металлургия саласындағы көрнекті ғалым, Қарағанды мемлекеттік университетінің алғашқы ректоры. Оның есімінің Кембридж университетінде ұлықталуының мәні зор. Өйткені ол Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлемдік ғылым үшін де маңызды мұра қалдырған академик.

Евней Арыстанұлының ізденістері салаға тың жаңалықтар әкеліп, отандық ғылымды әлемдік деңгейге көтерді. Ол болашақта сирек элементтерге жоғары сұраныс болатынын сезіп, бос тау жыныстарынан жоғары сапалы шикізат алудың жолдарын ұсынды. Қазір сол өнімдер медициналық диагностиканы дәлірек, көліктің жұмысын сенімдірек етуге, сондай-ақ электрониканың тиімділігін арттыруға септігін тигізіп келеді.

Гилберт Джордж Лонзарик, Кембридж университетінің профессоры:

- Евней Бөкетов ерекше тұлға. Нағыз «Қайта өрлеу дәуірінің адамы» іспетті. Таңғаларлығы ол ғылымның өте кең ауқымын - химия, физика, металлургия сияқты салаларын қамтыған, сонымен қатар өнер мен әдебиетке де жақын болған адам. Ол туралы естігенде ерекше әсер аласың.

Жиналғандардың назарына Бөкетовтың өмір жолы мен өнертабыстары туралы деректі фильм көрсетілді. Британ ғалымдары, қазақстандық және шетелдік студенттер, сондай-ақ дипломаттар академиктің ғылымға ғана емес, қазақ әдебиеті мен мәдениетіне қосқан өлшеусіз үлесін атап өтті. Қонақтар қатарында ғалымның ұрпақтары да болды.

Жәми Бөкетова, Евней Бөкетовтың немересі :

- Евней Арыстанұлы біз үшін барлық жағынан үлгі. Менің ойымша, ол - жас буын үшін нағыз өнеге боларлық тұлға. Сондықтан атамның ғылыми мұрасын зерттеуді жалғастырып, оны болашақ ұрпаққа жеткізу, жаңа көкжиектерге жол ашу өте маңызды.

Ұйымдастырушылар Бөкетов мерейтойының Кавендиш зертханасында өтуінің тағы бір символдық мәнін атап өтті. Дәл осы жерде заманауи физиканың негізі қаланған және әлемдік деңгейде ғылыми жаңалық ашқан студенттер білім алған. Мәселен, зертхананың бұл ғимаратында дыбыс сапасын жақсарту технологиясын ойлап тапқан физик-акустик Рэй Долби докторантурада оқыған.

Сидхарт Саксена, Кембридж университетінің профессоры:

- Долби біздің зертханада аспирант болған. Бұл іс-шараны өткізу себептерінің бірі - жас буынды ғылыммен айналысуға ынталандыру. Ата-аналарға айтарым: математикаға қабілеті бар балалар экономикаға бара бермей, ғылым жолына да түсуі керек.

Ресми бөлімнен кейін қатысушылар өзара пікір алмасты. Бөкетов ғылыми мұраларының талқылаулары жаңа байланыстар орнатып, бірлескен жобалар жоспарлауға жол ашты.

Авторы: Ғалымжан Қараманұлы

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:190
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Желтоқсан 2025 13:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see165

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see161

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see126

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see125

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see115

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see111

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see110

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see110

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see109

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see108

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see108

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see107

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see103

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see103

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see103

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see102
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары