Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

Бюджетке түскен батпан

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

Ұлттық банк шешімінен кейін кредиттер, ипотека және депозиттер не болады: экономистер түсіндіреді

Ұлттық банк шешімінен кейін кредиттер, ипотека және депозиттер не болады: экономистер түсіндіреді

Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені төмендету туралы шешімінен кейін қазақстандықтарды "бұл жеке қаржыға қалай әсер етеді?" деген сұрақ мазалай бастады. Енді несиелер, ипотека және депозиттер тағдыры не болмақ? Қазір салым ашқан немесе қарыз алған дұрыс па? Tengrinews.kz тілшісінің бұл сұрақтарына экономистер егжей-тегжейлі жауап берді.

Несие мен ипотека: қарыз алушыларды не күтіп тұр?

Ипотекасы немесе тұтынушылық несиесі барлар үшін Ұлттық банктің бұл шешімі ештеңені өзгертпейді. Бұл туралы экономист Руслан Сұлтанов айтты.

"Ай сайынғы төлем мөлшері жасалған келісімшарт талаптарымен айқындалады және базалық мөлшерлемеден кейін автоматты түрде қайта қаралмайды. Өзгеріс тек қайта қаржыландыру кезінде немесе келісімшартта құбылмалы мөлшерлеме қарастырылған сирек жағдайларда ғана мүмкін болады".

Руслан Сұлтанов

Экономист

Ал алдағы уақытта реакция "шектеулі" болады деп есептейді сарапшы. Коммерциялық ипотека бойынша мөлшерлемелер біртіндеп төмендей бастауы мүмкін, бірақ оның әсері біршама уақытқа созылады.

"Мемлекеттік және жеңілдетілген бағдарламалардың талаптары көбінесе бағдарламалардың параметрлеріне, бөлінген қаржыландыру көлеміне және операторлардың талаптарына байланысты болады, сондықтан Ұлттық банктің бүгінгі шешімі олардың шарттарын міндетті түрде тікелей өзгертпейді", – деп түсіндірді ол.

Экономист Жанат Нұрғалиев те ипотеканың шамалы болса да арзандайтынын атап өтті. Алайда нарықтың лезде өзгермейтінін есте сақтау қажет.

"Базалық мөлшерлеменің 0,25 тармаққа төмендеуі ипотека мөлшерлемелерінің аздап төмендеуіне әкеледі. Бірақ мұнда нарық бір күнде өзгермейтінін ескеру маңызды. Реттеу тетіктері қазірдің өзінде жұмыс істеп тұр: реттеуші борыштық жүктеме коэффициентін енгізді, сондықтан банктер қарыз алушылардың төлем қабілеттілігін қатаң бағалауды жалғастырады. Алғашқы жарна көлемі мен адамның табысын ескере отырып, түпкілікті мөлшерлемелер әртүрлі болады. Меніңше, қарыз алушыларға алаңдаудың қажеті жоқ".

Жанат Нұрғалиев

Экономист

Жаңа несиелер бірден арзандамайды

Экономистің айтуынша, банктер келесі күні-ақ микронесиелер мен тұтынушылық қарыздар бойынша пайыздық мөлшерлемелерді төмендетеді деп үміттенудің қажеті жоқ.

Базалық мөлшерлеме – бұл екінші деңгейлі банктер үшін ақша құнының бір құрамдас бөлігі ғана. Несие бойынша мөлшерлемені қалыптастыру кезінде банктер мыналарды жинақтайды:

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

Жарты ғасырдан кейін миллиондаған тыңдалым: танымал “Ақ сәулем“ әнінің авторы қазір қалай өмір сүріп жатыр?

Бүгін 10:06 1

ІІМ егде жастағы жүргізушілер үшін маңызды мәлімдеме жасады

Бүгін 09:22 1

ақша тарту құны (халық пен бизнестің салымдары); қайтармау тәуекелі (несиелік тәуекел); банктің операциялық шығындары мен салықтық жүктеме; меншікті маржа.

"Әсіресе, бұл несиелік тәуекелі кепілді ипотекаға қарағанда әлдеқайда жоғары қамтамасыз етілмеген тұтынушылық қарыздарға қатысты. Сондықтан мөлшерлеме 0,25 пайызға төмендегеннен кейін банктер алдымен жекелеген ұсыныстарды аздап түзетуі немесе қайта қаржыландыруды белсендірек жылжытуы мүмкін, бірақ қарыз құнының жаппай төмендеуін күту әлі ерте", – деп түсіндірді сарапшы.

Несиелер шынымен айтарлықтай арзандауы үшін инфляцияның тұрақты төмендеуімен расталған базалық мөлшерлеменің сериялық төмендеуі қажет, деп атап өтті Руслан Сұлтанов.

Түйін: Базалық мөлшерлеменің бір мезетте 0,25 пайызға төмендеуі - бұл оң сигнал, бірақ ертең-ақ "арзан" несиелер болады деп күтуге негіз емес. Банктер қарыз алушылардың жоғары тәуекелдерін өтеп отырғанда, тұтынушылық қарыздар бойынша пайыздар бұрынғы деңгейде қалады. Несиелер базалық мөлшерлеме келесі жолы төмендегенде ғана айтарлықтай арзандайды.

Депозиттер мен жинақтар: пайдадан қалай айырылып қалмау керек Қолданыстағы депозиттерді неге жабудың қажеті жоқ?

Төмендегеннен кейін де базалық мөлшерлеме жоғары деңгейде – 16,75 пайыз болып қала береді. Бұл инфляция деңгейінен айтарлықтай жоғары.

Сондықтан теңгелік салымдар бұрынғысынша ақшаны сақтап қана қоймай, нақты табыс алуға мүмкіндік береді, деп түсіндірді Сұлтанов.

"Менің ойымша, қазір депозиттерді үреймен шешіп алуға немесе жинақтарды жаппай долларға айырбастауға негіз жоқ (...) Жақсы шарттармен депозиті ашылып қойған адам үшін оны шұғыл жабудың мағынасы жоқ. Мерзімінен бұрын алған жағдайда есептелген сыйақының бір бөлігін жоғалтып алуы мүмкін, ал бірнеше айдан кейін ақшаны қайта орналастыру төменірек мөлшерлемемен жүруі ықтимал".

Руслан Сұлтанов

Экономист

Жаңа салымдарды неге дәл қазір ашқан тиімді?

Егер Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендетуді жалғастырса, банктер біртіндеп жаңа салымдар бойынша пайыздарды азайта бастайды. Сондықтан экономист мөлшерлемелер жоғары болып тұрғанда қазір депозит ашу идеясын орынды шешім деп атайды.

"Қазір жаңа салым ашу да қисынды шешім болуы мүмкін, әсіресе егер адам бұл қаражат алдағы 6-12 айда қажет болмайтынын түсінсе. Егер базалық мөлшерлемені төмендету циклі жалғасатын болса, банктер уақыт өте келе жаңа депозиттердің кірістілігін де қайта қарай бастайды. Сондықтан бүгінгі мөлшерлемені бекітіп алу бірнеше айдан кейін ұқсас салымның бұдан да тиімсіз шарттармен ұсынылу тәуекелін азайтуға мүмкіндік береді", – деп түсіндірді сарапшы.

Экономист Жанат Нұрғалиев те алаңдауға негіз жоқ деп есептейді. Оның айтуынша, қолданыстағы салымдар сақталады, ал жаңа депозиттерді бұрынғыша ашуға болады — шарттары әзірге тиімді күйінде қалып отыр.

"Жалпы, қаржы нарығындағы жағдай әзірге тұрақты, күрт өзгерістерді немесе мөлшерлемелердің төмендеуін күтудің қажеті жоқ. Валюта нарығына келетін болсақ, теңгенің долларға шаққандағы бағамы ағымдағы макроэкономикалық көрсеткіштер аясында нығая береді деп ойлаймын. Тұтастай алғанда, Ұлттық банк әбден дұрыс, сараланған шешім қабылдады, жалпы жағдай осындай".

Жанат Нұрғалиев

Экономист

Валюта сатып алу керек пе?

0,25 пайыздық қадам үшін теңгені жаппай долларға немесе еуроға айырбастау — қаржылық тұрғыдан қисынсыз қадам, деп есептейді Руслан Сұлтанов.

"Мөлшерлеменің тек 0,25 пайызға төмендеуіне байланысты барлық жинақты валютаға аударуды ұсынбас едім. Долларлық салымдардың кірістілігі айтарлықтай төмен, сонымен қатар валютаны сатып алу кезінде адам оны тиімсіз бағаммен алып қою тәуекелін де мойнына алады. Бұл жағдайда валюта Ұлттық банктің бір ғана шешіміне берілген реакция емес, әртараптандыру құралы ретінде қарастырылуы тиіс", – деп түйіндеді Руслан Сұлтанов.

Валютаны тек алдағы уақытта доллармен нақты шығындар жоспарланған жағдайда ғана сатып алудың мәні бар: шетелге сапарлар, сыртта оқу ақысын төлеу немесе импорттық ірі заттарды сатып алу.

Дегенмен, ақша жинау, несие алу немесе депозит ашу туралы шешімді әркім өзі қабылдайтынын түсіну маңызды. Экономистер тек қазіргі жағдайда бағдар алуға көмектесетін жалпы ұсыныстарымен бөлісті.

Еске сала кетейік: жұма күні, 24 шілдеде Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады. Мөлшерлеме жылдық 17 пайыздан 16,75 пайызға дейін, +/- 1 пайыздық тармақ дәлізімен төмендетілді. Бұл жаздың басынан бергі екінші төмендеу. 5 маусымда мөлшерлеме соңғы екі жылда алғаш рет жылдық 18-ден 17 пайызға дейін төмендетілген болатын.

Тағы оқыңыз: Ұлттық банк шешімі ипотекаға қашан әсер етіп, арзандайды?

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:198
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Шілде 2026 18:32
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

07 Қыркүйек 2026 22:03see144

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

08 Қыркүйек 2026 13:48see143

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

07 Қыркүйек 2026 21:43see141

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

08 Қыркүйек 2026 16:49see140

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

08 Қыркүйек 2026 07:22see139

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

08 Қыркүйек 2026 17:04see139

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

08 Қыркүйек 2026 20:43see138

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

08 Қыркүйек 2026 09:33see138

Бюджетке түскен батпан

08 Қыркүйек 2026 04:59see138

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

08 Қыркүйек 2026 16:49see136

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

08 Қыркүйек 2026 13:07see136

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

08 Қыркүйек 2026 10:15see134

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

07 Қыркүйек 2026 20:34see133

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

09 Қыркүйек 2026 01:12see131

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

08 Қыркүйек 2026 21:40see126

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

08 Қыркүйек 2026 19:15see122

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

08 Қыркүйек 2026 20:05see119

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

08 Қыркүйек 2026 23:41see118

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

09 Қыркүйек 2026 09:33see118

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

09 Қыркүйек 2026 08:07see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары