Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Ұлттық банктің болжамы: Таяу Шығыс қақтығысы Қазақстандағы инфляция мен мұнай бағасына қалай әсер етеді

Ұлттық банктің болжамы: Таяу Шығыс қақтығысы Қазақстандағы инфляция мен мұнай бағасына қалай әсер етеді

Zakon.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Ресми мәліметке сәйкес, 2026 жылғы ақпандағы жылдық инфляция 11,7%-ға төмендеді (қаңтарда – 12,2%), бұл болжамдарға сәйкес. Инфляцияның төмендеуі барлық құрамдас бөліктерде байқалады:

Азық-түлік тауарлары – 12,7% (12,9%)

Азық-түлік емес тауарлар – 11,6% (11,7%)

Ақылы қызметтер – 10,8% (12%)

Болжамға сәйкес, Таяу Шығыс қақтығысы мұнай бағасына ықпал етіп, экономикалық көрсеткіштерге әсер етуі мүмкін.

Дезинфляцияға ұстамды қатаң ақша-кредит шарттары, теңге бағамының нығаюы, кепілсіз тұтынушылық кредиттеудің баяулауы, ЕТРТ-ні кезең-кезеңімен арттыру және теңестіру операциялары арқылы артық өтімділікті қысқарту, сондай-ақ Үкімет пен Ұлттық Банктің инфляцияға қарсы бірлескен кешенді шараларын іске асыру ықпал етеді. Сонымен қатар инфляцияның төмендеуіне ТКҚ және ЖЖМ бағасын көтеруге қойылған мораторий де үлес қосады. ҚҚС мөлшерлемесін арттырудың инфляция динамикасына әсері шектеулі ретінде бағаланады.

Дегенмен, айлық инфляция 2026 жылғы ақпанда жеделдеп, 1,1%-ды құрады. Базалық инфляция ақпанда 0,8% болды.

Халықтың алдағы бір жылға инфляциялық күтулері төмендеді (ақпанда – 13,7%), бірақ жоғары әрі құбылмалы. Нарыққа кәсіби қатысушылардың 2026 жылға инфляция бойынша ақпандағы күтулері 10,0%-ға дейін төмендеді (қаңтарда – 10,8%).

Азық-түліктің әлемдік бағасы баяулап келеді. Сүт өнімдері мен қант бағасының төмендеуі сақталып отыр. Дәнді дақылдар мен өсімдік майының әлемдік бағасы өскені байқалды. 

Ресей Федерациясында инфляция әлі де жоғары, таргетке жету 2027 жылы күтіледі. ЕО-да бағаның өсуі тұрақты түрде төмен болып қалып отыр. АҚШ-та инфляция ФРЖ-ның сараланған саясаты жағдайында нысанаға жақындап келеді. 

Базалық сценарий аясында бірінші жартыжылдықта Brent маркалы мұнайдың бағасы Таяу Шығыстағы қақтығыстың өршуіне байланысты сақталып отырған жоғары бағалар аясында бұрынғы алғышарттардан уақытша жоғары болатыны болжанады. Бұдан кейін әлемдегі сұраныс пен ұсыныс теңгерімінің нәтижесінде мұнай бағасы 1 баррель үшін 60 АҚШ долларына жуық деңгейге дейін біртіндеп төмендейді деп болжанады. Болжамға сәйкес, 2026 жылы баға орта есеппен 1 баррель үшін 66,3 АҚШ долларын құрап, кейінгі жылдары 60 АҚШ доллары деңгейінде тұрақталады.

Неғұрлым жоғары мұнай бағасын ескере отырып, 2026 жылға инфляцияның болжамы нақтыланды. Бағалардың өсуі 9,5-11,5 шегінде бағаланады. Дегенмен, Ұлттық Банк Үкіметпен бірлескен іс-қимылдарды іске асыру, болжамды фискалдық және квазифискалдық саясатты қамтамасыз ету, ТКҚ мен ЖЖМ-ның инфляцияның өсуіне қосатын үлесін төмендету арқасында бағаның өсуі бір мәнді деңгейге жетеді деп күтеді. 2027 жылдың қорытындысы бойынша инфляцияның 5,5-7,5%-ға дейін баяулайды деп болжанып отыр. 2028 жылдың қорытындысы бойынша ол 5%-дық таргетке жақын қалыптасады.

Проинфляциялық тәуекелдер ҚҚС мөлшерлемесі өзгеруінің бағаларға бірқалыпты әсері аясында біршама төмендеді. Тұрақты тәуекелдер реттелетін бағалардың көтерілуінен болатын ұзақмерзімді қайталама әсерлерді, сондай-ақ жоғары инфляциялық күтулерді қоса алғанда, ішкі факторларға шоғырланады. Сонымен қатар 2027-2028 жылдары жоспарланған бюджеттік шоғырландырудың нақты орындалуына, сондай-ақ квазифискалдық ынталандырудың ауқымы мен параметрлеріне назар аудару қажет. Факттің Ұлттық қордан түсетін трансферттерді төмендету және бюджет тапшылығын қысқарту бойынша белгіленген параметрлерден ауытқыған жағдайында, сондай-ақ квазифискалдық ынталандыруларды жеткілікті бақыланбайтын кеңейту кезінде дезинфляциялық әсер әлсіреуі мүмкін.

2026 жылға ЖІӨ-нің өсу болжамы 3,5-4,5% аралығында сақталған. 2025 жылғы жоғары база аясында экономикалық белсенділік 2026 және одан кейінгі жылдары бірқалыпты траекторияда дамитын болады. Фискалдық шоғырланудың және тұтынушылық кредиттеу бәсеңдеуінен ішкі сұраныс азаятын болады.

Ұлттық Банк инфляцияның баяулау қарқынын, ішкі сұраныс динамикасын, фискалдық шоғырландырудың нақты орындалуы және квазифискалдық ынталандыруды іске асыру сапасын бағалауды жалғастырады. Сонымен қатар Үкіметпен бірлесіп, инфляцияны бақылау бойынша шараларды іске асыру тиімділігіне және ТКҚ мен ЖЖМ бағасының өзгеруіне мониторинг жүргізіледі. Инфляцияның тұрақты баяулауы және жаңа инфляциялық шоктардың болмауы кезінде 2026 жылдың екінші жартыжылдығында базалық мөлшерлемені төмендету мүмкіндігі қаралатын болады. Қазіргі жағдайда ақша-кредит саясатын жеңілдету үшін кеңістік әлі қалыптасқан жоқ.

Қабылданған шешімнің факторлары мен болжамдары туралы барынша толық ақпарат 2026 жылғы 11 наурызда Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында1 орналастырылатын Ақша-кредит саясаты туралы баяндамада беріледі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2026 жылғы 24 сәуірде Астана қаласының уақытымен сағат 12:00-де жарияланады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:229
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Наурыз 2026 13:20
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары