Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Ұлттық экономика министрі Вашингтонда инвесторлармен кездесті

Ұлттық экономика министрі Вашингтонда инвесторлармен кездесті

24.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

“Қазақстанның тұрақты дамуы жолында Дүниежүзілік банкпен ынтымақтастық басты бағыттардың бірі болып қала береді”.

Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары -  Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қоры жанындағы Швейцария тобының отырысында мәлімдеді. Қазақстан делегациясы Дүниежүзілік банктің вице-президенті Антонелла Бассанимен, рейтингтік агенттік өкілдерімен және АҚШ конгресмендерімен кездесті.

Вашингтонда  қызу қарбалас. Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қорының күзгі жиындарына  шартараптан  экономистер келіп, өз еліне тиімді жағдай жасауға тырысатын шақ. Қасым-Жомарт Тоқаевтың қыркүйектегі Нью-Йоркке сапарының ізін суытпай Ерболат Досаев пен Серік Жұманғарин бастаған делегация АҚШ астанасына келіп, американдық бизнесмендер мен инвесторлардың басын қайта қосып, президент сапарындағы келіссөздерді жүзеге асыру қамына кірісті. Байырғы серіктестер ынтымақтастықты берік ете түсуді көздесе, жаңалары қайткенде бірлесе жұмыс істей аламыз дегенге жауап іздеді. Астанадан келген үкімет өкілдерімен бетпе-бет кездесіп, толғандырған мәселелерді ортаға салды.

Михеил Нибладзе, Cerberus Frontier атқарушы директоры:

- Қазақстанның АҚШ-қа жоғары деңгейдегі делегация жіберуі – американдық компаниялармен ынтымақтастыққа дайын екенін көрсетеді. Бұл маңызды бастама, өйткені жеке секторда да, мемлекеттік деңгейде де байланыстарды нығайтуға зор мүмкіндік бар. Ендігі маңызды қадам – келісімдерді жүзеге асыру. Бұл кезең ең күрделі және аса зор ыждаһаттылықты қажет етеді. Тараптар бұған сақадай сай деп сенемін.

Әлібек Қуантыров, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары:

“Экономикалық инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту үшін әрі қарай, мысалы, Boeing компаниялары кіріп жатыр. Біздегі үлкен ірі мұнай-газ компаниялары, жасанды интеллект бойынша компаниялар, көлік секторында жұмыс істейтін компаниялар және бірнеше жоғары білім саласындағы, зерттеу саласындағы университеттер және басқа да ұйымдар Қазақстанға келе жатыр”.

Қазақстандық делегацияның күн тәртібіндегі өзекті мәселе - елімізге инвестиция тарту. Дүниежүзілік банк қабырғасында рейтингтік агенттіктің өкілдерімен  кездесіп, еліміздегі жаңа салық кодексі, қаржылық реформалар, инфляцияны төмендетуге бағытталған саясат пен макроэкономикалық көрсеткіштер туралы ақпарат берді.  

Серік Жұманғарин, ҚР Премьер-министрінің орынбасары, ұлттық экономика министрі:

- Біз бүгін Moody’s, Fitch және S&P агенттіктерімен кездестік. Бұл Қазақстан үшін өте маңызды. Себебі біз алатын қарыздың пайыздық мөлшерлемесі осы агенттіктер беретін бағаға тікелей байланысты. Яғни біздің рейтингіміз неғұрлым жоғары болса, қарызды соғұрлым арзан аламыз. Ал ол ертең елдің қарызды аз шығынмен қайтаруына мүмкіндік береді. Қуаныштысы, бұл агенттіктер Қазақстанға «инвестициялық деңгейдегі» рейтинг беріп отыр. Moody’s – BBB+(Мудиз – үш би плюс), Fitch – BBB- (Фитч –  үш би), ал S&P (Эс әнд пи)  жуырда болжамын «тұрақтыдан» «позитивтіге» өзгертті.

Қазақстандық делегация АҚШ конгресінің өкілдерімен де кездесті. Елімізбен ынтымақтастықты қос партия да қолдайтынын демократ Джимми Панетта, Томас Суоззи мен республикашыл Кэрол Миллер, Кевин Крамер, Бил Хейзинга, Брайан Мастпен болған жүздесулер айғақтап тұр. Тараптар энергетика, жасанды интеллект, білім беру және цифрлық технологиялар салаларындағы әріптестікті тереңдету мәселелерін сөз етті. 

Ердана Ержанұлы

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:166
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қазан 2025 18:42
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары