Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Ұлттық қор балаларға : былтыр 6,9 миллион балаға 130 доллардан астам қаражат есептелді

Ұлттық қор балаларға : былтыр 6,9 миллион балаға 130 доллардан астам қаражат есептелді

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап еліміздің ең маңызды әлеуметтік жобаларының бірі "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы іске асырылып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Бағдарлама жас қазақстандықтардың ересек өмірді табысты бастауы үшін қажет бастапқы жинақтарын қалыптастыруға бағытталған. Жинақтарды тұрғын үй жағдайын жақсартуға және/немесе білім алу үшін пайдалануға немесе зейнетақы жинақтары ретінде болашаққа сақтап қалуға болады.

Жыл сайын кәмелетке толмаған балаларға олардың БЖЗҚ-дағы шоттарына Ұлттық қордан нысаналы талаптар түріндегі қаржы, сондай-ақ инвестициялық кіріс есептеледі. Балалар кәмелетке толған кезде жинақталған талаптар олардың БЖЗҚ-дағы нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтар түрінде есептеледі. 

2025 жылдың қорытындысы бойынша, бағдарламаға қатысушы 6 918 656 әр қазақстандық балаға 130,71 АҚШ доллары мөлшерінде кезекті сома есептелді.

Естеріңізге сала кетейік, жыл сайын Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің 50% Қазақстан азаматы саналатын барлық балалар арасында теңдей бөлінеді. Балалар туралы деректер алдыңғы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорынан алынады. 

Сонымен қатар бағдарламаға қатысатын кәмелетке толмаған балалардың бұған дейін қалыптасқан талап сомаларына жыл сайын қосымша инвестициялық кіріс есептеледі.

Нәтижесінде, бағдарламаға қатысатын балалардың барлық нысаналы жинақтарының жиынтық мөлшері (жыл сайын қосымша есептелетін инвестициялық табысты қоса алғанда) келесі сомаларды құрады:

үшінші жыл қатысатын баланікі 370 доллар 56 цент;

екінші жыл қатысатын баланікі 263 доллар 93 цент;

бірінші жыл қатысқан баланікі 130 доллар 71 цент.

Естеріңізге сала кетейік, 18 жасқа дейінгі балаларға жыл сайын Ұлттық қордан алынған сомалар олардың БЖЗҚ-да ашылған шоттарында ескерілетін нысаналы талаптар түрінде есептеледі. Бұл ретте балаларға есептелген сомалар Ұлттық қор активтері құрамында қалып, инвестицияланады. Инвестициялауды жалғастырудың арқасында жыл сайын әр баланың нысаналы талаптарының сомасы алынған инвестициялық кіріс есебінен қосымша өсіп отырады.

Бағдарлама басталғаннан бері Ұлттық қордан барлық балаға есептелген қаражат мөлшері шамамен 2,5 млрд АҚШ долларын құрады.

2026 жылы 356 613 Қазақстан азаматы 18 жасқа толады және олар өздерінің нысаналы жинақтарын пайдалану құқығына ие болады.

Естеріңізге сала кетейік, балалар кәмелетке толатын жылы олардың нысаналы талаптары нысаналы жинақтарға айналып, жыл басында автоматты түрде БЖЗҚ-дағы нысаналы жинақтау шотына АҚШ долларымен есептеледі.

18 жасқа толған күннен бастап олар бұл қаражатты тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе білім алуға өз бетінше пайдалана алады немесе зейнетақы жинақтары ретінде болашаққа сақтап қалуға құқылы.

Балаларды есепке алудың дұрыстығы мен толықтығы 

Бағдарламаға қатысатын балалардың толық тізімін қалыптастыру кезінде БЖЗҚ "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорынан ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы алынған мынадай мәліметтерді ескереді:

туғаннан ҚР азаматы болып есептелетін балалар;

ҚР азаматтығын туғаннан кейін қабылдаған балалар, азаматтықты қабылдаған күні көрсетілген;   

ҚР азаматтығын жоғалтқан немесе одан шыққан балалар;

қайтыс болған балалар туралы, қайтыс болған күні не қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген күні көрсетілген;

"Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорындағы балалар туралы басқа да мәліметтердің өзектендірілгені туралы.

2025 жылдың қорытындысы бойынша, бағдарламаға қатысушылардың санын айқындау кезінде, сонымен қатар бұған дейін тізімге енгізілмеген, оның ішінде "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорындағы толық емес немесе өзектілігін жоғалтқан деректер анықталған жағдайларды қоса алғандағы балалар да ескерілді. Оларға өткізіп алған кезеңдегі қаражат инвестициялық кіріс есебімен бірге толық көлемде есептеледі. 

Ақпаратқа қол жеткізу 

18 жасқа толмаған баланың Бағдарламаға қатысуы туралы ақпаратты ата-аналары мен заңды өкілдері баланың ЖСН бойынша kids.enpf.kz. сайты, eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы тексере алады.

Кәмелетке толған қатысушылар enpf.kz сайтындағы жеке кабинетінде, БЖЗҚ мобильді қосымшасында және электрондық үкіметтің eGov mobile мобильді қосымшасында өз бетінше тексере алады.

Жинақтарын пайдалану туралы шешім қабылдағаннан кейін, жастар АҚШ долларында банктік шот ашу және төлемге онлайн өтініш беру үшін уәкілетті операторға жүгінуі керек. Өтінішті интернет-ресурс немесе уәкілетті операторлардың бірінің мобильді қосымшасы арқылы беруге болады: "Отбасы банкі" АҚ (тұрғын үй жағдайларын жақсарту және білім беру ақысын төлеу мақсатында), "Қазақстан Халық банкі" АҚ, "Банк ЦентрКредит" АҚ (білім беру ақысын төлеу мақсатында). 

"Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы – болашақ ұрпақтың өмірлік мақсаттарына жету үшін қаржылық қорын құруға ықпал ететін ұзақмерзімді стратегия.

Нысаналы талаптарға қатысушылар мен нысаналы жинақтарды алушылар, сондай-ақ нысаналы жинақтарды тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу мақсатында пайдалану жөніндегі статистикамен enpf.kz сайтында танысуға болады. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:182
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Қаңтар 2026 12:03
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары