Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Ұлттық теледебат: Партиялар қоғамға ұсынатын негізгі бастамаларын таныстырды

Ұлттық теледебат: Партиялар қоғамға ұсынатын негізгі бастамаларын таныстырды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Qazaqstan Ұлттық телеарнасында тікелей эфирде өтіп жатқан теледебаттың алғашқы кезеңінде Құрылтайына қатысатын жеті саяси партияның өкілдері өздерінің сайлау бағдарламаларын таныстырды.

Алдымен спикерлер теледебатқа қатысушылардың этика хартиясына қол қойды. Пікірсайыс басталар алдында қатысушылардың сөйлеу реті цифрлық рандомайзер арқылы анықталды. Осыдан кейін әр партия өкіліне екі минуттан уақыт беріліп, олар Құрылтай сайлауына қандай мақсатпен қатысып отырғанын, қоғамға ұсынатын негізгі бастамалары мен бағдарламасының басым бағыттарын таныстырды.

Ұлттық теледебаттың екінші кезеңінде барлық партия өкілдеріне бірдей екі ортақ сұрақ қойылды. Әр қатысушыға сұраққа жауап беру үшін 2 минуттан уақыт берілді. Алғашқы сұраққа партиялар жеребеде анықталған кезекпен жауап берсе, екінші сұраққа кері реттілікпен жауап ұсынды.

Бірінші сұрақ: Жаңа Конституцияға сәйкес, Қазақстан Республикасы адам капиталын, білімді, ғылымды, инновацияны дамытуды мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты деп таниды. Ендеше, елімізде дарынды кәсіби мамандардың жұмыс істеуіне жағдай жасап, басқа елдерден біліктілігі жоғары адами капиталды тартатын аймақтық хабқа айналдыру үшін қандай заңнамалық тетіктерді іске қосу қажет деп санайсыз?

«Әділет» партиясының өкілі Ренат Бектұров еліміздің адами капиталын дамыту үшін басқа елге кетіп қалған өз азаматтарымызды қайтару, оларға жақсы жағдай жасап беру мәселесін көтерді. «Байтақ» партиясы өкілі Нұргүл Қадырбаева Ар кодексін енгізу қажеттігін атап өтті. «Ақ жол» партиясы өкілі Олжас Нұралдинов сапалы білім мен адами капиталды дамытуға ерекше назар аударып, мектеп бағдарламаларын заман талабына сай жаңарту, жасанды интеллект бағытындағы білімді ерте жастан енгізу қажеттігін айтты. Ал Халық партиясының өкілі Сұңқар Ислам жоғары оқу орнын тәмамдаған азаматтың өз мамандығы бойынша еңбек етуі мәселесіне тоқталды.

Екінші сұрақ: Елімізде дәрігер, мұғалім және инженер сияқты маңызды мамандықтар бойынша кадр тапшылығы сақталып отыр. Әсіресе өңірлерде бұл мәселе аса өзекті. Осы мәселені жалақыны көтеру арқылы шешуге бола ма, әлде маман дайындау, оларды өңірлерге тарту жүйесін түбегейлі өзгерту қажет пе? Осы мәселеге қатысты сіздің партия нақты қандай шешім ұсынады?

«Әділет» партиясының өкілі Ренат Бектұров өңірлерде жастарды қолдау бағдарламаларын көбейтіп, оларға жағдай жасау маңызды екенін атап өтті. Оларға берілетін еңбекақыға да назар аударылуы қажеттігіне тоқталды. ЖСДП өкілі Тазабек Сәмбетбай Ең жоғары жалақыны дәрігерлер мен мұғалімдер алуы керек. Кешенді түрде осы салаға өзгерістер керек деген ұстаным білдірді.

«Ауыл» партиясының өкілі Серік Егізбаев өңірлердегі маман тапшылығын азайту үшін кешенді шаралар қажет екенін айтты. Reslublica өкілі Екатерина Смолякова маман тапшылығы, әсіресе, ерекше балалармен жұмыс істейтін мамандарды оқыту мәселесін көтерді.

Пікірсайыстың үшінші кезеңі «Бетпе-бет» форматында өтті. Бұл бөлімде әр партия өз таңдауы бойынша басқа бір партияға бір сұрақ қойып, қарсы тарап оған жауап берді. Кейін сұрақ қойған тарап жауапқа қатысты өз пікірін білдіруге мүмкіндік алды. 

Серік Егізбаев өз сауалын Қазақстан Халық партиясының өкіліне қойды. Ол партияның жас маманның тәжірибеден өту мерзімін не себепті қысқартуды ұсынып отырғанын сұрады. Бұған жауап ретінде Ислам Сұңқар «Мамандық бойынша білім алды ма, сол мамандық бойынша жұмыс істесін. Мемлекет бөлген бюджет қаражатын далаға шашпай, оны экономиканың нақты секторына жұмсау керек. Әр оқу бітірген маман елдің экономикасына қызмет етуі тиіс» деген ұстаным айтты.

Нұргүл Қадырбаева сұрағын «Ауыл» партиясының өкіліне қойды. «Қалада тұрып, ауылдың мәселесін қалай шешпексіздер?» деді ол. Оған жауап берген Серік Егізбаев шешім қабылдайтын билік үлкен қалаларда тұрады. Сондықтан біз қалада отырсақ та, біздің партияның қатарындағы 69 үміткердің бәрі ауылдық жерден шыққан, кіндік қаны тамған, ауылдың тұрмыс-тіршілігін, өмірін жақсы білетін адамдар дегенді алға тартты. Оның айтуынша, әрбір екінші үміткер – ауылдық жерде жұмыс істеп жүрген адамдар.

«Әділет» партиясының өкілі Ренат Бектұров сауалын Respublica партиясына жолдады. Ол жұмысшы және инженерлік мамандықтардың беделін көтеруге, сапасын арттыруға, абитуриенттер санын көбейтуге Respublica партиясы не ұсынып отырғанын сұрады.

– Біз ауыл кәсіпкерлеріне несие мөлшерлемесін 12 пайыздан 6 пайызға дейін төмендеттік. Салық кодексінде бастапқыда 20 пайыз болған мөлшерлеменің 16 пайызға дейін төмендеуіне біз себепкер болдық. Жеке тұлғаларға автолизингті біз ұсындық. Осындай жетістіктеріміз бар, – деп жауап берді Е.Смолякова.

 ЖСДП өкілі Тазабек Сәмбетбай «Ақ жол» партиясына сұрақ қойды. Ол уақыт өте келе жұмыссыздар қатары көбюі мәселесін шешуде «Ақ жол» партиясы қандай алгоритм ұсынып отырғанын сұрады. Оған жауап ретінде  Олжас Нұралдинов өз партиясының мақсаты мемлекет кәсіпкерлерге кедергі келтірмей, оларға өзінің кәсібін дамытуға мүмкіншілік беруін қадағалау екенін айтты.

–       Кәсіпкерлікті тиімді түрде қолдасақ, ол бізге жұмыс орындарын береді. Жұмыссыздық мәселесі де осы тетік арқылы шешіледі. Біздің жауабымыз осы, – деп жауап берді ол.

Өз кезегінде Олжас Нұралдинов «Әділет» партиясының мүшесіне сұрақ қойды. Оның сұрағы ЖИ мемлекеттік қызметкерлердің жұмысына кіріскен жағдайда қызметкерлер санына тигізетін әсеріне қатысты болды. Бұған Ренат Бектұров ЖИ-дің өмірімізге, оның ішінде мемлекеттік қызметке келгенінен қорықпауымыз керектігін баса айтты. «Жаңа мамандықтар пайда болады. Ең бастысы – адамға осы қызметтердің тиімділігі артады. Бұл экономика өнімділігін арттырады деген сөз. Жастарымыз, мүмкін, басқа салада өз орнын осы жасанды интеллект арқылы тауып, кәсіпке баруы мүмкін» деді ол

Жалпы партиялардың пікірталасты мәдениетті әрі мазмұнды өткізуге тыңғылықты әзірленіп келгені анық байқалды. Саяси ұйымдар өкілдері бұған дейін атқарған жұмыстарынан мысал келтіріп, сол арқылы электорат назарын өздеріне аударуға ұмтылатындай.  

Қазақстан Халық партиясының өкілі Сұңқар Ислам сауалын ЖСДП партиясына қойды. Сұрақ төрт күндік жұмыс аптасына көшудің нәтижесіне қатысты болды. Тазабек Сәметбай өздерінің реалды ұсыныс жасап отырғанын алға тартты. Оның айтуынша, қазіргі жағдайда 4 күндік жұмыс уақытына көшуге мүмкіндік жеткілікті. Еуропада бұл жүйе енгізіліп, оң нәтижесін берді. Ол бізде де қазір 2 миллиондай адам өз жұмысын онлайн жүйеде тиімді атқарып отырғанын атап өтті.

«Қазақстанның болашағы – адам капиталы» тақырыбындағы пікірсайыс тікелей эфирде өтіп жатыр. Оған «Әділет», «Ауыл», Respublica, Қазақстан Халық партиясы, «Байтақ», «Ақжол» және Жалпыұлттық социал-демократиялық партияларының өкілдері қатысуда.

Көрермендер экрандағы QR-код арқылы пікірсайысқа қатысушылардың сөзін бағалап, онлайн сауалнамаға қатыса алады. Сауалнаманы «Қазақстан» телерадиокорпорациясының тапсырысы бойынша Орталық сайлау комиссиясында аккредиттеуден өткен «Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығы жүргізеді. Қазіргі аралық нәтиже бойынша дауыс беру қорытындысы мынадай: Барлығы 15876 адам дауыс берді. Оның ішінде «Әділет» – 66,1%, ЖСДП – 2,8%, «Байтақ» – 0,3%, ҚХП – 8,2%,  «Ауыл» – 2%, «Ақ жол» – 13,1%, Reslublica – 7,1%, ешқайсысы ұнамады  – 0,4%.

Теледебат барысында көрермендер әлеуметтік желілер арқылы өз сұрақтарын жолдап жатыр. Қазіргі көрсеткіш бойынша сұрақтардың 19.27 % – экономика, 13,76 % – саясат, 40,37 % – әлеумет, 10,09 % – экология, 16,51 % – мәдениет саласы бойынша келіп түсті.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:197
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Шілде 2026 23:20
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары