Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ұлттық жобаның игілігі

Ұлттық жобаның игілігі

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Бұл жағымды жаңалықты «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов жеткізді. Оның айтуынша, бірыңғай оператордың басқаруымен салынған 13 мектептің барлығы 28-29 тамыз күндері толығымен аяқталып, жаңа оқу жылының қарсаңында пайдалануға беру актілерімен жергілікті атқарушы органдардың балансына берілді.

Алматы қаласында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 21 заманауи оқу орда­сының құрылысы көзделген. Оның ішінде 13 мектеп – «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басқаруымен, ал қалған 8 мектеп – қала әкімдігі тарапынан мемлекет-жекеменшік әріптестік және дайын нысанды сатып алу механизмдері бойынша салынып жатыр.

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ бас­қа­руымен салынған барлық 13 мектептің құрылыс-монтаж жұмысы толық көлемде аяқталды. Өткен 29 тамызда соң­ғы нысанның пайдалануға беру актісі тір­келді. Осылайша, барлық 13 мектеп іске қосу актілерімен жаңа оқу жылына дейін Алматы қалалық әкімдігінің балансына ресми түрде өткізілді», деді Мәулен Ай­манбетов.

Енді Алматыда құрылысы аяқталған мектептердің тізіміне келейік. Олар: №97 мектеп, 600 орын — Әуезов ауданы, 1-шағынаудан (10 желтоқсан 2024 ж.), №217 мектеп, 2000 орын — Алатау ауда­ны, «Самғау» ш/а (26 ақпан 2025 ж.), №218 мектеп, 2000 орын — Алатау ауданы, «Қарасу» ш/а (20 ақпан 2025 ж.), №215 мектеп, 1500 орын — Бостандық ауданы, Розыбакиев–Левитан көш. қиылысы (28 шілде 2025 ж.), №154 мектеп, 1500 орын — Алатау ауданы, «Ақбұлақ» ш/а (31 шілде 2025 ж.), №214 мектеп, 1500 орын — Наурызбай ауданы, Райымбек даңғ. («Нұрлы дала» ТК ауданы) (2 мамыр 2025 ж.), №213 мектеп, 2000 орын — Алатау ауданы, «Теректі» ш/а (21 ақпан 2025 ж.), №216 мектеп, 1500 орын – Алмалы ауда­ны, Райымбек даңғ. 210 (2 мамыр 2025 ж.), №219 мектеп, 1500 орын – Наурызбай ауда­ны, «Құрамыс» ш/а (27 тамыз 2025 ж.), №220 мектеп, 2000 орын – Медеу ауда­ны, Көлдіжин тас жолы, «Апорт» СОО маңы (29 тамыз 2025 ж.), №222 мектеп, 2000 орын – Алатау ауданы, Т.Рысқұлов – С.Әшімов көш. қиылысы (29 тамыз 2025 ж.), №221 мектеп, 2500 орын – Наурызбай ауданы, «Шұғыла» ш/а (29 тамыз 2025 ж.), №224 мектеп, 2500 орын – Бостандық ауда­ны, Егізбаева көш., 9 (29 тамыз 2025 ж.).

Басқарма төрағасының сөзіне зер салсақ, №97 және №154 мектеп бұрынғы апатты жағдайдағы ғимарат орнына салынған. Ескі нысандар толық бұзылып, олардың орнына жаңа, жайлы және қауіпсіз білім ордасы бой көтерді.

«Бірыңғай оператордың басқаруымен ел тарихында алғаш рет әрқайсысы 2500 орындық 2 ірі мектеп салынып, пайдалануға берілді. Бұл – тек Алматыда ғана емес, бүкіл еліміздегі ең үлкен оқу ордалары. 2500 орындық мектептерді салудың нормативтік мерзімі 28 ай болса, біз оларды 22 айда аяқтадық», деді компания басшысы.

Ал 2000 орындық мектептердің нормативтік мерзімі 26 ай болса, олар 18 айда салынған. Барлық нысан белгіленген мерзімнен бұрын тапсырылды.

Мәулен Айманбетовтің айтуынша, «Келешек мектептері» ұлттық жобасы бекітілген кестеге және сапа талаптарына сай жүзеге асып жатыр. Алматыдан бөлек, құрылыс жұмыстары 10 өңірде толықтай аяқталған.

Өңір

Келешек мектептерінің саны

Оқушы орындары

Алматы

13 мектеп

23 100 орын

ШҚО

7 мектеп

3000 орын

СҚО

2 мектеп

1200 орын

Павлодар облысы

2 мектеп

1800 орын

Қызылорда облысы

10 мектеп

6900 орын

Маңғыстау облысы

13 мектеп

12 600 орын

Жамбыл облысы

7 мектеп

6200 орын

Ақмола облысы

9 мектеп

12 200 орын

Шымкент

12 мектеп

17 300 орын

Ұлытау облысы

1 мектеп

300 орын

Жетісу облысы

2 мектеп

1800 орын

Сондай-ақ Астана қаласында да ұлттық жобаны іске асыру тәмамдалуға жақын. Жоспарланған 22 мектептің 21-інде (39 200 орындық) құрылыс жұмысы аяқталды. 2000 орындық бір нысан жақында пайдалануға беріл­мек.

Бүгінгі таңда республика бойынша жоспарланған 217 300 орындық 208 мектептің 187-сінде құрылыс жұмысы аяқталды. Қалған 21 мектептің құрылыс-монтаждау жұмыстары биылғы жыл соңына дейін өз мәресіне жетеді. Мер­зімдердің сақталуы, орындалу сапасының жоғары болуы, қаражатты тиімді әрі үнемді пайдалану бірыңғай оператор жұмысының нәтижелілігін дәлелдейді», деді «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басқарма төрағасы.

Азамат ҚҰСАЙЫН

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:164
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Желтоқсан 2025 09:08
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see173

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see165

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see162

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see161

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see154

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see154

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see144

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see142

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see142

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see138

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see135

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see134

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see132

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see131

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see128

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see125

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see119

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see119

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары