Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Ұлы дала байқауы: AMANAT партиясы жас жазушылар мен ақындарды марапаттады

Ұлы дала байқауы: AMANAT партиясы жас жазушылар мен ақындарды марапаттады

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Елордадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы театрда «AMANAT» партиясы ұйымдастырған дәстүрлі «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауы қорытындыланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Биыл байқау Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналды.

Мәжіліс Спикері, «AMANAT» Төрағасы Ерлан Қошанов партия «Ұлы дала» байқауын алтыншы мәрте өткізіп отырғанын және жыл өткен сайын оның ауқымы кеңейіп келе жатқанын атап өтті. Биыл байқау алғаш рет өңірлік деңгейде өткізілді. Осы уақыт аралығында 100-ге жуық жас ақын-жазушы конкурс лауреаты атанып, бүгінде кеңінен танымал қаламгерлерге айналып отыр.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев руханиятқа ерекше көңіл бөлетінін жақсы  білесіздер. Президентіміз халқымыздың озық ойлы, интеллектуалды ұлт болғанын қалайды. Бұл туралы Ұлттық құрылтайларда, басқа да жиындарда үнемі айтып та жүр. Ендігі жас толқынның міндеті – кешегі қазақ әдебиеті жеткен биіктен аласармау, жаңа көкжиекке ұмтылу. Ал біздің міндетіміз – осы жастарға қолдау көрсету, жолын ашу. Бүгінгі «Ұлы дала» байқауы – соның жарқын көрінісі, «AMANAT» партиясының қазақ руханиятына қосып жатқан бір үлесі», – деді Ерлан Қошанов.

Партия Төрағасы таяуда Президент Жарлығымен ішкі саясаттың негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттары бекітілгенін еске салды. Осы маңызды құжатта Абайдың «Қара сөздері» ұлттық кітап нышаны ретінде айқындалды. Сондықтан бұл байқау ұлы қаламгер шығармашылығының терең мазмұны мен айрықша маңызын ашуға бағытталып, көпшіліктің қызығушылығын оятты.

Мәжіліс Спикері мемлекет тарапынан қаламгерлерге жан-жақты қолдау көрсетіліп келе жатқанына назар аударды. Мәселен, 2023 жылдан бері еліміздегі жас ақын-жазушыларға Президенттің арнаулы әдеби сыйлығы тағайындалады, «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығы табысталады, сондай-ақ жыл сайын ел аумағында көптеген конкурстар мен шығармашылық іс-шаралар өткізіледі. Жуырда ауқымды сауалнама аяқталды. Нәтижесінде, отандық әдебиеттегі үздік 100 кітап анықталып, кеңінен насихатталуда.

Ерлан Қошанов «AMANAT» партиясы тарапынан әдебиетті қолдау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға да тоқталды. Оның айтуынша, Мәжілістегі партия фракциясы көтерген бастама нәтижесінде жаңа Салық кодексінде отандық баспагерлер үшін қосымша құн салығы алынып тасталды. Бұл қадам кітаптарды оқырманға барынша қолжетімді етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ «Кітап оқитын ұлт» бастамасы мен «Кітап-АМАNAT» жобасы жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Осындай іс-шаралар арқылы азаматтардың бойында кітап оқу мәдениеті қалыптасып, кітапқа деген құрметі артады.

Ең бастысы, бүгінде ел азаматтары кітап оқу ісіне жоғары қызығушылық танытуда. Соның жарқын көрсеткіші ретінде биыл 11 айда кітапханаларға 37 миллион адам барды. Олардың орташа жасы – 17-25.

Биыл «Ұлы дала» байқауы 1 шілде мен 30 қазан аралығында өткізілді. Осылайша 120 шығарма ақтық кезеңге жолданып, оның барлығы аikyn.kz сайтында «Ұлы дала байқауы» арнайы айдарымен орналастырылды: https://aikyn.kz/uly-dala-baikauy.

«Поэзия» аталымы бойынша бірінші орынды Азамат Серікұлы, екінші орынды – Асантемір Қаршығаұлы, үшінші орынды – Абзал Мақаш иеленді.

«Проза» аталымы бойынша жүлделі бірінші орынды – Жақсылық Қазымұрат, екінші орынды – Думан Терлікбаев, үшінші орынды – Ретбек Мағаз қанжығалады.

«Балаларға арналған шығарма» аталымында Нұрбек Нұржанұлы жеңімпаз атанса, екінші орынды – Айдана Сегізбай, үшінші орынды – Құралай Омар иеленді.

«Драматургия» аталымы бойынша бірінші орын – Эльдар Тоқтасынға, екінші орын – Мия Алғожаеваға, үшінші орын – Гүлжанат Исатайқызына бұйырды.

«Әдеби сын» аталымы бойынша бірінші орын – Дария Келгенге, екінші орын – Айгүл Сәкенқызына, үшінші орын – Қарлығаш Қабайға табысталды.

Сондай-ақ «Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы» арнайы сыйлығын – Ұларбек Дәлейұлы, «Алаш аманаты» арнайы сыйлығын – Әділет Жағыпар, «Міржақып Дулатұлының 140 жылдығы» арнайы сыйлығын – Анар Абдуллина иеленді.

Іс-шара соңында барлық қатысушы режиссер Әлімбек Оразбековтің әйгілі «Абай» трагедиясын тамашалады.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:195
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Желтоқсан 2025 20:01
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары