Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жас ғалымдар мәрмәр қой етін өндіру технологиясын әзірледі

Еліміздің екі өңірінде мефедронның ірі партиясы тәркіленді

Мектеп сөмкесі бала салмағының 10% нан аспауы тиіс министрлік

Қазақстанда eGov 3.0 порталының жаңа нұсқасы іске қосылды

Ауыл партиясы өндірушілер тәжірибесін мемлекеттік қолдауда ескеруді ұсынды

Қазақстанда ипотеканы кімдер жиі рәсімдейді Отбасы банк статистикасы

Магистратура гранттары 2026 құжаттарды қалай тапсыру керек және қандай мерзімдерді жіберіп алмау қажет

Qalqan медициналық қызметтерді тексеру мен төлемді бірыңғай цифрлық жүйеге біріктіреді

Ақ жол партиясы Жана Роса кәсіпорынның жұмысымен танысты

Астанада газ желілеріне қосылу онлайн форматқа көшті

Биологиялық қоспаларды таңбалау ережелері бекітілді

“Ел өміріндегі маңызды оқиға болмақ“ Тоқаев Құрылтай сайлауы туралы

eGov бұзылған жоқ : министрлік 15 миллион азаматтың жеке дерегі тарағанын жоққа шығарды

Қазақстандық қақпашы Покатилов УЕФА Чемпиондар лигасының плей офф кезеңінде ойнайды

Имантау көлінде қиын жағдайға тап болған Ресейдің төрт азаматы құтқарылды

Лазерлік кешен, дрон мен орташа жылдамдықты бақылау жүйесі: Елімізде бұзақы жүргізушілерді қалай анықтауда

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова қызының бір жасқа толған тойын жасады (видео)

Орталық Азия экономикасының жартысынан астамы Қазақстанға тиесілі

Шекара шебіндегі өндіріс серпіні

Еңбек министрлігінде мүгедектік неге әртүрлі мерзімге белгіленетіні түсіндірілді

Үміт сыйлайтын мереке

Үміт сыйлайтын мереке

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Бір жерде ол тыныштық пен рухани тазару кезеңі болса, енді бір мемлекетте думанды шоу мен таңғаларлық салт-дәстүрлерге толы. Әлемнің әр түкпірінде Жаңа жылды қалай қарсы алатынына бір көз жүгіртейік. 

Жарық пен магияға толы Азия елдері

Жапонияда Жаңа жыл – асығыстықтан арылып, ішкі тыныштыққа бет бұратын ерек­ше мезет. Түн ортасы ауа ғиба­датханаларда қоңырау 108 рет баяу соғылады. Дзёя-но-канэ деп аталатын бұл көне дәстүр буддизм ілімінде адам бойын­дағы нәпсі, ашу, көреалмау­шы­лық секілді кемшіліктен ары­лудың нышаны саналады. Әрбір қоңырау үні өткен жыл­мен қоштасып, жаңа үмітке жол ашады. Мереке қарсаңында жа­пондар үйлерін мұқият таза­лап, жаман энергиядан арылуға тырысады. Жаңа жылдық нэн­гадзё ашық хаттары алдын ала әзірленіп, дәл 1 қаңтар күні адре­саттарына жетуге тиіс. Үйлер қарағай мен бамбук бұ­тақ­тарымен безендіріліп, ұзақ ғұмыр мен бақ-берекені мең­зейді. Ал мерекелік дастарқан­ның басты сәні – моти. Бұл тағам жапон халқы үшін төзім мен қуаттың символы болып саналады екен.

Қытайда Жаңа жыл Ай күн­тізбесіне сай тойланып, думан­ды мереке он бес күнге созыла­ды. Бұл кезең Фонарьлар фес­ти­валімен түйінделіп, түнгі аспанда мыңдаған жарық шам жанады. Қалалар қызыл шам­дармен көмкеріліп, көшелерде айдаһар мүсіні қойылады. Мұ­ның бәрі – бақ-береке мен молшылықтың нышаны. 

Қытай халқы Жаңа жылды отшашусыз елестете алмайды. Аспанды жарып шыққан фе­йерверктер ежелгі сенім бо­йынша жын-перілерді үркітіп, жамандық атаулыны алыстатады деп есептеледі. Ал мерекелік дас­тарқанның басты тағамы – алтын құймасына ұқсайтын тұш­пара. Ол келер жылдың бай­лық пен ырысқа толы болсын деген ізгі тілектің белгісі.

Үндістанда Жаңа жыл әр­түрлі күнтізбе бойынша той­ла­нады. Ең кең ауқымды мереке Гоа штатында өтеді. Бұл күні дауласуға, дөрекілік көрсетуге және қарыз сұрауға тыйым са­лынады. Халық үйлерін тазалап, ескі заттарды тастайды. Кейбір аймақтарда әйелдер сәттілік үшін қынамен өрнек салады. Үйлерде шыршаның орнына манго немесе пальма ағашы безендіріледі. 

Дәстүрді дәріптеген Еуропа елдері

Испанияда 31 желтоқсан түні Мадридтегі Пуэрта-дель-Соль алаңы мерекенің ор­талы­ғына айналады. Қо­ңырау үнімен 12 жүзім жеу әр жыл­ғы дәстүр саналып кеткен. Өйткені 12 жү­зім жылдың әр айы сәтті бол­сын деген ырым көрінеді. Сондай-ақ испан­дықтар Жаңа жыл түні қызыл іш киім кию сәттілік әке­леді деп сенеді. 

Италияда Жаңа жылды кө­шеде қарсы алады. Кей ай­мақ­тарда ескі заттарды тере­зеден лақтыру дәстүрі сақталған. Дас­тарқаннан жасымық үзіл­мейді. Себебі ол молшылықтың белгісі деп са­налады екен. 

Данияда Жаңа жыл түні ерек­ше әрі дабыралы дәстүрмен қарсы алынады. Дат халқы көр­шілерінің есігінің алдына жи­налған ескі ыдыс-аяқты әдейі сындырып, жыл бойы жиналған сәтсіздікпен қоштасады. Ел сенімінде қанша сынық көп бол­са, келер жылдағы бақ-бе­реке де соншалық мол болады. Сондықтан бұл түні тыныштық болмайды: петарда, отшашу мен күлкі араласқан шу айналаны кернейді. Даттар үшін Жаңа жыл – дауыспен қарсы алы­нып, шаттықпен басталуға тиіс мереке.

Шоу мен экзотикаға толы Америкада Жаңа жылдық көңіл күй мүлде бөлек. Бұл жақта Нью-Йоркте Таймс-сквер ала­ңында әйгілі хрусталь шардың төмен түсу рәсімі өтеді. Мил­лиондаған адам бұл сәтті тікелей тама­ша­лай­ды. Кей штаттарда та­ри­хи шеру мен тақырып­тық кештер ұйым­дас­тырылады. 

Бразилияда Рио-де-Жа­нейро жағажайында мың­даған адам ақ киім киіп, те­ңіз­дегі жеті тол­қын­нан секіреді. Бұл – тілек ті­леу рәсімі. Мереке Ие­манжа су тәңі­ріне гүл ұсы­нумен және ау­қым­ды от­ша­шумен жал­ғасады. 

Жаңа жылдық демалыс қанша күнге созылады?

Әлем халықтары Жаңа жыл­ды әртүрлі дәстүрмен қарсы алса, мерекелік демалыс күн­де­рінің ұзақтығы да өзгеше. Бірі рухани тазаруға уақыт бөлсе, енді бірі ұзақ каникулды от­басымен өт­кізуді жөн көреді. Осы орайда Қазақстанның көршілеріндегі жағдайға назар аудардық. 

Әзербайжанда 31 желтоқ­сан – ресми демалыс күні. Бұл күн елде ғана емес, шетелдердегі әзербайжан диаспорасы көп шоғырланған өңірлерде Әзер­байжандардың Ынтымақ күні ретінде атап өтіледі. Аталған мерекені 1991 жылы елдің сол кездегі көшбасшысы Гейдар Әлиев жариялаған.

Qafqazinfo.az мәліметінше, әзербайжандықтарды биыл ұзақ жаңажылдық каникул күтіп тұр. Алдын ала ақпарат бойынша 2025 жылғы 29, 30, 31 жел­тоқсан және 2026 жылғы 1, 2, 3, 4 қаң­тар аралығы – бар­лығы 7 күн де­ма­лыс болып белгіленуі мүмкін.

Беларусьте демалыс күндері дәстүрлі түрде алдын ала жос­пар­ла­нады. Елдің Еңбек ми­нистр­лігі жұмыс күн­дерін кө­шіру кестесін бекітіп, ха­лық­қа қо­лайлы жағдай жа­сайды. 2025 жыл­дың соңында жұмыс күн­дері мынадай тәр­тіппен ауысты­ры­ла­ды: 26 желтоқсан (жұ­ма) – 20 желтоқсанға (сенбі) көші­ріледі. Нәти­же­сінде, 25-28 желтоқсан аралы­ғы – төрт күн қатарынан де­малыс болады. Католик Рож­дес­твосынан кейін бұл де­малыс Жаңа жыл және пра­вос­лав Рождест­во­сымен жалғасады. Ұйымдар­ға жұмыс ерекшелігін еске­ре отырып, кестені өз қа­лауын­ша өзгертуге де мүмкіндік берілген.

Ресейде жаңажылдық де­ма­лыс жыл сайын ерекше ұзақ­тығымен көзге түседі. Биыл да сол дәстүр жалғасып, ресей­лік­тер 12 күн бойы демалады.Демалыс күндерін көшірудің нәтижесінде, 31 желтоқсаннан бастап 11 қаңтарға дейін жұмыс болмайды. Яғни, 1-9 қаңтар ара­лығындағы демалысқа 31 жел­тоқ­сан мен 10-11 қаңтар қо­сылған.

Айта кетейік, Ресейде мұн­дай ұзақ каникул 2013 жылдан бері қалыптасқан. Алғашында тек 1-2 қаңтар ғана демалыс болса, кейін халықтың сұраны­сына сай мерекелік күндер бір­тіндеп көбейтілген.

Қырғызстанда да Жаңа жыл қарсаңында жұмысшыларға жеңілдік жасалады. Елдің Еңбек министрлігі 31 желтоқсанда қыз­меткерлерді жұмыстан боса­туға рұқсат берген. Бұл күні тек мем­лекеттік органдар мен шұ­ғыл қызметтер ғана жұмыс істейді.

Сонымен қатар 2026 жылғы 1-7 қаңтар аралығы ресми ме­рекелік демалыс күндері болып белгіленген. Мұндағы 1-6 қаң­тар – жаңажылдық каникул, ал 7 қаңтар – православ Рож­дествосы. Осылайша, қырғыз­стандықтар 8 күнге дейін демала алады.

Жаңа жыл – күнтізбедегі күн ғана емес, әр халықтың мәде­ниеті мен дүниетанымын көр­сететін ерекше құбылыс. Бір елде ол тыныштық пен тазару символы болса, екіншісінде думан мен шаттықтың мерекесі. Түрлі дәстүрге қарамастан, барлық халықты біріктіретін ортақ ниет бар, ол – жаңа жылды үмітпен, жақсылыққа сеніммен қарсы алу.

Әсет ҚАЛИ

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:191
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Желтоқсан 2025 06:59
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жас ғалымдар мәрмәр қой етін өндіру технологиясын әзірледі

11 Тамыз 2026 15:05see120

Еліміздің екі өңірінде мефедронның ірі партиясы тәркіленді

11 Тамыз 2026 14:28see120

Мектеп сөмкесі бала салмағының 10% нан аспауы тиіс министрлік

11 Тамыз 2026 22:14see119

Қазақстанда eGov 3.0 порталының жаңа нұсқасы іске қосылды

11 Тамыз 2026 15:05see118

Ауыл партиясы өндірушілер тәжірибесін мемлекеттік қолдауда ескеруді ұсынды

11 Тамыз 2026 22:12see117

Қазақстанда ипотеканы кімдер жиі рәсімдейді Отбасы банк статистикасы

11 Тамыз 2026 16:40see116

Магистратура гранттары 2026 құжаттарды қалай тапсыру керек және қандай мерзімдерді жіберіп алмау қажет

12 Тамыз 2026 16:23see113

Qalqan медициналық қызметтерді тексеру мен төлемді бірыңғай цифрлық жүйеге біріктіреді

12 Тамыз 2026 11:23see113

Ақ жол партиясы Жана Роса кәсіпорынның жұмысымен танысты

12 Тамыз 2026 22:15see113

Астанада газ желілеріне қосылу онлайн форматқа көшті

12 Тамыз 2026 13:53see112

Биологиялық қоспаларды таңбалау ережелері бекітілді

11 Тамыз 2026 15:50see112

“Ел өміріндегі маңызды оқиға болмақ“ Тоқаев Құрылтай сайлауы туралы

12 Тамыз 2026 15:13see112

eGov бұзылған жоқ : министрлік 15 миллион азаматтың жеке дерегі тарағанын жоққа шығарды

12 Тамыз 2026 19:42see112

Қазақстандық қақпашы Покатилов УЕФА Чемпиондар лигасының плей офф кезеңінде ойнайды

12 Тамыз 2026 16:27see112

Имантау көлінде қиын жағдайға тап болған Ресейдің төрт азаматы құтқарылды

12 Тамыз 2026 23:00see109

Лазерлік кешен, дрон мен орташа жылдамдықты бақылау жүйесі: Елімізде бұзақы жүргізушілерді қалай анықтауда

11 Тамыз 2026 14:27see109

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова қызының бір жасқа толған тойын жасады (видео)

13 Тамыз 2026 01:01see109

Орталық Азия экономикасының жартысынан астамы Қазақстанға тиесілі

11 Тамыз 2026 18:36see108

Шекара шебіндегі өндіріс серпіні

13 Тамыз 2026 04:41see106

Еңбек министрлігінде мүгедектік неге әртүрлі мерзімге белгіленетіні түсіндірілді

12 Тамыз 2026 08:00see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары