Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Уимблдон : үміт ақталмады

Уимблдон : үміт ақталмады

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Юлия Путинцева мен Александр Шевченко алғашқы айналымнан аса алмады. Бірі – Татьяна Маринадан (Испания), екіншісі Феликс Оже-Альяссимнен жеңілді. Жарысты қарқынды бастаған Елена Рыбакина Лоис Буассон (Франция) мен Кетти Макнеллиді (АҚШ) ұтқанымен, үшінші кезеңде Элисе Мертенске (Бельгия) жол берді. Бастапқы бәсекелерде Танаси Коккинакис (Аустралия), Кириан Жаке (Франция) және Фрэнсис Тиафоны (АҚШ) қапы қалдырған Александр Бублик одан кейін Тэйлор Фрицке (АҚШ) есе жіберді.

Жерлестеріміз жарысты ерте аяқ­та­ғанымен, материалдық тұрғыдан ештеңе жоғалтқан жоқ. Керсінше, ол жағынан ол­жаға кенелді. Өйткені «Үлкен дулыға» (ҮД) санатындағы турнирлердің жүлде қоры мол екені баршаға мәлім. Биыл «Уимблдонда» ол 64,2 миллион фунт-стерлингті (88 миллион долллар) құрады. Жекелеген сайыста жеңімпаз атанған теннисшілер 3,6 миллионды олжаласа, финалда ұтылғандар сол соманың тең жартысын алды. Жартылай финалға жеткендер 900 мыңды иеленсе, ширек финалға шыққандардың есепшотына 480 мың доллар аударылды. Жерлестеріміздің арасынан ең үздік нәтиже көрсеткен А.Бублик 300 000 фунт-стерлингті еншілесе, үшінші айналымда сүрінген Е.Рыбакина 185 000-ды әмиянына салды. Тұсаукесер кездесулерінде жеңілістің кермек дәмін татқан Ю.Путинцева мен А.Шевченко 80 000-нан еншіледі.

Жұптық бәсекеде өзін жақсы қырынан көрсетіп жүрген Анна Данилина осы жолы оңбай сүрінді. Сербиялық Александра Крунич екеуі үшінші кезеңде Ингрид Нил (Эстония) мен Джулина Олмодтан (Мексика) ұтылды. Миксте де Данилина мандытып өнер көрсете алмады. Ал жастар буыны арасындағы додада Заңғар Нұрланұлы үшінші айналымға жетті. Бұл межеде қандасымыздың жолын германиялық Винсент Райзах бөгеді. Сол секілді Дамир Жалғасбайдың да жолы болмады. Сөйтіп, биылғы «Уимблдон» біздің теннисшілер үшін сәтсіз аяқталды.

Үздіктер жайында айтар болсақ, ерлердің жартылай финалында германиялық Александр Зверев (АТР №3) ұлыбританиялық Артур Фериді (АТР №114) ұтты – 7:6, 6:2, 6:4. Келесі кездесу әлемнің бірінші ракеткасы, италиялық Янник Синнер (АТР №1) мен жер-жаһандағы ең атақты теннисші, «Үлкен дулыға» турнирлерінің 24 дүркін жеңімпазы, сербиялық Новак Джокович (Сербия) арасында өтті. Екеуінің жас айырмашылығы бақандай 15 жасты құрады. Янник 24-те, Новак 39-да. Бұл бәсекеде Синнер Джоковичке еш мүмкіндік бермеді – 6:4, 6:4, 6:4. Ал бас жүлде үшін бәсекеде Апеннин түбегінің тарланы Зверевтің осал тұсын оңай тапты – 6:7, 7:6, 6:3, 6:4. Осылайша, 24 жастағы Янник Синер «ҮД» додаларында бесінші титулына қол жеткізді.

Әйелдер арасындағы финалда Каролина Мухова (WTA №9) мен Линда Носкова (WTA №12) шеберлік байқасты. Бұған дейін екеуі де «ҮД» додаларында дараланған емес. Каролина 2023 жылы Ролан Гарростың финалында ойнады, ал Линаның ең үздік көрсеткіші – 2024 жылы Аустралияның ашық біріншілігінің ширек финалына дейін жетуі. Чехиялық теннисшілердің финалдық дербиі 21 жастағы Носкованың пайдасына шешілді – 6:2, 5:7, 6:3.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:118
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Шілде 2026 08:35
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see129

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see127

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see126

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see123

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see122

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see121

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see119

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see119

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see119

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see118

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see117

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see116

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see116

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see116

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see116

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see114

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see114

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see113

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see112

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары