Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қауіпті үйлерден көшу жоспары кешеуілдеп тұр

Атырауда 50 млн теңгелік жүлде қоры сарапқа салынған Atyrau Open 2026 мәресіне жетті

Жалақысы 1,4 миллион теңгеге жуық: Қазақстанда кімдер бәрінен көп табады

Түркия Украина бойынша келіссөзді жіті бақылап отырады дереккөз

Анкарада Құрылтай феномені кітабының түрік тіліндегі нұсқасы таныстырылды

Украина үшжақты кездесу өткізуге дайын Зеленский

Қазақстанның Орталық Азиядағы рөлі 7 жылда қалай өзгерді?

Алматыда көшеде жалаңаш жүрген кішкентай қыздың ата анасы табылды

Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Азия чемпионатының ширек финалына өтті

Әлемнің 900 ден астам палуаны Астана төрінде белдеседі

Астаналықтар балалар алаңындағы әскери суреттерге наразы болды: әкімдік жауап берді

Авиациялық қауіпсіздік апталығы ашылды

Алматыда алғашқы қар жауып, күн 4°C қа дейін суытады

Тәуелсіздікке бастар жол

Норвегияда қоқыстың 98 пайызы қайта өңделіп, кәдеге жаратылады Еділ Жаңбыршин

Хромтау шахтасының төбесі опырылып түсті бір кенші қаза тапты

Тәуелсіздіктің тарихи маңызы талқыланды

Грант бар, ақша жоқ: Атырауда 50 болашақ дәрігер стипендиясыз қалды

Екі ел байланысын бекемдеген бастама

новости на сайте Ак Жайык

ҰҚК 45 миллиард теңгенің мұнай өнімдерін шығару схемасын әшкереледі

ҰҚК 45 миллиард теңгенің мұнай өнімдерін шығару схемасын әшкереледі

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) мұнай өнімдерін пеш отыны кейпінде шетелге заңсыз шығарып келген ұйымдасқан топтың әрекетін тоқтатты. 2019-2023 жылдар аралығында шекара асырылған 160 мың тоннадан астам өнімнің құны шамамен 45 миллиард теңгені құрайды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Схема қалай жұмыс істеді?

Тергеу мәліметінше, бұл схеманы Маңғыстау облысының кәсіпкері ұйымдастырған. Ол шикі мұнай сатып алу үшін жер қойнауын пайдаланушы компаниялармен келісімшарттар жасасқан.

Содан кейін шикізат Standart Petroleum және Mangystau Oil Refining шағын мұнай өңдеу зауыттарында қайта өңделген. Өнімдерге жалған сапа паспорттары ресімделген.

Бұдан кейін мұнай өнімдері пеш отыны түрінде Ақтау теңіз порты арқылы танкерлермен шетелге жөнелтіліп отырған.

ҰҚК мәліметінше, 2019-2023 жылдар аралығында тек Batys Nefte Trade ЖШС арқылы 160 мың тоннадан аса мұнай өнімі заңсыз экспортталған. Операциялардың жалпы сомасы шамамен 45 миллиард теңгеге жеткен.

Қандай активтер тәркіленді?

Биыл қылмыстық іс аясында айыпталушылардың активтері, шағын мұнай өңдеу зауыттары, танкер және басқа да мүліктері тәркіленді.

Бұдан бөлек, заңсыз алынған табыстар мен төленбеген салықтар есебінен мемлекет пайдасына екі миллиард теңгеден аса қаражат өндірілді.

Ұйымдасқан қылмыстық топтың бес мүшесі сегіз жылға сотталды

Бұған дейін Ақтау қалалық соты ұйымдасқан қылмыстық топтың бес мүшесіне қатысты үкім шығарған болатын. Сотталғандардың арасында шағын МӨЗ мен трейдерлік компанияның басшылары бар.

Олар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 234-бабы 3-бөлігі және 262-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Сот олардың әрқайсысына сегіз жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті.

Қылмыстық схеманы ұйымдастырушыға халықаралық іздеу жарияланды.

Еске сала кетейік, бұған дейін жыл басынан бері Қаржылық мониторинг агенттігі Ішкі істер министрлігімен және ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп, елімізден тыс жерлерге ЖЖМ заңсыз шығарудың 712 әрекетінің жолын кескені хабарланған болатын. Мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы мен контрабандасы фактілері бойынша 8 сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:72
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қазан 2026 11:33
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қауіпті үйлерден көшу жоспары кешеуілдеп тұр

22 Қазан 2026 06:33see141

Атырауда 50 млн теңгелік жүлде қоры сарапқа салынған Atyrau Open 2026 мәресіне жетті

21 Қазан 2026 11:52see139

Жалақысы 1,4 миллион теңгеге жуық: Қазақстанда кімдер бәрінен көп табады

21 Қазан 2026 08:16see136

Түркия Украина бойынша келіссөзді жіті бақылап отырады дереккөз

21 Қазан 2026 09:07see135

Анкарада Құрылтай феномені кітабының түрік тіліндегі нұсқасы таныстырылды

21 Қазан 2026 07:56see135

Украина үшжақты кездесу өткізуге дайын Зеленский

21 Қазан 2026 14:49see134

Қазақстанның Орталық Азиядағы рөлі 7 жылда қалай өзгерді?

21 Қазан 2026 09:46see133

Алматыда көшеде жалаңаш жүрген кішкентай қыздың ата анасы табылды

21 Қазан 2026 20:04see132

Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Азия чемпионатының ширек финалына өтті

21 Қазан 2026 14:45see132

Әлемнің 900 ден астам палуаны Астана төрінде белдеседі

21 Қазан 2026 20:15see131

Астаналықтар балалар алаңындағы әскери суреттерге наразы болды: әкімдік жауап берді

21 Қазан 2026 19:20see130

Авиациялық қауіпсіздік апталығы ашылды

22 Қазан 2026 04:10see125

Алматыда алғашқы қар жауып, күн 4°C қа дейін суытады

21 Қазан 2026 16:58see122

Тәуелсіздікке бастар жол

22 Қазан 2026 04:49see120

Норвегияда қоқыстың 98 пайызы қайта өңделіп, кәдеге жаратылады Еділ Жаңбыршин

21 Қазан 2026 16:12see120

Хромтау шахтасының төбесі опырылып түсті бір кенші қаза тапты

21 Қазан 2026 15:58see120

Тәуелсіздіктің тарихи маңызы талқыланды

22 Қазан 2026 04:24see117

Грант бар, ақша жоқ: Атырауда 50 болашақ дәрігер стипендиясыз қалды

21 Қазан 2026 14:36see117

Екі ел байланысын бекемдеген бастама

22 Қазан 2026 05:02see114

новости на сайте Ак Жайык

21 Қазан 2026 13:58see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары