Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев: Цифрлық технологияның арқасында диагностика жасау уақыты 4 есе қысқарды

Атырауда жаңа судьялар тағайындалды

Қазақстан Орта Азия бойынша қарызы ең көп мемлекет болып отыр

Қазақтардың қонақжайлылық мәдениеті: урбанизация ежелгі дәстүрлерді қалай өзгертті

Қаржы министрі бюджетке 336 млрд теңгенің түспеу себебін айтты

Ең бастысы жұрт амандығы

Банктер үшін бірыңғай QR код 2026 жылдың шілдесінде іске қосылады Ұлттық банк

Қарағандыда жүктілікті үзу қызметі үшін заңсыз 22 млн теңге төлем алынған

Екінші турдың алғашқы ойындары: 18 маусымға арналған ӘЧ 2026 кестесі

Қонаевтың бас жоспары Қапшағай жағалауындағы қала қалай дамиды

Нейрохирургияның жаңа міндеттері

Қазақстанда бірыңғай QR төлем жүйесі қашан іске қосылады?

Тоқаев ТМҰ жоғарғы сот төрағаларымен саланы цифрландыру мәселесін талқылады

Жетісу Жұматай Жақыпбаевтың алдындағы қарызын өтеді

Әл Фарабидегі жол апатынан қаза тапқан Томиристің әкесі жәбірленуші деп танылды

Роналду гол соға алмады: Португалия мен Конго тең түсті

Димаш Құдайберген Алтын белгі иегеріне ерекше сыйлық жасады

Қазақстан жаңа Конституцияда Ұлы дала тарихи сабақтастығын бекітті

Елена Рыбакина Берлиндегі турнирді екінші айналымда аяқтады

Катарға қарсы матчта Канада құрамасының ойыншысы ауыр жарақат алды

Үш айдан бері ұйықтамадым Әл Фараби даңғылындағы ЖКО дан қаза тапқан бойжеткеннің әкесі сотта жан айқайын жеткізді

Үш айдан бері ұйықтамадым Әл Фараби даңғылындағы ЖКО дан қаза тапқан бойжеткеннің әкесі сотта жан айқайын жеткізді

Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Алматыда әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін қиған жол апатына қатысты атышулы сот процесі күтпеген бағытқа бұрылды. 19 маусымда өткен отырыста қаза тапқан 20 жастағы қыз Т. К.-ның әкесі сөз сөйледі. Ол бұған дейін сотталушыны кешірмейтінін мәлімдеген болатын, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін қиған жол апатына қатысты атышулы сот процесі күтпеген бағытқа бұрылды. 19 маусымда өткен отырыста қаза тапқан 20 жастағы қыз Т. К.-ның әкесі сөз сөйледі. Ол бұған дейін сотталушыны кешірмейтінін мәлімдеген болатын, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен жерлеумен айналысып жүргенде, бұрынғы әйелім кешірім берген": әкесі қандай өтініш білдірді

19 маусымда процесс басталмас бұрын, қаза тапқан қыздың әкесі Рүстембек Шүтеновтің үш өкілі ер адамды жәбірленуші деп тану туралы өтінішхат жолдады.

Олар ер адам қаза тапқан қыздың анасымен ажырасқанын, бірақ қызының өміріне белсене араласып келгенін түсіндірді.

Адвокат талаптың заңдылығын негіздеу барысында ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 71-бабына сүйенді.

"Марқұмның ата-анасының бірін жәбірленуші деп тану екінші ата-анасын жәбірленуші ретінде тануға кедергі болмайды. Бұл баласынан айырылуына байланысты ата-ананың әрқайсысына жеке моральдық зиян келтірілгендігімен түсіндіріледі. Заң бірнеше жақын туысты жәбірленуші деп тану мүмкіндігіне тікелей рұқсат береді", – деді өкіл.

Адвокаттың айтуынша, әкесі жерлеу рәсімімен айналысқандықтан, тергеу кезеңінде іске қатыса алмаған.

"Ол жерлеу ісімен жүргенде, бұрынғы әйелі жалғыз жәбірленуші болып бекітілген. Оның сотталушыға шартты мерзім беруді сұрағанын әкесі кейін бірақ білген", – деді өкіл.

Қаза тапқан қыздың әкесі адвокаттарының сөзін толық қолдап, сотта өз уәжін айтуға заңды мүмкіндік беруді сұрады. Мемлекеттік айыптаушылар да бұл талапты орынды деп санады.

Қоқан-лоқы көрсету және алимент төлемеу туралы айып: сотталушы тараптың ұстанымы

Сотталушы А. П. тарапы әкені жәбірленуші деп тануға үзілді-кесілді қарсы шықты. Оның адвокаты Арман Рахманбердиева ер адам марқұм қыздың анасымен 2018 жылдан бері ажырасқанын және алимент төлеуден жалтарғанын алға тартты. Сонымен қатар қорғаушы тараптың уәжі бойынша, ер адам сотталушының отбасына қысым көрсеткен көрінеді.

Ал Рүстембек Шүтенов Таразда сотталушының ата-анасына барғанын растады, бірақ ешқандай заңсыз әрекет жасамағанын айтты.

"Өсірдім, мәпеледім, жақсы көрдім": марқұмның әкесі сотта не деді?

Төрағалық етуші судья Еркін Майшынов шешім қабылдамас бұрын қаза тапқан қыздың әкесінен жауап алды.

Шүтенов 20 жастағы қызы 2005 жылы желтоқсанда дүниеге келгенін айтты. Анасымен 2018 жылы ажырасса да, тұңғышын әрдайым қамтамасыз етіп, Алматыдағы элиталық жекеменшік мектепте оқытқанын жеткізді.

"Біз 2018 жылдан бері бірге тұрмаймыз. Бұрынғы әйелім бес бала туып берді. Бұл менің жерлеп отырған екінші қызым. Бірінші қызымның аты Аружан еді. Ол бір жарым айлығында шетінеп кетті. Одан кейін үш ұлым туды. Ал екінші қызымды 20 жас 3 айында жер қойнауына бердім. Өсірдім, мәпеледім, жақсы көрдім. Биыл жазда тұрмысқа шығуы керек еді. Бұрынғы әйелімнің өтемақы алғанын балалардың болашағы үшін жасаған қадамы деп түсінемін. Бірақ мен жеке өз басым ешқандай кешірім берген жоқпын. Ал мына отырған адамды да, оның анасын да өмірімде көрген емеспін", – деді марқұмның әкесі.

Қаза тапқан қыздың әкесі сотталушы адвокатының "ақша алды және сотталушының отбасына қоқан-лоқы көрсетті" деген айыптауларын жоққа шығарды.

"Мен Таразға әкесіне бардым, кішіпейілділікпен кірдім, дөрекілік танытпадым. Әкесі жылап: "Мені кешір, баламды кешір" деді. Мен: "Ақсақал, сіздің еш кінәңіз жоқ, тек бір нәрсеге кінәлісіз – балаңызға дұрыс тәрбие бере алмағансыз" дедім. Содан соң бұрылдым да кеттім. Дөрекі сөйлеген де, қорқытқан да жоқпын. Қандай өтемақы туралы сөз болып тұр? Анасы менен қашып жүр. Мен: "Байланысқа шығыңыздар, кездесейік" деймін. Олар менен тығылып, қашып жүрді", – деп түсіндірді ер адам сотта.

"Үш айдан бері ұйықтамадым"

Рүстембек Шүтенов 21 наурыздағы сол бір сұмдық таңды еске алды. Оған полициядан хабарласып, қызы қаза тапқанын айтқан. Оның сөзінше, ол мәйітханаға денені тануға барған.

"Ол кезде менің ойымда тек қызымды мәйітханадан тезірек алып кетіп, жерлеу болды. Ал бұрынғы әйелім ІІД-ге түсініктеме жазуға кетті", – деп бөлісті ол қайғылы оқиғаның мән-жайын.

Ер адам қызымен жол апатынан бір күн бұрын ғана сөйлескенін айтты. Қызы Наурыз мерекесіне әкесіне келуді жоспарлаған екен.

Адвокат Шүтеновтен бұл қайғылы жағдай оған қалай әсер еткенін және депрессияға түскен-түспегенін сұрағанда, ол шыдамай айғайға басты:

"Мен үш айдан бері ұйықтамадым!" – деп айғай салған әкесі балағат сөз қосып жіберді.

Судья Еркін Майшынов оның сөзін бөліп, сот залында сөйлеу мәдениетін сақтауға шақырды.

Ер адам ашу үстінде айтылған сөзі үшін соттан кешірім сұрады.

Бұдан кейін сотталушының адвокаты марқұмның әкесіне сұрақтар қойды. Ол Шүтеновтің неге процесске ертерек қосылмағанын және бұрынғы әйелінің сотталушыны кешіргенін қашан білгенін сұрады. Ер адам бұрынғы әйелінің істегі мәртебесі туралы білмегенін, болған жайттың бәрін жаңалықтардан оқып білгенін айтты.

Сотталушының қорғаушысы Арман Рахманбердиева да марқұмның әкесі бұған дейін сотталушының отбасынан өтемақы алғанын мәлімдеді, бірақ Шүтенов бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Марқұмның әкесінен жауап алынғаннан кейін сот оны жәбірленуші деп тану туралы өтінішті қанағаттандырды.

"Кешірмедім, кешірім бермеймін де"

Еске сала кетейік, бұған дейін қаза тапқан үш адамның туыстары Zeekr электркарының жүргізушісін толық кешіргендерін мәлімдеген болатын. 8 маусымда қаза тапқан Т.К.-ның анасы сотта моральдық және материалдық шығын үшін өтемақы алғанын растап, шағымынан бас тартты және сотталушыға бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды сұрады.

Алайда қыздың әкесі бұған дейін Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында мүлдем басқа ұстанымда екенін білдірген еді.

"Сотталушының анасы маған 10 миллион теңге ұсынды. Маған оның миллиондары керек емес, маған балам керек. Мен кешірмедім, кешірім бермеймін де. Мен Таразда оның ата-анасының үйінде болдым (сөз сотталушының ата-анасы туралы болып отыр – ред. еск.). Әкесі алдымда жылап кешірім сұрады", – деп мәлімдеген болатын Шүтенов.

Жол апатының себебі неде: сотталушы нұсқасы

Бұдан бұрын 15 маусымда сотта сотталушы А. П. жауап берді. Ол апатты Zeekr автокөлігінің техникалық ақауымен байланыстырады.

Оның айтуынша, мейрамханадан шыға бергенде бақылау панелінде ескерту индикаторлары жанған, ал әл-Фараби даңғылы бойымен келе жатқанда гуіл пайда болған. Оны жою үшін жүргізуші айналымды арттыруды ұйғарған.

"Сол жақ жолақтан оң жаққа ауыса бастадым. Осы сәтте, бәлкім, жолаққа қайтару жүйесі кенет іске қосылып, соның салдарынан көлік тайып кеткен болуы мүмкін. Қарсы беттегі жолаққа шығып кеткен соң көлік басқаруға көнбеді. Оңға немесе солға бұруға тырыстым, бірақ көлік маған бағынбады, тежегіш жұмыс істемеді. Осыдан кейін жол апаты болды", – деді ол сотта.

Сотталушының айтуынша, ол тек жансақтау бөлімінде есін жиып, сол жерде үш адам қаза тапқанын білген.

Сондай-ақ сотта ер адам апатқа дейін достарымен бірге Алматыдағы танымал орындардың бірінде уақыт өткізгені белгілі болды. Бұған дейінгі сот отырысында сотталушы кешті қалай өткізгенін және қанша алкоголь ішкенін егжей-тегжейлі айтып берген болатын – толығырақ мына жерден оқыңыз.

Тағы оқыңыз: “Онда вискиді кім ішті?“ - үш адам қаза болған жол апаты бойынша сотта Zeekr жүргізушісіне өткір сұрақ қойылды

Бұған дейінгі отырыста судья сотталушы қайғылы оқиғаға дейін жол жүру ережелерін бірнеше рет бұзғаны туралы мәліметтерді жариялаған болатын.

Тағы оқыңыз. Алкоголь ішу және жылдамдықты асыру: Әл-Фарабидегі жол апаты ісі бойынша сотталушыға бұрын қандай айыппұлдар салынған?

Айыпталушы А. П. / Отырыстан түсірілген видеодан скриншот

Zeekr жүргізушісіне қандай айып тағылып отыр және оған қандай жаза тағайындалуы мүмкін?

Үш адамның өмірін қиған жол апатына қатысты атышулы істі Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарап жатыр.

Күдікті А. П. Қылмыстық кодекстің 345-1-бабының 4-бөлігі "Алкогольдік масаң күйде жол жүрісі қағидаларын бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғу" бойынша айыпталып отыр.

Анықтама. Бап санкциясы белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды қарастырады.

Айыптау актісі

Алдын ала тыңдау барысында мемлекеттік айыптаушы айыптау актісін оқыды. Тергеу нұсқасы бойынша, сотталушы А. П. – Zeekr 001 автокөлігінің иесі әрі жүргізушісі – рөлге мас күйінде отырған.

Сондай-ақ айыптау мәліметтеріне сәйкес, көлікте тіркеу құжаттарына сәйкес келмейтін 100 QR 02 нөмірі болған.

"Меңдіқұлов көшесімен қиылыста сотталушы қарсы бетке шығып кетіп, әл-Фараби даңғылымен шығыс бағытта келе жатқан Mercedes-Benz автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан", – деді прокурор.

Соқтығысу салдарынан оқиға орнында үш адам қаза тапты: 1996 жылы туған Mercedes жүргізушісі, сондай-ақ оның 2003 және 2005 жылы туған екі жолаушысы.

Айыптау актісін оқу кезінде қаза тапқандардың туыстары көз жасына ерік берді.

Сотталушы қандай жылдамдықпен жүрген?

Ресми сараптама қорытындысы бойынша, соқтығысу алдында оның көлігінің жылдамдығы сағатына 219 шақырым болған.

ҚР ІІМ видеосынан кадр "Өз іс-әрекетімді ақтамаймын" – Zeekr жүргізушісі

28 мамырда сотта сотталушы А. П. қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, кешірім сұрады.

"Ешқандай сөз де, ешқандай іс-әрекет те жақындарыңызды қайтара алмайтынын түсінемін. Әр отбасына қаншалықты қайғы әкелгенімді білемін. Өз іс-әрекетімді ақтамаймын. Ештеңеге үміт артпаймын, ештеңеден дәметпеймін. Заңға сәйкес жазамды толық өтеуге дайынмын. Тек бостандыққа шығып, қолдан келгенше отбасыларыңызға көмектескім келеді. Өзімді кешірмеймін және сіздерді ұмытып кетпеймін. Кешіріңіздер", – деді ол.

Қаза болғандардың отбасы Zeekr жүргізушісіне шартты жаза сұрап отыр

1 маусымда Алматыда негізгі сот талқылауы басталды. Онда қаза тапқан екі адамның – 1996 жылы туған Mercedes жүргізушісі мен 2003 жылы туған жолаушы қыздың туыстары сотталушымен татуласқандарын айтып, оған шартты жаза тағайындауды сұрады.

8 маусымда үшінші марқұмның анасы да осындай ұстанымда болды.

Қаза тапқан 22 жастағы К.-ның анасы 100 миллион теңгеге талап арыз түсірмек болған өкілдерінің қызметінен де бас тартты. 11 маусымда 29 жастағы Е.-нің отбасы да өкілдер қызметінен бас тартқаны белгілі болды.

Айыпталушының өзі сотта болған оқиға бойынша кінәсін мойындайтынын мәлімдеді.

3 маусымда Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Санжар Әділов Мәжілісте өткен брифингте тараптардың татуласуы адам өліміне әкеп соққан жол апаты ісінің нәтижесіне қалай әсер етуі мүмкін екендігіне қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, жәбірленушілердің ұстанымы айыпталушының қылмыстық жауапкершіліктен босатылуына жол бермейді.

“Кешірмедім, кешірім бермеймін де“ - жол апатында қаза тапқан қыздың әкесі

Туыстарының мәлімдемесі желіде қызу пікірталас тудырды. Осыдан кейін Tengrinews.kz тілшісіне қаза тапқан 20 жастағы Т. К.-ның әкесі хабарласып, айыпталушыны кешірмейтінін және оның қатаң жазалануын талап ететінін айтты.

"Сотталушының анасы маған 10 миллион теңге ұсынды. Маған оның миллиондары керек емес, маған балам керек. Мен кешірмедім, кешірім бермеймін де. Мен Таразда оның ата-анасының үйінде болдым (сөз сотталушының ата-анасы туралы болып отыр – ред. еск.). Әкесі алдымда жылап кешірім сұрады", – деп қосты ер адам.

Жол апатына қатысты екі қылмыстық іс тоқтатылды

Бұған дейін әл-Фарабидегі жол апаты фактісі бойынша тағы 3 қылмыстық іс қозғалған еді. Алайда кейін оның екеуі тоқтатылды.

Билікті асыра пайдалану және "ерекше" мемлекеттік нөмірлер беру. 26 наурыздан бастап ІІМ-нің өзіндік қауіпсіздік департаменті тыйым салынған мемлекеттік нөмірлердің заңсыз берілу мүмкіндігін тергеді. Іс 362-баптың 1-бөлігі – "Билікті асыра пайдалану" бойынша тергелген. Бұл жерде мәселе Zeekr жүргізушісінің 100 QR 02 нөміріне қатысты болуы мүмкін.

Кейін 3 маусымда "қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты" іс тоқтатылғаны белгілі болды.

Жалған айғақ беруге қатысты іс. Бұған дейін тергеу сотталушы қайғылы оқиға алдында бірге болған компанияға қатысты материалдарды жеке іске шығарғаны хабарланған болатын. Олар жалған айғақ берді деп күдіктелген еді. Осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, бірақ тергеуден кейін полиция қылмыс құрамы жоқ деген қорытындыға келіп, 2026 жылдың 28 мамырында істі тоқтатты.

ІІМ бұл шешімнің заңдылығына түпкілікті бағаны прокуратура беретінін нақтылады.

Полицейге қатысты іс

Адам өліміне әкеп соққан жол апатына қатысты негізгі істен бөлек, тағы бір қылмыстық істі тергеу жалғасып жатыр.

Қызметтегі әрекетсіздік. Күдікке Алматы Полиция департаменті басшылары бірінің жүргізушісі – полиция қызметкері ілінді. Тергеу мәліметінше, оның әрекетсіздігі адам өліміне әкеп соққан жол апатына себеп болуы мүмкін (370-баптың 4-бөлігі, 1-тармағы "Ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметтегі әрекетсіздік"). Бұл іс бойынша тергеу аяқталды. Әл-Фарабидегі қайғылы оқиғаның хронологиясы

Еске салайық, 21 наурызға қараған түні Алматыда ірі жол апаты болды: әл-Фараби даңғылы мен Меңдіқұлов көшесінің қиылысында Mercedes пен Zeekr автокөліктері соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам қаза тапты.

Mercedes маркалы көліктің 29 жастағы жүргізушісі мен 20 және 22 жастағы екі жолаушы қыз оқиға орнында көз жұмды. Zeekr жүргізушісі аман қалып, түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды. Жол апаты кезінде ол мас болған.

Оған қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

Сонымен қатар мемлекеттік нөмір белгілері заңсыз берілуі мүмкін деген уәждер бойынша Өзіндік қауіпсіздік департаментімен қылмыстық іс қозғады, бірнеше лауазымды адам қызметінен босатылды.

12 мамырда істі тергеу аяқталды. 28 мамырда Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алдын ала тыңдау өтті.

Әлеуметтік желілерде жол апатына полиция қызметкері қатысқан көше жарысы себеп болуы мүмкін деген нұсқалар пайда болды, содан кейін тексерулер мен қызметтік тергеулер басталды. ІІМ Алматы ПД-ның бірқатар басшысын қызметінен шеттетті, олардың бірінің жүргізушісі ұсталды.

Дау салдары

Осыдан кейін 26 наурызда ІІМ мәлімдеме жасады. Сондай-ақ министрдің бұйрығымен Алматы Полиция департаменті бастығының сыртқы қызметтер мен жол қауіпсіздігін қадағалайтын орынбасары, сондай-ақ әкімшілік полиция және қоғамдық қауіпсіздік басқармаларының басшылары қызметтерінен босатылды.

Қазір Алматы Полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Ержан Ұзабаев пен Әкімшілік полиция басқармасының бұрынғы басшысы Серік Шұмаев әл-Фараби даңғылындағы жол апаты туралы видео жариялаған блогер Әділетхан Молдаханмен соттасып жатыр.

Олардың адвокаттарының айтуынша, видеода блогер полицияны жалған нөмір тағып, көліктерінің әйнектерін заңсыз қараңғылатқан жастарды қорғаштайды деп мәлімдеген. Оның пайымдауынша, мұндай әрекеттер жол апатына себеп болуы мүмкін.

Анықтама: Молдаханға Қылмыстық кодекстің 274-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы "Бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, көрінеу жалжал ақпарат тарату" бойынша айып тағылып отыр.

Тағы оқыңыз: Алматыда Әділетхан Молдаханға қатысты сот басталды: зардап шеккендердің арасында ПД бастығының бұрынғы орынбасары бар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:89
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Маусым 2026 13:06
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев: Цифрлық технологияның арқасында диагностика жасау уақыты 4 есе қысқарды

18 Маусым 2026 23:29see137

Атырауда жаңа судьялар тағайындалды

18 Маусым 2026 03:06see122

Қазақстан Орта Азия бойынша қарызы ең көп мемлекет болып отыр

18 Маусым 2026 22:19see120

Қазақтардың қонақжайлылық мәдениеті: урбанизация ежелгі дәстүрлерді қалай өзгертті

18 Маусым 2026 22:08see118

Қаржы министрі бюджетке 336 млрд теңгенің түспеу себебін айтты

18 Маусым 2026 22:19see115

Ең бастысы жұрт амандығы

19 Маусым 2026 10:39see115

Банктер үшін бірыңғай QR код 2026 жылдың шілдесінде іске қосылады Ұлттық банк

18 Маусым 2026 22:20see115

Қарағандыда жүктілікті үзу қызметі үшін заңсыз 22 млн теңге төлем алынған

19 Маусым 2026 11:18see113

Екінші турдың алғашқы ойындары: 18 маусымға арналған ӘЧ 2026 кестесі

18 Маусым 2026 23:31see113

Қонаевтың бас жоспары Қапшағай жағалауындағы қала қалай дамиды

19 Маусым 2026 14:57see113

Нейрохирургияның жаңа міндеттері

18 Маусым 2026 23:29see113

Қазақстанда бірыңғай QR төлем жүйесі қашан іске қосылады?

18 Маусым 2026 23:28see112

Тоқаев ТМҰ жоғарғы сот төрағаларымен саланы цифрландыру мәселесін талқылады

19 Маусым 2026 10:45see112

Жетісу Жұматай Жақыпбаевтың алдындағы қарызын өтеді

18 Маусым 2026 23:31see111

Әл Фарабидегі жол апатынан қаза тапқан Томиристің әкесі жәбірленуші деп танылды

19 Маусым 2026 14:01see111

Роналду гол соға алмады: Португалия мен Конго тең түсті

18 Маусым 2026 00:41see110

Димаш Құдайберген Алтын белгі иегеріне ерекше сыйлық жасады

19 Маусым 2026 12:54see110

Қазақстан жаңа Конституцияда Ұлы дала тарихи сабақтастығын бекітті

19 Маусым 2026 10:37see110

Елена Рыбакина Берлиндегі турнирді екінші айналымда аяқтады

18 Маусым 2026 22:56see108

Катарға қарсы матчта Канада құрамасының ойыншысы ауыр жарақат алды

19 Маусым 2026 10:27see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары