Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

“Үш күнде 19 шың“ альпинистер Алматы тауларында алғаш рет “Халықтық траверсті“ бағындырды

“Үш күнде 19 шың“ альпинистер Алматы тауларында алғаш рет “Халықтық траверсті“ бағындырды

Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Алматылық альпинистер Омар Әсербеков пен Григорий Щукин үш күнде Іле Алатауының "Халықтық траверс" деген атпен белгілі 19 шыңнан тұратын бағытын басып өтті. Жалпы биіктік жиынтығы шамамен 4000 метр болды. Спортшылардың айтуынша, олар алғаш болып бұл желіні толықтай жүріп өткен, деп хабарлайды Tengri Travel.

Шыңдарды бағындыру 29-31 шілде аралығында өтті. Бағыт Чкалов шыңынан басталып, Сәтбаев шыңында аяқталды.

Жол бойында альпинистер Физкультурник, Алматы, Қарлытау, 28 панфиловшы, Мәншүк Мәметова, Антикайнен, Отан соғысы, Маяковский, Орджоникидзе, Партизан, Тұйықсу инелері, Тұйықсу, Күмбез, Погребецкий және Локомотив шыңдарынан өтті.

"Халықтық траверс" деген не?

Траверстің әдеттегі шыңға шығудан айырмашылығы - альпинистер әр шыңнан кейін аңғарға түспей, бағыттың бір бөлігінен екіншісіне бірізділікпен ауысады.

Мұндай форматта түнеу тікелей тау басында, мысалы, асуда болады. Сондықтан бұл бағыт техникалық дағдыны ғана емес, жақсы физикалық дайындықты, өткелдерді жоспарлай білуді және барлық қажетті жабдықты алып жүруді талап етеді.

"Халықтық траверс" бағыты. Фото: Jasa Team

Бағыт қалай өтті? 1-күн

Бірінші күні команда 3А санатындағы бағыт бойынша Чкалов шыңына (3892 метр) көтеріліп, кейін 3А санатындағы Чкалов - Физкультурник (4068 метр) траверсін басып өтті.

Одан кейін альпинистер 3Б бағытымен Алматы шыңына (4376 метр) шықты. Ары қарай бағыт Қарлытау (4170 метр), Мәншүк Мәметова (4194 метр) және Антикайнен шыңдары арқылы жалғасты.

2А санатындағы бағыт бойынша Отан соғысы шыңын (4050 метр) өткен соң, команда Маяковский асуында түнеді.

2-күн

Екінші күн 3А бағыты бойынша Маяковский шыңына (4208 метр) көтерілуден басталды. Содан кейін альпинистер 3Б бағытымен Орджоникидзе асуына түсіп, аттас шыңға (4410 метр) 3А бағытымен көтерілді.

Бұдан кейін 2Б бағытымен төмен түсу және Партизан шыңына (4390 метр) осы 2Б бағытымен көтерілу кезеңі болды. Содан соң команда оңтүстік қырқамен жүріп, Тұйықсу инелері асуына түсіп, сол жерде екінші түн қонды.

"Халықтық траверс" бағытындағы альпинистер. Фотоны материал кейіпкері ұсынды

3-күн

Соңғы күні альпинистер 4А бағытымен Тұйықсу инелері (4213 метр) траверсінен өтіп, Тұйықсу шыңына (4218 метр) көтерілді, содан кейін Күмбез (шамамен 4200 метр) және Погребецкий (4219 метр) шыңдарын басып өтті.

Қорытынды кезеңде Омар Әсербеков аңғарға түсті, ал Григорий Щукин жолын жалғастырып, Сәтбаев шыңына батыс қырқа арқылы шығып, желіні аяқтады. Осыдан кейін альпинистер Советтер шыңы етегіндегі базалық лагерьде кездесті.

Бағыт неге күткеннен қиын болды?

Альпинистердің айтуынша, басты қиындықтардың бірі тау жыныстарының күйі болған. Кейбір учаскелерде жартастар қатты мүжілгендіктен, сенімді сақтандыру құралдарын орнату мүмкін болмаған.

"Кейбір тұста мүжілген жыныстар әлемнің басқа таулы аймақтарындағы техникалық тұрғыдан күрделі шыңдардан да үлкен қауіп төндірді", - дейді альпинистер.

Тағы бір мәселе - мұздың еруі. Жаздың ыстық болуына байланысты бұрын мұз құрсауында болған кейбір учаскелер ери бастаған. Нәтижесінде орнықты мұз рельефі орнына альпинистерге үгітілген жартаспен жұмыс істеуге тура келген.

"Ең алдымен, табиғи мұздың аздығы сезілді. Жаз өте ыстық болды, жаһандық жылыну біздің таулардың күйіне айтарлықтай әсер етіп жатыр. Қырқалардың бұрын мұз жататын көптеген бөлігінде қазір мұз жоқ. Оның орнында әлі толық құлап үлгермеген, қатты мүжілген жартас жыныстары жатыр", - деді Григорий Щукин.

Альпинистердің сөзінше, күрделі учаскелерге қарамастан, барлық қиындық еңсерілген.

Іле Алатауында мұз үстімен өрмелеп бара жатқан альпинистер. Фотоны материал кейіпкерлері ұсынды

Жабдықтың салмағын арттырмау үшін спортшылар шатыр алмаған. Ашық аспан астында, ұйықтайтын қаптарда түнеген.

Әрқайсысының рюкзагының салмағы шамамен 12 келі болды. Тамақты күніне екі рет толық ас және бірнеше энергетикалық батончик түрінде есептеген.

Альпинистер ескертеді: дайындықсыз бұл бағытты қайталауға болмайды

Григорий Щукиннің айтуынша, Қазақстанда мұндай траверсті санаулы ғана тәжірибелі альпинистер қайталай алады. Егер осы бағытты бағындырғысы келетін немесе оны оңай деп санайтын батыл жандар табылса, спортшы алдымен оған кіретін жекелеген учаскелерден өтіп көруді ұсынады.

"Мәселен, Орджоникидзе және Партизан қырқалары, Тұйықсу инелері мен Маяковский траверстері. Бұлардың әрқайсысы жеке алғанда 2Б–4А қиындық санаттарына жататын күрделі шыңдар, онда қайғылы оқиға жиі болып тұрады", - деп атап өтті Григорий.

Омар мен Григорий Іле Алатауы шыңдарының бірінде. Фотоны материал кейіпкерлері ұсынды

Тағы бір өзекті мәселе - ауыр жарақат алған жағдайда эвакуациялау қиындығы. Күрделі тау қырқаларында құтқарушылардың зардап шеккен адамға жылдам жетуі өте қиынға соғады.

Щукиннің айтуынша, мұндай учаскелерден тез арада эвакуациялануға кепілдік жоқ.

"Төтенше жағдайлар министрлігінде мұндай күрделі қырқалардан адамды эвакуациялау үшін әлі де біліктілік пен техникалық жабдық жеткіліксіз. Сондықтан маршрутта жарақат алу өлімге әкеп соғуы әбден мүмкін", - деп ескертті альпинист.

Оның сөзінше, мұндай бағыттарға шықпас бұрын кәсіби гидтер мен тәжірибелі альпинистердің жетекшілігімен қажетті тәжірибе мен дағдыларды алдын ала жинақтау маңызды.

Альпинистің кеңесі

Щукин бүкіл желіні үш-төрт күнде жүріп өту үшін төзімділік қана емес, мықты техникалық дайындық қажет деп санайды. Оның ұсынымдары:

жақсы физикалық дайындықта болу. Егер маршрутты үш-төрт күнде өтуді жоспарласаңыз, бір мезгілде жоғары аэробты және техникалық дайындық қажет; бағыттың аралас күрделілігін ескеру. Тек төзімді болу немесе жартасқа жақсы өрмелеу жеткіліксіз, әртүрлі рельефте сенімді жұмыс істей білу керек; бүкіл траверсті өтуге асықпау. Егер мерзімді бір аптаға немесе одан да көп уақытқа ұзартса, бұл бағытты орташа физикалық дайындықпен өтуге болады; шыңға шығу үшін маусым айын таңдау. Бұл уақытта тауда қар мен мұз көбірек болады, олар бұзылған жартасты рельефті бекітіп, тас құлау қаупін азайтады; ауа райын мұқият қадағалау. Маусымда әдетте шілде мен тамызға қарағанда жауын-шашын көп болады, сондықтан қолайлы ауа райы кезеңін ерекше мұқият таңдау керек. Альпинистер туралы не белгілі?

Григорий Щукин 25 жаста, Омар Әсербеков 39 жаста. Екеуі де альпинизммен 10 жылға жуық айналысады. Омар бұл спортқа 2017 жылы Жастар шыңына шыққаннан кейін келсе, Григорий альпинистер отбасында өсіп, алғаш рет 16 жасында әкесімен бірге тауға шыққан.

Григорий Щукин және Омар Әсербеков. Фотоларды материал кейіпкерлері ұсынды

Кейінгі жылдары команда спортшылары ең жоғары - алтыншы дәрежелі бірнеше күрделі маршрутты бағындырды. 2024 жылдың ақпанында Щукин мен Әсербеков Патагониядағы (Аргентина) Серро-Торре шыңына "Рагни" бағыты бойынша көтерілген алғашқы қазақстандықтар атанды.

2025 жылдың маусымында альпинистер Пти-Дрюдің (Италия) солтүстік қабырғасын Пьер Аллен бағытымен және Гранд-Жорасты Рикардо Кассин бағытымен өтіп, екеуінде де маусымды ашты.

Ал биылғы жылдың басында альпинистер Швейцариядағы Эйгердің солтүстік қабырғасына шықты. Бұл қабырға аса күрделілігіне байланысты "Адам жегіш" деген атпен танымал.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:105
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Тамыз 2026 15:00
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары