Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Үздік шеберлер 208 оқушыны ұлттық қолөнерге баулып жатыр

Үздік шеберлер 208 оқушыны ұлттық қолөнерге баулып жатыр

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Астанада Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Креативті индустрияларды дамыту қоры» корпоративтік қоры ұйымдастырған «Ұлттық қолөнер мектебі» білім беру жобасы жүзеге асырылып жатыр, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жобаға деген жоғары қызығушылық республикалық конкурстық іріктеу нәтижесінде айқын байқалды. Шебер-тәлімгер болуға еліміздің барлық өңірлерінен 331 өтінім келіп түсті. Техникалық іріктеу барысында қайталанған өтінімдер алынып тасталғаннан кейін конкурстық комиссия 271 өтінімді қарап, Қазақстанның 10 үздік қолөнер шеберін анықтады. Бүгінде олар Астана қаласы, Жошы хан көшесі, 16/2 мекенжайында орналасқан Qazaq Creative Hub алаңында өтіп жатыр.

Өтінімдерге жүргізілген талдау жобаның республика көлемінде үлкен қызығушылыққа ие болғанын көрсетті. Ең жоғары белсенділік еліміздің оңтүстік өңірлерінде тіркеліп, бұл аймақтардан 137 өтінім немесе жалпы өтінімдердің 51 пайызы келіп түсті. Ең сұранысқа ие бағыт дәстүрлі тоқыма өнері мен киіз басу болып, оған 121 өтінім (44,6%) қабылданды. Сонымен қатар сәндік-қолданбалы өнер және этнодекор бағыты бойынша 42 өтінім (15,5%), ұлттық киімдер мен аксессуарлар жасау бойынша 31 өтінім (11,4%), зергерлік өнер бойынша 20 өтінім (7,4%) тіркелді.

Жобаның білім беру бағдарламасына да қызығушылық жоғары болды. Оған қатысу үшін 450-ден астам өтінім түсіп, іріктеу нәтижесінде 208 оқушы тегін білім алу мүмкіндігіне ие болды.

27 шілде мен 12 тамыз аралығында қатысушылар ұлттық қолөнердің 10 бағыты бойынша тәжірибелік білім алуда. Бағдарлама аясында зергерлік өнер, ағаш және тері өңдеу, киіз басу, қыш өнері, кілем тоқу, сүйек ою және басқа да дәстүрлі қолөнер түрлері оқытылады.

Сабақтар тәжірибеге негізделген шеберлік сабақтары форматында өтеді. Қатысушылар тәжірибелі шеберлердің жетекшілігімен дәстүрлі бұйымдарды жасау технологиясын меңгеріп, өз қолдарымен алғашқы авторлық жұмыстарын әзірлейді. Барлық қажетті материалдар мен құрал-жабдықтар ұйымдастырушылар тарапынан тегін қамтамасыз етіледі.

Жоба аясында инклюзивті білім беруге де ерекше мән берілген. «Ұлттық қолөнер мектебінде» ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған арнайы топ жұмыс істейді. Мұндай сабақтар олардың шығармашылық әлеуетін ашуға, ұсақ моторикасын дамытуға, эстетикалық талғамын қалыптастыруға және еңбек дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді.

Жоба 12 тамыз күні өтетін салтанатты жабылу рәсімімен қорытындыланады. Бұл күні қатысушылардың авторлық жұмыстары қойылған көрме ұйымдастырылып, мектеп түлектеріне сертификаттар табысталады.

«Ұлттық қолөнер мектебі» – ұлттық мұраны сақтауға, дәстүрлі қолөнерді жас ұрпаққа дәріптеуге және оны заманауи креативті индустрияның маңызды бағыты ретінде дамытуға бағытталған бірегей жоба. Ол ұлттық құндылықтарды дәріптеп қана қоймай, шығармашыл жастардың әлеуетін ашуға және болашақ креативті мамандардың қалыптасуына мүмкіндік береді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:143
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Тамыз 2026 15:32
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see172

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see164

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see161

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see160

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see153

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see153

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see143

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see141

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see141

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see137

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see134

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see133

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see131

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see129

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see127

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see118

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see117

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары