Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Валюта бағамы: құбыла ма, тұрақтала ма?

Валюта бағамы: құбыла ма, тұрақтала ма?

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Былтырғы желтоқсанда халықтың көбі доллар сатып алуға көшті. Айырбастау пункттерінде доллар бұрынғыдан тез өтіп, жұрт «ақшаны қандай валютада сақтаған дұрыс?» деп ойлана бастады. Ұлттық банк дерегінше, мұндай үдеріс бұрын-соңды болмаған. Бір айдың ішінде ақша айырбастау пункттерінде 322,8 млрд теңгеге доллар сатылған. Бұл көрсеткіш нені аңғартады?

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Доллар арқылы жасалған сауда қара­ша айы­мен салыстырғанда 38%-ға арт­қан, ал 2024 жыл­дың желтоқсанымен салыс­тырғанда өсім бірден 83% болған. Бірінші несие бюросы мамандары бұл жағдайды кейінгі төрт жылдағы ең жоғары нәтиже деп бағалап отыр. Яғни халық та, бизнес те долларды бұрынғыдан әлдеқайда белсенді түрде сатып ала бастаған.

Бұл үдерісте Алматы мен Астана қалалары негізгі қозғаушы күшке айналды. Желтоқсан айында Алматыда доллар бойынша нетто сауда көлемі 157,5 млрд теңгеге жетсе, Астанада бұл көрсеткіш 35,1 млрд теңгені құраған. Қараша айы­мен салыстырғанда екі мегаполисте де доллар сатып алу айтарлықтай артқан.

Еуро валютасына қатысты жағдай айтарлықтай өзгерген жоқ. Қарашада рес­публика бо­йынша еуроның нетто сатылымы 14,2 млрд теңге болса, желтоқсанда бұл көлем 14,7 млрд теңгеге дейін ғана өскен. Еуроға деген сұраныс та негізінен Алматы мен Астанада сақталған. Басқа өңірлерде бұл валютаның айналымы аса жоғары болған жоқ.

Ал рубльге қатысты көрініс керісін­ше болды. Қараша айында айырбастау пункттері рубльді 18,6 млрд теңгеге сатып алған еді. Ал желтоқсанда бұл көлем 11,8 млрд теңгеге дейін төмен­деген. Яғни, рубль сатылып жатыр, бірақ бұрынғыдай қарқын жоқ.

Осы кезеңде теңге бағамының нығай­ғаны да байқалды. Желтоқсанда АҚШ долларының орташа бағамы 511,46 теңге деңгейінде қалыптасты. Салыстырар бол­сақ, қарашада доллар­дың орташа баға­мы 522,72 теңге болса, қазанда 539,92 тең­геге дейін жеткен еді. Соған қарамастан, халық­тың долларды белсенді түрде сатып алуы сақталған. Бұл азаматтардың валюталық тәуекелге деген сақтығын, жинағын әртарап­тандыруға деген ұмтылысын көрсетеді.

Сол себепті кейінгі уақытта қоғамда доллар бағамы 1000–1500 теңгеге дейін өседі деген әңгіме де жиі айтыла бас­тады. Осыған байланысты Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов бұл бол­жамдарды ашық түрде жоққа шығар­ды. Оның айтуынша, мұндай деңгейдегі девальвацияға жол беру де, оны әдейі әкім­шілік тәсілмен жасау да мүмкін емес.

«Теңгенің долларға қатысты бағамы ең алдымен нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа байланысты қалыптасатынын түсіндірді. Сонымен қатар елдегі тауар мен қызмет өндірісінің көлемі де үлкен рөл атқарады. Қазір теңге бағамы ел экономикасының нақты көрсеткіштеріне сай теңгерімді жағдайда тұр. 2015 жылдан бері елімізде еркін өзгермелі валюта бағамы жұмыс істеп келе жатыр. Бұл жүйе бойынша теңгенің бағасы нарықтағы жағдай­ға қарай өздігінен өзгереді. Мұндай саясат экономиканың ішкі, сыртқы өзгерістерге бейімделуіне мүмкін­дік береді әрі жасанды қысымнан қорғайды. Экспорттаушылар шетел валютасындағы табысын белсенді түрде сататын кезеңдерде немесе салық төлеу уақыты келгенде теңге нығаюы мүмкін. Ал демалыс маусымында азаматтар шетелге жиі шығып, валютаға сұраныс артқанда доллар мен еуро қымбаттайды.

Ұлттық банк бұл үдерістерге өте сирек жағдайда ғана араласады. Бағам нан, картоп сияқты тауарлардың бағасы секілді нарықта өздігінен қалыптасады», деді бас банк басшысы.

Осындай өзгеріс пен әртүрлі пікірлерден кейін халық жинаған қаражатын қалай сақтаймын деген сұраққа жауап іздей бастады. Қаржыгер Ғалым Құсайынов теңге нығайып тұрған кез доллар сатып алуға қолайлы уақыт екенін айтып отыр. Оның пайымынша, дәл қазір теңгенің күрт құнсыздануына алып келетін нақты экономикалық себеп жоқ. Бұл үрдіс көбіне макроэкономикалық дағдарыстан емес, қаржы нарығын реттеу ерекшеліктерінен туындайды. Сондықтан эмоцияға берілмей, қалыптасқан мүмкіндікті дұрыс пайдалану қажет.

«Жұрт теңге девальвацияға ұшы­райды деп айтып жатыр, не істеу керек, жинақты қалай сақтау керек деп алаң­дайды. Бірден айтайын, мен девальвация сценарийімен келіспеймін. Иә, теңге құбылмалы болып кетті, бірақ құбылмалылықтың өзі девальвацияға себеп емес. Елімізде бағам өзгерісі көбі­не реттеуші ортаға байланыс­ты, фун­да­менталды макроэкономикалық фак­торларға емес. Қазіргі жағдайда дұрыс тәсіл қолданса, тіпті пайда табу­ға да болады. Банктердің өзі осы мүм­кін­дікті белсенді пайдаланып отыр. Алай­да жеке қаржыға келгенде бәріне ортақ бір ғана кеңес жоқ. Қазір теңге расымен де шамадан тыс күшейіп тұр. Егер біреу жинағының бір бөлігін долларда сақтағысы келсе, дәл осы кезең – ең қолайлы уақыттардың бірі. Ұзақ мерзімде теңге бәрібір әлсірейді, себебі макроэкономикада оның құнсыздануы инфляция айырмасына сәйкес жүреді. Бізде инфляция АҚШ-пен салыстыр­ғанда шамамен 10 пайызға жоғары. Орта мерзімде импорт өсіп, экспорт қыс­қарған сайын бағам әлсірей бас­тай­ды. Бұл – экономиканың базалық заңы. Айтқандай, егер доллар аламын деп шеш­сеңіз, оны банктегі валюталық де­по­зитте сақтау – дұрыс жол емес. Ақша жо­ғалтасыз», деп түсіндірді
Ғ.Құсайынов.

Ұлттық банктің дерегі де осы пікірді нақтылай түседі. Биылғы қаңтар айының қорытындысында 1 доллар 501,24 теңге болып, 0,9%-ға нығайды. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа бір күндік көлемі 359 млн доллардан 306 млн долларға дейін төмендеді. Жалпы, айлық сауда көлемі 5,8 млрд долларды құрады.

«Қаңтарда Ұлттық қордан 350 млн доллар көлемінде валюта сатылып, республикалық бюджетке трансферт бөлінді. Бұл жалпы сауда көлемінің 6%-ына тең, яғни күніне орта есеппен 18,5 млн доллардан аспады. Алдын ала болжамға сай, ақпан айында республикалық бюджетке трансферт бөлу мақсатында Ұлттық қордан 350–450 млн доллар көлемінде валюта сатылуы мүмкін. Яғни валюта нарыққа тұрақты әрі біркелкі көлемде ұсынылады», дейді Ұлттық банктің баспасөз қызметі. 

Бір қызығы, АҚШ валютасы кейінгі күн­дері әлсіреп барады. DXY индексі 97 пункт­тен төмен түсіп, 96,56 деңгейіне жетті. Бұл – жай ғана биржадағы цифр емес, әлем­дік нарықтағы көңіл күйдің өзгергені. DXY – дол­лардың 6 негізгі валютаға қатысты жағдайын көрсе­тетін индекс. Себеп неде? АҚШ-та жел­тоқсан айындағы бөлшек сауда деректері күткендей шықпады. Тұтынушылардың шығыны өспеген. Негізгі сұранысты көрсе­тетін бақылау тобы 0,1% төмендеген. Бұл экономика баяулауы мүмкін деген белгі берді. Соның әсерінен нарықта Феде­ралдық резерв жүйесі пайыздық мөлшер­лемені жұмсарта түсуі мүмкін деген болжам бар.

АҚШ қаржы талдаушысы Аарон Хилл­дің айтуынша, әлсіз статистикадан кейін АҚШ қазынашылық облига­циялары­ның кірісі баяулады, ал доллар қысымға ұшырады. Мөлшерлеме төмендейді деген болжам инвесторлар қызығушылығын төмендетеді. Мұндай үдеріс біз секілді дамушы елдерге уақытша болса да қолайлы болуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар

Валюта бағамы: құбыла ма, тұрақтала ма?

Қаржы • Бүгін, 08:50

Сыр бойына жүгері де жерсінеді

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Софья Самоделкина қысқа бағдарламада 12-орын алды

Спорт • Бүгін, 08:42

Қалдықты кәдеге жарататын кәсіпорын

Аймақтар • Бүгін, 08:40

Farabi university: ғылым, инвестиция және дамудың жаңа кезеңі

Университет • Бүгін, 08:35

Цифрлық мәдени мұра

Мирас • Бүгін, 08:30

Озық оқырмандар марапатталды

Байқау • Бүгін, 08:25

Үй емес, музей дерсің!

Мирас • Бүгін, 08:20

Жалпыұлттық коалиция өкілдері Шымкент тұрғындарымен кездесті

Ата заң • Бүгін, 08:17

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:15

Болашағымыздың стратегиялық бағдары

Ата заң • Бүгін, 08:12

Ұшақта жолаушының өмірін құтқарды

Қоғам • Бүгін, 08:10

Жастар Конституция жобасын қолдайды

Ата заң • Бүгін, 08:07

Әңгіме арқауы – руханият мәселесі

Қоғам • Бүгін, 08:05

Уақыт талабынан туындаған құжат

Реформа • Бүгін, 08:02

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:114
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Ақпан 2026 09:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары