Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Вьетнам нарығына асыққан Teslaға VinFast пен бәсеке оңай болмайды

Вьетнам нарығына асыққан Teslaға VinFast пен бәсеке оңай болмайды

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

CNBC материалына сүйенген Aikyn.kz Вьетнам нарығының Tesla үшін тартымдылығы мен жергілікті өндірушімен бәсекенің қиындықтарын сараптайды.

Tesla Motors Vietnam бөлімшесінің тіркелуі компанияның осы елде жұмыс істеуіне жол ашты. Әзірге оның көлік сатуды қашан бастайтыны белгісіз. Халықаралық энергетика агенттігінің дерегінше, 2025 жылы Вьетнамда электромобиль сатылымы екі есе өсіп, жаңа автомобиль сатылымының 40%-ын құраған. Ал Counterpoint Research мәліметі бойынша, 2026 жылдың екінші тоқсанында электромобиль саудасы былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 89%-ға артқан.

Бұл өсімнің негізгі игілігін VinFast көріп отыр. Компанияны миллиардер Фам Нят Вуонг құрған Vingroup конгломераты қолдайды. Қуаттау инфрақұрылымы, сервистік қызметі және компаниямен байланысты электрлі таксилер желісі брендтің танымалдығын арттырып, тұтынушы сенімін нығайтуда.

«Tesla-ға Вьетнамда VinFast-пен бәсекелесу қиын болады. Өйткені VinFast-тың артықшылығы көліктің қолжетімділігімен ғана шектелмейді», – дейді BMI сарапшысы Кокецо Цоаи.

Mobility Global сарапшысы Суппарук Савангвонгтің айтуынша, VinFast-тың қуаттау желісінде 150 мыңнан астам порт бар. Бұндай инфрақұрылым сатып алушының көлікті қайда қуаттап, қайда жөндетемін деген сұрағын азайтады. Tesla болса, сату және қызмет көрсету желісін дамытып, қуаттау мүмкіндігіне қатысты тұтынушылардың сенімін қалыптастыруы керек.

VinFast 2026 жылдың алғашқы сегіз айында ел ішінде 154 мыңнан астам автомобиль сатқан. Оның Вьетнамдағы бүкіл жеңіл автомобиль нарығындағы үлесі 2024 жылғы шамамен 22%-дан 2025 жылы 36%-ға жеткен. Дегенмен қаржылық қысым да күшейген. 2026 жылдың бірінші тоқсанында компанияның таза шығыны бір жыл бұрынғыдан 59%-ға өсіп, 1,12 миллиард долларға жеткен.Tesla үшін нарықтың тартымдылығына халық табысының өсуі де көмектесуі ықтимал. Дүниежүзілік банктің есебі бойынша, Вьетнам экономикасы 2025 жылы 8%-ға өсіп, жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 5066 долларға жеткен.

«Tesla-ның басты артықшылығы – әлемге танымал бренді, озық технологиясы мен бағдарламалық жасақтамасы. Олар премиум санаттағы электромобиль сатып алушыларды қызықтыруы мүмкін», – дейді Counterpoint Research өкілі Питер Ричардсон.

Сарапшылар Вьетнамға алдымен Model 3 седаны мен Model Y кроссовері ұсынылады деп болжауда. Бұл модельдер жаңа технологияға қызығатын, бағадан бұрын бренд пен жайлылыққа мән беретін тұтынушыларға бағытталмақшы.

Алайда кең аудиторияны қамту үшін Tesla бәсекеге қабілетті баға ұсынуы қажет. Вьетнамдықтар электромобильдің артықшылығын жақсы біледі. Ендігі мәселе – Tesla-ның технологиясы мен көлікті пайдалану қолайлылығы жергілікті баламалардан жоғары бағасын қаншалықты ақтайтынында. Брендтің танымалдығы ғана жаппай нарықты игеруге жеткіліксіз болуы мүмкін.

Халқы 102 миллионға жеткен елге инвесторлар өздері келеді, оларды арнайы шақырудың қажеті жоқ. Қазақстан болса, инвесторларды өзі іздеп, өзі шақырады. Ауқымды нарық пен өсіп келе жатқан сұраныс инвесторды шақырусыз-ақ өзіне тартады. Бұл – нарық заңы, болашақтың үдерісі.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:51
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Қазан 2026 10:24
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары