Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

VIN коды өзгертілгенін қалай анықтауға болады немесе ұрланған көлікті сатып алмау жолын сарапшы түсіндірді

VIN коды өзгертілгенін қалай анықтауға болады немесе ұрланған көлікті сатып алмау жолын сарапшы түсіндірді

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Пайдаланылған автокөлікті сатып алу әрдайым белгілі бір тәуекелдерден тұрады. Ең жақсы жағдайда жаңа иесі жасырын коррозияға, жергілікті боялған шанаққа немесе айналдырылған жүріске (пробег) тап болуы мүмкін. Дегенмен автокөліктің қылмыстық өткені бар болып шықса, жағдай әлдеқайда күрделене түседі. Бұл жерде VIN-кодтары өзгертілген, ұрланған немесе шетелден заңсыз әкелініп, жалған құжаттармен есепке қойылған көліктер туралы сөз болып отыр.

Tengri Auto сарапшыдан өзгертілген VIN-кодты қалай анықтауға болатынын және көбіне қандай әдістер қолданылатынын білді.

VIN-кодты бүркемелеудің үш схемасы

Автоблогер Анатолий Русевтің айтуынша, VIN-кодтарды өзгертудің заманауи әдістері жетілдірілгені сонша, сырттай автокөлік мүлдем "таза" көрінуі мүмкін, ал араласу белгілері тек егжей-тегжейлі тексеру мен диагностика кезінде ғана анықталады.

Панельді "қайта жалғау" (вварка)

Анатолийдің айтуынша, қазіргі уақытта бұл қолдан жасаушы "шеберлер" арасындағы ең танымал әдіс.

"Егер құжаттары таза, апатқа ұшыраған немесе кәдеге жаратылған донор-көліктен шанақтың бір бөлігін (мысалы, амортизатор тірегін немесе мотор қалқанының бөлігін) алып, оны ұрланған көлікке тұтастай "қайта жалғауға" болатын болса, жекелеген цифрларды өзгертіп несіне қиналады?" - деп түсіндірді ол.

Бұл әдісті бүркемелеу өте оңай: қайта жалғанған жіктерді ұқыпты тегістейді, қалың бояу қабатын жағады, "зауыттікіндей" етіп герметикпен жауып, бояп тастайды.

Жекелеген таңбаларды өзгерту

Анатолий Русевтің айтуынша, қылмыскерлер VIN-кодты әрдайым толығымен өзгертпейді. Кейде автокөліктің мүлдем басқа сәйкестендіру нөмірін алуы үшін бір немесе бірнеше таңбаны түзету де жеткілікті.

Мысалы, 3 цифрын 8-ге, 1-ді 4-ке немесе 7-ге айналдыруы мүмкін, ал кейбір таңбалар визуалды түрде ұқсас белгілерге сәйкестендіріледі.

Сарапшының түсіндіруінше, мұндай араласу кезінде таңбаның бір бөлігі ұқыпты түрде егеледі немесе пісіріліп жабылады, содан кейін үстіне жаңа белгі басылады. Сырттай мұндай қолдан жасалған нәрсе өте сенімді көрінуі мүмкін, сондықтан оны мұқият тексерусіз, арнайы құралдарсыз немесе сараптамалық тексерусіз анықтау оңай емес.

Толық тегістеу ("қыру")

Түпнұсқа нөмірі бар аймақ егеуіш дөңгелегімен немесе фрезамен мінсіз тегіс күйге дейін толық сылынып тасталады. Осы "таза кенепке" арнайы таңба немесе портативті лазермен мүлдем жаңа нөмір басылады.

Гараждық сараптама: сатып алушыға арналған бақылау тізімі

Анатолий Русевтің айтуынша, VIN-кодты алғашқы тексеру үшін криминалист немесе автосарапшы болу міндетті емес. Қолға фонарь, қалыңдық өлшегіш, шағын магнит алып, автокөліктің таңбалау алаңдарын мұқият қарап шығу жеткілікті.

Сарапшының айтуынша, дәл осы қырағылық кәсіби диагностика жүргізілгенге дейін-ақ араласу іздерін байқауға жиі көмектеседі.

Көзімізді іске қосамыз (қаріптер мен геометрия)

Сарапшының сөзінше, зауыттық VIN - бұл мінсіз сызық. Барлық таңбалар бірдей тереңдікте және аралықтары тең болуы тиіс.

"Сандардың ұштарына қараңыз: әрбір автоөндірушінің өзіндік бірегей қарпі болады. 3, 5, 6, 9 сандарының иіндері бірдей болуы керек. Егер бір алтылық "дөңес", ал екіншісі - сопақша болса, сізді алдағысы келіп тұр", - деп атап өтті Русев.

Бұл VIN-кодтың айналасындағы аймаққа да қатысты - металл мінсіз тегіс болуы керек. Егер нөмірдің айналасында микроскопиялық майысқан жерлер, толқындар немесе абразивпен тазарту іздері көрінсе - бұл жерде балғамен және егеуішпен жұмыс істелген.

Қалыңдық өлшегіш пен магнит

Алдыңғы әйнектің астындағы аспаптар панелінде орналасқан VIN-нөмір "вварка" деп аталатын - шанақтың сәйкестендіру нөмірі бар бөлігін ауыстыру үшін ең танымал орындардың бірі болып саналады. Мұндай араласуларды кем дегенде екі жолмен анықтауға болады.

Біріншісі үшін қалыңдық өлшегішпен (толщиномер) тексеру қажет:

"VIN-коды бар панельдегі зауыттық бояудың қалыңдығы 100–150 микроннан сирек асады. Егер құрылғы нөмірден 5 сантиметр қашықтықта 500–1000 микронды көрсетсе - ол жерде қайта жалғау жігін жасырып тұрған бояу қабаты бар деген сөз", - деп түсіндірді Анатолий.

Екінші әдіс қол астында қалыңдық өлшегіш болмаған жағдайда жарайды. Тексеру үшін шағын магнит алу жеткілікті (тіпті тоңазытқыштағы магнит те жарайды), оны жұқа матаға орап, VIN-нөмір орналасқан шанақ тұсынан жүргізіп өту керек.

Егер бұл жерде шпатлевка қолданылса, магниттің тартылысы айтарлықтай әлсірейді немесе бетке мүлдем жабыспай қалады. Бұл шанақтың сәйкестендіру нөмірі бар бөлігінің жөнделгенін немесе оған араласу болғанын білдіруі мүмкін және автокөлікті мұқият тексеруге негіз болады.

Дубликаттарды зерттейміз

Автоблогер рамадағы немесе шанақтағы VIN-код ақпараттың жалғыз тасымалдаушысы емес екенін еске салды. Заманауи автокөліктің әр жерінде нұсқаулар "шашылып" жатыр.

"Алдыңғы шынының астындағы полиция шильдасының қалай бекітілгеніне назар аударыңыз. Тойтармалар зауыттық болуы тиіс (әдетте олардың құрылыс дүкеніндегі жай тойтармалар емес, өзіндік "жұлдызша" немесе дұрыс жарты шеңбер пішіні болады)", - деп атап өтті ол.

Сондай-ақ есік тіректеріндегі стикерлерді тексеруге болады. Олар күңгірт және қаріпі анық болуы керек.

"Оны тырнағыңызбен ақырын іліп көріңіз. Зауыттық жапсырмалар бұзылатын негізде жасалған - оларды алып тастауға тырысқанда, олар ұсақ бөлшектерге бөлініп қалады немесе ⁠VOID⁠ деген белгі қалдырады. Егер жапсырма оңай алынса және кәдімгі жылтыр скотч сияқты көрінсе - бұл көліктен аулақ болыңыз", - деп түсіндірді ол.

Сандық дәуірдің лайфхагы: "миын" тексереміз

Тіпті шанақ жұмыстары сапалы орындалған күннің өзінде, өзгерістерді жасыру қиындай түседі.

Қазіргі заманғы автомобильдер, әсіресе кең таралған модельдер мен электркарлар - деректер бірнеше басқару блогында қайталанатын күрделі электронды жүйелер.

Диагностикалық сканерді қосамыз

Көлікті тексеру кезінде стандартты OBD-II қосқышы қолданылады. Тіпті смартфонға қосылатын қарапайым адаптердің өзі деректердің бір бөлігін оқуға мүмкіндік береді.

Басқару блоктарын тексереміз

Автомобильдің сәйкестендіру нөмірі тек шанақта ғана сақталмайды. Көптеген заманауи көлікте VIN-код туралы ақпарат электронды басқару блоктарында - қозғалтқышта, беріліс қорабында, ABS-те, пассивті қауіпсіздік жүйесінде (SRS) және басқа да модульдерде жазылған.

Компьютерлік диагностика кезінде мамандар әртүрлі блоктағы деректерді салыстыра алады. Егер VIN-кодтар сәйкес келмесе немесе модульдердің бір бөлігінде басқа ақпарат болса, бұл автомобиль конструкциясына араласуды, агрегаттарды ауыстыруды немесе оның шығу тегін жасыру әрекетін білдіруі мүмкін.

Ақпаратты салыстыру

Егер шанақ пен электронды блоктар бойынша деректер сәйкес келмесе, бұл автомобиль конструкциясына араласу немесе оның күмәнді шығу тегі туралы маңызды белгі.

Тексерудің алтын ережесі

Сарапшы ескертеді: егер сатушы қарапайым тексерулерден қашса, таңбалау аймақтарын тексеруге және тазалауға рұқсат бермесе, араласу іздерін кездейсоқ зақымданулармен түсіндірсе немесе Арнайы ХҚКО-да деректерді салыстырудан бас тартса, мұндай мәмілеге барынша сақтықпен қараған жөн.

Қосалқы нарықта VIN-кодтың түпнұсқалығына немесе автомобильдің шығу тегіне қатысты кез келген күмән қауіптің маңызды белгісі ретінде қарастырылуы тиіс. Мұндай жағдайларда, кейіннен тіркеу, пайдалану кезіндегі қиындықтарға немесе тіпті құқық қорғау органдарының көлікті тәркілеуіне тап болғанша, сатып алудан бас тартып, іздеуді жалғастырған қауіпсізірек.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:188
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Маусым 2026 10:24
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары