Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Сатып алушыға арналған нұсқаулық: соғылған көлікті қалай анықтауға және жөндеуге артық төлемеуге болады

Сатып алушыға арналған нұсқаулық: соғылған көлікті қалай анықтауға және жөндеуге артық төлемеуге болады

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Жол-көлік оқиғасынан кейін сапалы қалпына келтірілген автокөліктің өзінде өткенінен қалған іздер болуы мүмкін. Бояудың қалыңдығы, лонжерондардың жай-күйі, шынылардың таңбалануы және қауіпсіздік жастықшаларының жұмысы көлік туралы оның иесіне қарағанда көбірек ақпарат бере алады.

Жол-көлік оқиғасынан кейін сапалы қалпына келтірілген автокөліктің өзінде өткенінен қалған іздер болуы мүмкін. Бояудың қалыңдығы, лонжерондардың жай-күйі, шынылардың таңбалануы және қауіпсіздік жастықшаларының жұмысы көлік туралы оның иесіне қарағанда көбірек ақпарат бере алады.

Ескі автокөлікті тексеру кезінде қандай бөлшектерге назар аударған жөн және сатып алмас бұрын апат салдарларын қалай анықтауға болады - Tengri Auto осы сауалдарға жауап іздеп көрді.

Автокөлікті күннің қай уақытында тексерген дұрыс?

Автокөлікті күндізгі жарықта тексерген абзал. Табиғи жарық шанақ бөлшектері реңктерінің айырмашылығын, қайта бояу іздерін және беткі қабаттың тегіс еместігін байқауға көмектеседі.

Егер кездесу кешке белгіленсе, жарық жақсы түсетін жерді таңдаңыз, дегенмен бұл нұсқа күндізгі тексеруге жетпейді. Тексеру алдында автокөліктің таза екеніне көз жеткізіңіз - кір маңызды ақаулар мен жөндеу іздерін жасырып қалуы мүмкін.

Фото: depositphotos.com

Алғашқы тексеру кезінде неге назар аудару керек?

Шанақты жөндеудің ең айқын белгілерінің бірі - бояу реңкі немесе жылтырау деңгейі бойынша ерекшеленетін бөлшектер. Сондай-ақ шанақ элементтері арасындағы саңылауларға назар аударған жөн: егер олар біркелкі болмаса, бұл жөндеу жұмыстарының жүргізілгенін көрсетуі мүмкін.

Есіктердің, капоттың және жүк салғыштың резеңке тығыздағыштарын тексеру артық етпейді. Олардың шанақпен жанасатын жерлерінде бояу іздері болмауы тиіс. Егер мұндай іздер болса, бөлшектің қайта боялу ықтималдығы жоғары. Мұндай жағдайда сатушыдан жөндеудің себебін және автокөліктің тарихын нақтылап сұраған жөн.

Бұл ретте, егер шанаққа аэрография, қорғаныс полимерлік жабыны жағылған немесе пленка жапсырылған болса, оның жай-күйін бағалау қиындай түседі. Мұндай шешімдер бояу қабатының ақаулары мен шанақ жұмыстарының іздерін жасыруы мүмкін.

Қалыңдық өлшегіш (толщиномер) немесе магнит: ЖКО-дан кейінгі бояу қабатын қалай тексеруге болады?

Шанақ тегіс көрініп, бөлшектер арасындағы саңылаулар бірдей болса да, бұл автокөліктің ешқашан апатқа ұшырамағанына кепілдік бермейді. Жөндеу іздері сылақ (шпатлевка) және жаңа бояу қабатының астында жасырылуы мүмкін.

Автокөлік жүргізушілері арасында матаға оралған магнитпен тексерудің қарапайым әдісі әлі де танымал. Сылақ қабаты қалың жерлерде ол айтарлықтай нашар жабысады. Бірақ біз қазіргі заманда өмір сүріп жатырмыз, сондықтан бояу қабатының қалыңдығын микронмен өлшейтін құрал - қалыңдық өлшегішті қолданған әлдеқайда дәлірек нәтиже береді.

Алдымен жөндеуге сирек ұшырайтын бөліктерді өлшеген дұрыс: есік ойықтары, тіректер немесе капот астындағы элементтер. Осыдан кейін алынған мәндерді шанақтың қалған бөлшектерімен салыстыруға болады.

Фото: depositphotos.com

Кішігірім ауытқулар қалыпты деп саналады, бірақ 80 микроннан асатын айырмашылық бөлшектің қайта боялғанын көрсетуі мүмкін. Егер құрал 200–300 микрон және одан жоғары көрсеткішті көрсетсе, жөндеу кезінде сылақ қолданылған болуы әбден мүмкін. 500–600 микроннан асатын мәндер әдетте шанаққа айтарлықтай күрделі араласу болғанын білдіреді.

Бағдар ретінде танымал модельдердің зауыттық бояу қалыңдығының көрсеткіштерін салыстыруға болады:

Toyota Camry XV70 - шамамен 110–130 мкм; Hyundai Tucson - 90–130 мкм; Kia Sportage - 100–140 мкм; Toyota Land Cruiser 300 - 120–160 мкм; Hyundai Elantra - 90–120 мкм; BMW X5 (G05) - 110–150 мкм; Mercedes-Benz E-Class (W213) - 100–140 мкм; Volkswagen Tiguan - 100–130 мкм.

Қытай көліктеріндегі бояу қалыңдығы: қандай нормаларды орташа деп санауға болады?

Қазіргі заманғы қытайлық автокөліктердің көпшілігінде зауыттық бояу қалыңдығы 90-нан 150 микронға дейінгі аралықта болады. Мысалы, Geely Monjaro және Exeed RX үлгілерінде көрсеткіштер әдетте 110–150 мкм, Chery Tiggo 7 Pro-да - шамамен 100–130 мкм, ал Tank 300-де 160 мкм-ге жетуі мүмкін. Егер жекелеген бөлшек 200–250 мкм-ден жоғары мәнді көрсетсе, бұл қайта боялғанын, ал 300 мкм-ден асатын көрсеткіштер көбіне сылақ пайдаланылғанын білдіреді.

Бірақ есіңізде болсын: зауыттық көрсеткіштер шыққан жылына, өндірілген еліне және нақты бөлшегіне байланысты өзгеруі мүмкін. Сонымен қатар, қалыңдық өлшегіш шанақтың пластик элементтерін - бамперлерді, жапсырмаларды және кейбір қанаттарды тексеруге көмектеспейді, өйткені мұндай бөлшектер металдан жасалмаған.

Лонжерондар

Лонжерондар - шанақтың негізгі күштік элементтерінің бірі, оның қаттылығы мен геометриясы тікелей осыған байланысты. Оларды қозғалтқыш бөлігінен тексеруге болады, бірақ көлікті көтергіште немесе қарау шұңқырында тексеру толық көріністі береді.

Тексеру кезінде майысқан жерлердің, металл қатпарларының, жарықшақтардың, дәнекерлеу немесе жөндеу іздерінің бар-жоғына назар аударыңыз. Лонжерондар үлкен жүктемелерге есептелгендіктен, олардың деформациясы әдетте өткенде болған қатты соққыдан хабар береді. Егер элемент бұрын қалпына келтірілген немесе созылған болса, бұл автокөлік тарихын мұқият зерттеуге себеп болады.

Сонымен қатар жол-көлік оқиғасының салдарын әдеттегі пайдалану іздерімен шатастырмаған жөн. Лонжерондар көліктің астыңғы бөлігін бойлай орналасқандықтан, оларда жол жабынымен, тастармен немесе жиектастармен жанасудан пайда болған сызаттар немесе үйкелістер болуы мүмкін. Егер зақымданулар үстірт болса, олар әдетте шанақ үшін айтарлықтай қауіп төндірмейді.

Шанақ геометриясын тексеру

Жол-көлік оқиғасынан кейін автомобильдің жай-күйін бағалаудың ең сенімді әдістерінің бірі - арнайы жабдықта шанақ пен аспаның геометриясына диагностика жүргізу. Мұндай тексеру тіпті қарапайым тексеру кезінде байқалмайтын жасырын деформацияларды анықтауға мүмкіндік береді.

Егер шанақ параметрлері зауыттық көрсеткіштерден айтарлықтай ерекшеленсе және түзетуге келмесе, ондай көлікті сатып алудан бас тартқан дұрыс. Геометрияның бұзылуы басқарудағы қиындықтарға, аспа мен шиналардың тез тозуына әкеп соғуы мүмкін.

Егер диагностика жасау мүмкіндігі болмаса, көліктің қозғалыс кезіндегі мінез-құлқына назар аударған жөн. Тегіс жолда автомобиль бір жаққа тартпауы тиіс, ал түзу жүргенде рөл де түзу тұруы керек. Тағы бір белгі - шиналардың біркелкі тозбауы. Бұл көбінесе дөңгелектердің түйісуі мен құлауына (развал-схождение) қатысты мәселелерді немесе шанақ жөндеуінің салдарын көрсетеді.

Фото: depositphotos.com

Шиналар мен дискілер: апатқа ұшыраған көліктің жасырын белгілері

Жол-көлік оқиғасына түскен көліктерді шиналары арқылы анықтауға болады. Делдалдар мен апатты көліктерді сатушылар зақымдалған шинаны дәл сондай модельмен ауыстыруға бас ауыртпайды. Сондықтан, егер бір шина қалғандарынан ерекшеленсе, "неліктен?" деген сұрақ қоюдың артықтығы жоқ.

Сондай-ақ, жаңалау көліктегі арзан құйма дискілер оғаш көрінеді. Түпнұсқа дискілерге не болды? Бәлкім, оларда қысқы жиынтық тұрған шығар? Анықтап алыңыз.

Шанаққа бекітілетін алынбалы бөлшектерді тексеріңіз. Олар: алдыңғы қанаттар, капот, жүк салғыш қақпағы, есіктер және ең бастысы - жанармай багының люгі. Болттардың астында ескі іздердің бар-жоғына назар аударыңыз. Егер бар болса, демек бөлшек шешілген. Сатушыдан себебін сұраңыз. Бекіткіштің өзі, нақтырақ айтсақ, оның қырлары да бұралғанын айтып бере алады. Мұқият қараңыз.

Фото: depositphotos.com

Әйнектер

Әр әйнектің төменгі бұрышында дайындалған жылы көрсетілген таңба болады. Түпнұсқа әйнектердегі мерзімдер сәйкес келуі тиіс. Олай болмаса, бұл сұрақ қоюға негіз болады. Бірақ ескеріңіз: ауыстырылған бүйірлік әйнек жол апатының емес, көлікті тонаудың, ал алдыңғы әйнек - қарсы бағыттан ұшқан тастың салдары болуы мүмкін.

Егер алдыңғы әйнек көлденең немесе диагональ бойынша жарылса және тас тигеннен қалған тән із болмаса, шанақ созылған болуы мүмкін және оның геометриясы бұзылған.

Оптика: фаралар мен шамдардың ауыстырылғанын қалай білуге болады?

Егер бір фараның немесе шамның әйнегі күңгірттенген, ал екіншісінікі анық болса, сақтанған жөн. Сонымен қатар әрқайсысында міндетті түрде өндіруші зауыттың гравюрасы болады.

Егер көлікте баламалы оптика немесе DEPO сияқты дубликаттар тұрса, ауыстыру себебін анықтаңыз. Егер иесі жастар тюнингіне әуес болмаса, көлік үлкен ықтималдықпен жол апатына түскен.

Дәнекерлеу тігістері: шанақ жөндеуінің іздерін қайдан іздеу керек?

Жүк салғыштың төсеніші астына және капоттың астына қараңыз. Орталық, алдыңғы және артқы тіректердегі дәнекерлеу тігістерін тексеріңіз. Қазіргі заманғы шанақтар нүктелі дәнекерлеу арқылы жасалады. Ал жөндеушілер көп жағдайда қарапайым жартылай автоматты қолданады. Тігістерді жапқан герметиктің қаттылығын тексеріңіз. Оны, мысалы, қаламмен түртіп көріңіз. Тығыздықтың әртүрлі болуы - шанақ жөндеу шеберханасына барудың нақты белгісі.

Қауіпсіздік жастықтары: олардың іске қосылғанын қалай білуге болады?

Қауіпсіздік жастықтары жүйесі автомобильдің өткені туралы көп нәрсені айта алады. Ауыр жол апаты кезінде кем дегенде жүргізушінің қауіпсіздік жастығы, сондай-ақ пассивті қауіпсіздік жүйесінің басқа да элементтері іске қосылады.

Көлікті апаттан кейін қалпына келтіру кезінде жосықсыз сатушылар кейде тек сыртқы элементтерді - рөлдегі қақпақты немесе жастық орнатылған орынды жауып тұрған аспаптар панелін ауыстырумен ғана шектеледі. Бұл ретте жастықтардың өзі қалпына келтірілмеуі мүмкін, ал электроникадағы қателер арнайы тәсілдермен жасырылады.

Фото: depositphotos.com

Тексерудің ең сенімді жолы - компьютерлік диагностика. Кәсіби немесе дилерлік жабдықтар қауіпсіздік жүйесінің қателерін анықтай алады және кейбір жағдайларда жастықтардың бұрын іске қосылғаны туралы ақпаратты көрсетеді. Дегенмен, қарапайым Bluetooth-сканерлер мұндай ақауларды әрдайым анықтай алмайтынын ескеру қажет.

Егер диагностика жасау мүмкіндігі болмаса, салонды мұқият тексерген жөн. Рөлдегі және алдыңғы панельдегі қаптамалар түсі, фактурасы және тозу деңгейі бойынша интерьердің басқа элементтерімен бірдей болуы тиіс. Кез келген көзге түсетін айырмашылықтар апаттан кейінгі жөндеу жұмыстарын көрсетуі мүмкін.

Сондай-ақ бүйірлік қауіпсіздік жастықтары мен үрлемелі перделерді де ұмытпаған жөн. Егер орындықтарға қап (чехол) кигізілсе, орындық арқалығының бүйір бөлігінің жай-күйін тексеру ұсынылады - зақымданулар немесе жөндеу іздері бүйірлік эйрбэгтердің іске қосылғанын білдіруі мүмкін.

Сондай-ақ төбе қаптамасы мен шанақ тіреулерінің пластикалық жапсырмаларына да назар аударған жөн. Бөлшектеу іздері, бөлшектердің нығыз орнатылмауы немесе зауыттық құрастырудың бұзылуы жол-көлік оқиғасынан кейінгі жөндеудің жанама белгілері болуы мүмкін.

Салон пластигіндегі жарықтар, сызаттар, майысқан жерлер немесе интерьердің жекелеген элементтерінің анық байқалатын қисаюы тексеруге қосымша себеп бола алады. Мұндай ақаулар көбіне апаттан және одан кейінгі сапасыз қалпына келтіру жұмыстарынан кейін қалып қояды.

Қауіпсіздік белдіктері: көліктің апатқа ұшырағанын білдіретін жасырын белгі

Мінілген автокөлікті сатып алғанда қауіпсіздік белдіктеріне де көңіл бөлу керек. Қазіргі заманғы көліктердің көбі алдын ала кергіштері бар белдіктермен жабдықталған - бұл апат кезінде белдікті бірден тартып, адамды барынша қауіпсіз қалыпта бекітетін арнайы механизмдер.

Алдын ала кергіш тетіктің тек бір рет қана іске қосылуға арналғанын түсіну маңызды. Жол-көлік оқиғасынан кейін мұндай механизм қауіпсіздік белдігімен бірге ауыстырылуы тиіс. Алайда, көлікті апаттан кейін қалпына келтіргенде, бұл жұмыс әрдайым атқарыла бермейді.

Мәселені сырттай қарап-ақ анықтауға болады. Алдын ала кергіш іске қосылғаннан кейін белдік көбіне дұрыс жиналмай қалады, созылып тұрады немесе салбырап қалады. Мұндай белдік өз функцияларын толық орындай алмайды және шұғыл тежеу немесе жаңа апат кезінде қажетті қорғанысты қамтамасыз ете алмайды.

Егер белдік тозған болып көрінсе, катушкаға нашар оралса немесе басқаларынан айтарлықтай ерекшеленсе, бұл көлік тарихын мұқият тексеруге себеп болады.

Аккумулятор

Кейбір заманауи автокөліктерде, әсіресе премиум маркаларда, аккумулятор жүйесінің элементтері ауыр апаттың салдарынан хабар беруі мүмкін. Сөз күшті соққы кезінде өрт қаупін азайту үшін қуат көзін автоматты түрде ажырататын арнайы пиротехникалық ажыратқыштар туралы болып отыр.

Апаттан кейін мұндай компоненттер ауыстырылуы тиіс, бірақ көлікті сатуға дайындаған кезде олар әрдайым қалпына келтірілмейді. Сондықтан аккумулятордың оң клеммасын мұқият тексеріп, оны нақты модельдің зауыттық жиынтығымен салыстырған жөн.

Егер өндіруші қарастырған қорғаныс элементтері, қосымша сымдар немесе пластикалық модульдер жоқ болса, бұл көліктің бұрын ауыр жол-көлік оқиғасына түскенін және толық көлемде қалпына келтірілмегенін білдіретін жанама белгі болуы мүмкін. Мұндай жағдайда мұқият диагностика жүргізіп, машинаның тарихын нақтылау қажет.

VIN-код арқылы тексеру сервистері

Автокөлік тарихын VIN-код арқылы тексеруге ерекше көңіл бөлу керек. Бүгінде сақтандыру компанияларынан, ресми дилерлерден, мемлекеттік дерекқорлардан және басқа да ашық көздерден ақпарат жинайтын көптеген сервистер бар.

Олардың көмегімен көліктің апатқа ұшырағанын, сақтандыру жағдайларына қатысқанын, такси немесе каршерингте пайдаланылғанын білуге, сондай-ақ тіркеу әрекеттерінің тарихын, иелерінің санын және тіркеуге қойылған шектеулердің бар-жоғын тексеруге болады (кейде бұл ақпарат таңғалдыруы мүмкін - 63 иесі немесе 17 жол-көлік оқиғасы кейде адамды есеңгіретіп тастайды).

Кейбір сервистер, егер сақтандыру компанияларының немесе аукциондардың базасында сақталса, апаттан кейінгі көліктің фотосуреттерін көруге мүмкіндік береді. Бұл әсіресе шетелден әкелінген көліктерді сатып алғанда өте пайдалы, себебі ол жақта зақымданулар туралы ақпарат егжей-тегжейлі тіркеледі.

Дегенмен, мұндай есептерге толықтай сенуге де болмайды. Егер жол-көлік оқиғасы ресми түрде ресімделмесе немесе жөндеу сақтандыру компаниясына жүгінбестен иесінің есебінен жүргізілсе, базалардағы ақпарат толық емес немесе мүлдем болмауы мүмкін. Сонымен қатар, деректердің бәрі бірдей ашық көздерге түсе бермейді.

VIN-кодтарды тексеру бойынша сервистердің бірінің интерфейсінен скриншот

Сондықтан VIN-код бойынша тексеруді диагностиканың қосымша кезеңі ретінде пайдаланған дұрыс. Ең оңтайлы нұсқа - автомобиль тарихын зерделеуді мұқият визуалды тексерумен, компьютерлік диагностикамен және мамандандырылған сервисте тексерумен ұштастыру. Мұндай кешенді тәсіл ауыр апаттың жасырын салдары бар автокөлікті сатып алу қаупін айтарлықтай төмендетеді.

Ең бастысы - сатып алуға асықпаңыз. Көлік тартымды көрінгенімен және сатушы оны "ұрылмаған, боялмаған" деп сендірсе де, бұл сөздерді әрдайым іс жүзінде тексеру керек. Диагностикаға жұмсалған бірнеше сағат алдағы уақытта жөндеуге жұмсалатын жүз мыңдаған, кейде миллиондаған теңгені үнемдеуге көмектеседі.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:107
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Маусым 2026 09:48
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see154

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see146

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see144

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see143

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see142

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see142

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see140

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see136

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see133

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see133

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see130

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see126

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see126

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see120

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see118

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see118

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see117

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see117

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see116

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары