Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Ядролық ғылым және технологиялар орталығы құрылады

Ядролық ғылым және технологиялар орталығы құрылады

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Алматыдағы Ядролық физика институтында зерттеу ядролық қондырғыларын жобалау, салу мен пайдалану мәселелеріне арналған семинар басталды. Іс-шараны Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің қолдауымен Ядролық физика институты мен «Росатом Құрылыс Технологиялары» компаниясы бірлесіп ұйымдастырды.  

Фото: primeminister.kz

Семинар Қазақстан мен Ресейдің жетекші мамандарын біріктіріп, тәжірибе алмасу мен елдің зерттеу ядролық инфрақұрылымын одан әрі дамыту мәселелерін талқылау алаңы болды. Жиынды Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев ашып, ғылыми-зерттеу базасын жаңғыртудың стратегиялық маңыздылығын атап өтті. Ол сонымен қатар өнеркәсіп, атом энергетикасы мен ғылыми сектордың дамуы заманауи тәжірибелік қондырғылардың құрылуын қажет ететінін айтты.

«Мемлекет басшысы атом саласының ғылыми негізін нығайтуға нақты тапсырма берді, қолданыстағы қондырғыларды жаңғыртып, жаңа қондырғылар құруды қамтамасыз ету қажет. Ядролық физика институтында зерттеу реакторын салу, сондай-ақ Ұлттық ядролық орталықта ұқсас жобаны жүзеге асыру, заманауи технологияларды дамытуға, кадрлар даярлауға әрі ғылыми-өндірістік мүмкіндіктерді кеңейтуге бағытталған маңызды қадам. Еліміз әртүрлі технологиялық шешімдерге ашық және әлемдік тәжірибені ескере отырып, оңтайлы конфигурацияларды қарауға дайын», деді А.Сәтқалиев.

Семинар аясында Ядролық физика институты мен «Росатом Құрылыс Технологиялары» компаниясы арасында өзара түсіністік меморандумына қол қойылды. Құжат көпмақсатты зерттеу реакторы мен зертханалық кешенді бірлесіп жобалауды, сондай-ақ атом энергиясын бейбіт мақсатта қолдану саласында ынтымақтастықты кеңейтуді көздейді.

«Росатом Құрылыс Технологиялары» ЖШС-ның бас директоры Илья Вергизаев Қазақстандық серіктестерге ынтымақтастықты нығайтудағы жүйелі жұмысы үшін алғысын білдіріп, жаңа реактор елдің ғылыми-зерттеу мүмкіндіктерін кеңейтетінін алға тартты.

Бұған қоса, іс-шара барысында Қазақстан Республикасы мен «Росатом Құрылыс Технологиялары» компаниясы арасында Ядролық ғылым және технологиялар орталығын (ЯҒТО) құру мәселелері бойынша ынтымақтастық келісіміне қол қойылды. Құжат жобаны техникалық-экономикалық негіздеуді дайындау мен алғашқы іс-шараларды жүзеге асыру аясында өзара әрекеттесуді мақсат етеді.

Іс-шара барысында мамандар жаңа реактордың техникалық тұжырымдамалары мен мүмкін конфигурацияларын таныстырды, зерттеу бағыттарын, перспективалы материалдарды, заманауи изотоптық технологияларды және жаңа ғылыми нысанды іске қосқанда шешілетін міндеттерді талқылады.

Бірінші күннің қорытындысы ретінде қатысушылар болашақ зерттеу реакторын жобалау мен қолдану нұсқалары бойынша пікір алмастырған дискуссиялық сессия өтті.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:192
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Желтоқсан 2025 03:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары