Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Ырғыздағы нағашымның хикаясы: Түгелбайдың түкірігі

Ырғыздағы нағашымның хикаясы: Түгелбайдың түкірігі

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Нағашым Алпысбай екен. 

– Ассалаумағалейкум, хош келдіңіз, үйге кіріңіз. 

– Тыссс, уағалейкумассалам ақ жиен, ішке кіретін уақытым жоқ, көлігің жүріп тұр ма? – деді аузын қолымен басып. Кешегі телефон арқылы айтқан әңгімесінен соң, күдіктене бастадым. Сау адам түкірік сұрамайды ғой.

– Нағашым, тым асығыс екенсіз? Төрдегі жалғыз апаңмен амандаспайсыз ба? – дедім күліп. Үйде кәрі жездесі бар, менің әкемді айтамын. 

– Ойбай, асығыспын кейін, – деп мені қолымнан сүйреп сыртқа шығарды.

– Ешкімге айтпаймын деп, уәде берші, – деді нағашым қиылып.

– Аманшылық па?

– Уәде бересің ба?

– Жарайды, бірақ ауыз жабатын бірдеңе бола ма? – дедім қалжыңдап.

 Түрі әбіржіп шаршап кеткен. Түнімен түнгі клубта жүрген бойжеткен сияқты. Тегін жүрме­гені көзінен көрініп тұр. Бұрын үйге жарқылдап келетін.

– Үйтілген семіз қой, – деді нағашым құлағыма сыбырлап. Келістім.

 Бүгін жексенбі. Үйдегілер әлі төсектен тұра қоймаған еді. Ақырын ауланың қақпасын ашып, нағашым екеуіміз зытып отырдық. Машинада келе жатып, мен «ол бірдеңе бүлдіріп алды ма?» деп ойладым. «Ауданда майлы жерде отыр еді, біреуден пара алам деп, басы пәлеге қалған шығар?» деген ой шақшадай басымды мазалап жатыр. Бір көшеден өткен соң, нағашым тіл қатты:

– Сені танымайтын адам жоқ, атың жер жарады, – деп бастады әңгімесін. 

«Еее» дедім ішімнен, айтқаным келді. «Сот пен прокуратурадан танысың бар ма?» деп сұрайын деп тұр ғой мынауың... 

– Ақтөбеде Түгелбай деген емшіні танисың ба? – деді сыбыр­лып. Селк ете қалдым. Жаңағы ойларым жан-жаққа қашып кетті. 

– Немене, бір жерің ауырып қалды ма? – деп, көліктің теже­гішін бастым. 

Байғұс нағашым жаман ауруға тап болған ғой, бәсе үйге кірмеуі жаман еді. Жалғыз апасының көңілін түсіргісі келмеген екен. Менің наға­шым қандай азамат! – деп қат­ты аядым. Кө­зімнен домалап жерге бір тамшы жас ағып түсті.

– Ауру емеспін, денім сау, – деді ол. Қуанып кеттім. Жаман ойларымды дереу шашыратып жібердім. Көліктің жылдам­дығын қайта көбейттім.

– Денің сау болса, емші не керек? – дедім жұлып алғандай.

– Ойбай, біздің ауданға жаңа әкім келді. Ол қолынан іс келмейтін жалқауларды тырқы­ратып қуып жатыр.

– Сіз жұмысты жақсы жа­сайсыз ғой, – дедім көңілін жұба­тып.

– Жоқ, дегенмен амалын жасауым керек. 

– Ол қандай амал?

– Ақтөбеде Түгелбай деген емші бар екен, сол кісінің түкірігі себеп болады дейді.

– Қалайша?

– Жұмыс орның сақталады, – деді нағашым жымиып.

Түгелбай туралы естігенім бар еді, таныстарыма телефон шалып мекенжайын әрең тауып алдым. Сүйтсек, мұнда кезек күткендер көп екен. 

Соңы болып біз тіркелдік. Алдымызда жүзден аса адамдар бар. Мені көріп кейбір адамдар тани бастады.

– Мына жігіт әртіс бала ғой, театрдың директоры, – деді көзіл­дірік киген бір көлемді апай. Түрі кеңседе жасайтын адамға ұқсайды.

– Бұл бейшара да Түгелбайға түкіртейін деп, келген шығар. Жақында мәдениеттің басшылары ауысыпты, – деп кезекте тұрғандар шулап кетті.

– Атақты жұлдыз болсаң да кезексіз аяқ баспайсың, – деп бір дәу қара кісі жұдырығын түйді. Кескіні біреуді елестетеді. Таныдым. Облыста он бес жыл бір үлкен мекемені басқарып отырған кісі. Маған қарап бедірейіп тұр. 

– Кешіріңіздер, мен кірмеймін мына қасымдағы нағашым қаралады, – дедім.

Сол-ақ екен іштен бір адам ухілеп шықты. Оның да жүзі таныс. Бірақ беті түкірік-түкірік. Әкиматта жасайтын адам, әйтеуір. Түгелбай емші дем салғанда бірінші басшының бетіне, қалғандарының артына түкіреді екен. Жан-жағыма анықтап көз жүгіртіп едім, мұнда кезек күтіп тұрғандар қарапайым адамдар емес, өңкей мекеме басшылары мен ауданнан келген мемлекеттік қызметкерлер. Біреулері жұмыс орындарынан қысқарып қалмауы үшін қайта-қайта түкіртіп жатыр. Алыс ауданнан келген бір қызмет­кердің бетіне түкіргі таусылған Түкең қақырып жіберіпті. Бірақ ол қызметкер мәз. Орынтағы сақталса болды.

– Бұлардың бә­ріне бірдеңе болған, – дейді, Түгел­байдың үйіндегі жеңгей танауын көтеріп. Өзі қарға аунаған түлкідей құлпырып кетіпті. Табыс екі еселеп түсіп жатыр. Келушілердің саны азаяр емес. Үйдің қабырғасына: «Зейнеткер басшылар кезексіз қабылданады» деп іліп қойыпты. 

Нағашымның кезегі тізім бойынша енді келгенде, іштен емшінің көмекші қызы шығып:

– Кешіріңіздер, ағайдың түкірігі таусылып қалды, бүгін қабылдамайды деді. Кезекте тұрғандар улап-шулап жылап қоя берді.

– Құдай-ай, зейнетке шы­ғуыма бір жыл қалып еді, орным­нан қозғамаса екен деп келіп едім, енді қайттым, – деп бір әйел дауыс етті. Лауазымды мекемеден келген бес қатын жер тепкілеп жылады. Бір ауданның әкімі осы арада түнеп жатып, бес елі бетіне бес күн түкіртіпті. 

– Түгелбайдың түкірігін құртқан осы, – деп барлығы жабыла кетті. Әкім тұра қашты. Қарсы алдымнан бір мектептің директоры шыға келді. Оның да бетінің сау жері жоқ. Аямай түкіртіпті. Қуанышында шек жоқ. Түгелбайдың түкірігіне сенімі мол. Ал менің нағашым болса, түкіріктің таусылып қалғанын естіп, үйдің бұрышында еңкілдеп жылап отыр.

 – Жыламаңыз, жүріңіз, Түгелбайдың түкірігі жиналғасын өзім ыдысқа түкіртіп Ырғызға беріп жіберемін, – деп әзер көндірдім. Нағашым ауылына кетті. Бір аптадан соң, уәдем бойынша түкірікті жеткіздірдім. Аудан әкімі қорытынды жиналыста менің нағашымды жұмысына жақсы баға беріп, өз орнында қалдырыпты. Ол қуанғаннан маған семіз қойын сойып, Ырғыздан беріп жіберіпті. Бірақ, шынымды айтсам, ол түкірік Түгелбайдікі емес, менің түкірігім еді. Сонда мен де тегін адам болмадым-ау...

Нұрлыбек ЖҰБАТҚАН

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:101
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Тамыз 2026 02:33
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары