Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Ырыс алды ынтымақ

Ырыс алды ынтымақ

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Онкүндік ішінде белгіленген әрбір атаулы күннің өз идеясы бар. Ал Ынтымақ күнінің мәні – халықтың бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулық пен бірлікті насихаттау. Елдікті нығайтып, жұртты ортақ мақсатқа ұйыстыратын бұл мейрамда ұлтымыздың бауырмалдық салты жарқын көрініс табады. Қазақ халқы ежелден береке-бірлігін бекемдеп, ынтымағы мен татулығын ту еткен дана халық. Сондықтан бұл күн халқымыз үшін айрықша мәнге ие болмақ.

«Ынтымақ» ұғымы бірлік, татулық сөздерінің баламасы ретінде қолданылады. Халқымыз қашанда бірлік пен келісімді өмірдің өзегі санап, оның маңызын «Ырыс алды – ынтымақ», «Ынтымақ халықты асырар», «Ынтымақ түбі – береке» секілді даналық сөздер арқылы жеткізген. Сон­дықтан бүгінгі атаулы күн елдің өсіп-өр­кендеуін, еліміздегі барлық этнос өкілінің өзара татулығы мен берекесін арттыруды мақсат етеді. Тарихта  Наурызды тойлау 8-9 күнге жалғасқан. Бұл үрдісті «Наурызнама» деп атаған. Бұл туралы деректер ұлы философ-жазушыларымыз Махмұд Қашғаридің, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының, Абай Құнанбайұлының, Мұхтар Әуезовтің еңбектерінде жазыл­ғанын ғалымдар дәлелдеп отыр. Мәшһүр Жүсіп еңбегінде былай жазады:«Қазақтың қазақ болғалы өзіне арналған, сыбағасына тиген жалғыз мейрамы – Наурызнама. Ол күні қожаларға оқытатұғын наурызға арналған кітап болады. Наурыз жайын ұқтыратын ол кітаптың атын «Салдама» дейді».

Наурыз,ең алдымен, халықтың тойы, көңілді көтеретін, тіршілікке тыныс беретін, бүкіл табиғатты қимыл-қозғалысқа шақырар мейірбан мейрам. Тарихшы Сейітжан Шағдаров осындай пікірде.

 «Қазақ халқы ежелден көктемнің келуін, жаңа жылдың басталуын айрықша қуанышпен қарсы алған. Табиғатпен үндес бұл дәстүр бүгінгі Наурыз онкүндігі аясында да айқын көрініс табады. Әр күннің өзіндік мазмұны мен мәні бар, бірақ барлығын біріктіретін ортақ идея – елді татулық пен ауызбіршілікке үндеу», – дейді ол.

Тарихшының сөзінен Наурыз мейрамы жұртты ең бірінші ынтымаққа, бірлікке шақырғанын бірден аңғарамыз. Өйткені игі мереке күні халық бірнеше жаман әдеттен тыйылып, қасиетті айда жағымсыз әрекетке бой алдыруға және қоршаған ортаға зиян келтіруге тыйым салынған. Сөйтіп, әр шаңыраққа береке орнап, бақ дариды деп болжаған. 

Наурыз – шат-шадыманды ойын-сауық, той басы. Наурыз көженің дәстүрлік, мерекелік ұлттық тағылымы – адамдарды ұйымшылдыққа, татулыққа, жомарттыққа, ізгілікке, бірлікке шақыру. Наурыз – тоқшылық күні. Бұл күні қазан оттан түспейді. Әр үй наурыз көже істейді. Бұл күні құл да, күң де жұмыстан босатылған деген әңгіме бар халық арасында. Бұл күні жұмыс істеген адамның басы қалтылдақ болады-мыс. Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар. Ұлы кісіден бата алсаң, сонда олжалы жол болар» – деді тарихшы.

Наурыз ежелден әртүрлі халықтардың бірге атап өткен мерекесі ретінде белгілі. Бұл күн табиғаттың жаңарып, өмірдің қайта гүлдеуімен байланысты болып, көктемнің келуін білдіреді. Күн мен түннің теңесуі қазақтар мен көптеген түркі халықтары үшін ерекше мәнге ие, себебі ол жаңа жылдың, жаңа өмірдің бастауы саналады. Ал мақаламызға тиек болып отырған «Ынтымақ күні», «Бірлікке шақыратын мереке» ұғымдары қазақ даласын мекен­деген сонау түркі тайпалары кезінде де қолданыста болған екен. Ұзақ уақыт бойы аралас-құралас өмір сүрген халықтар өз дәстүрлерін осылайша байытып отырған. 

«Зерттеушілерге сүйенсек, Махмұд Қашқаридың «Диуани лұғат-ит-турки» (Түркілер сөздігі) еңбегінде осы аймақтарда тұрақтанып, қоныс еткен қырық тоғыз тайпа мен тайпалық бірлестіктердің аты аталатыны айтылады. Қазақстан аумағын және онымен шектес аймақтарды мекен­деген өзгедей де түркі халықтарының ұзақ уақыттар бойына аралас-құралас өмір кешуі осы халықтардың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерінде де өзіндік із қалдырғанын білеміз. Солардың бірі – дүниенің жаңғырып, жасару мезгілі – көктемді қарсы алу. Қазақтар, көптеген түркі халықтары бұл орайда көктемнің алғашқы уақыттық белгісін күн мен түннің, яғни жарық пен қараңғылықтың теңесу уақыты деп таниды және ол қазіргі түсінігімізге сай 22 наурызда аталады. Қазақтарда әдет-ғұрпымызға тән бірқатар мерейлі күн бар, бірақ Наурыз мейрамының орны ерекше», – дейді профессор Абат Қыдыршаев бір сұхбатында.

Бүгінде Наурыз мейрамы тек қазақ халқының  емес, елімізде өмір сүріп жатқан украин, орыс, неміс және өзге де этнос өкілдерінің ортақ қуанышына айналды. Бұл – ұлт пен ұлысты бір арнаға тоғыстырып, татулық пен келісімді дәріптейтін ерекше мейрам. Әр халық оны өз болмысына, салт-дәстүріне сай қарсы алады. Мәселен, өзбек ағайын бұл күнді «Навруз» деп атап, жаңа жылдың бастауы ретінде ерекше ықыласпен тойлайды. Олар үшін бұл – өкпе-реніш ұмытылып, адамдар бір-біріне кешіріммен қарап, жақсылық тілейтін кезең. Дастар­қандары сумалак пен палауға толып, қонақ­жайлықтың көрінісі айқын аңғарылады. Ал түрік жұртында Наурыз дастарқаны тәттіге толы болады. Олар «жылды қалай қарсы алсаң, солай өткізесің» деген сенімге берік. Сондықтан бұл күнді көтеріңкі көңіл күймен қарсы алып, жақын-жуықты ара­лап, ізгі тілектерін арнайды. Түрікмен халқы болса, Наурызды аналар мерекесімен сабақтастырып, табиғаттың әр белгісіне ерекше мән береді. Ауа райы мен ағаштардың күйіне қарап, келер жылдың қалай боларын болжауға тырысады. Ал әзербайжан жұртында мереке бірнеше күнге жалғасып, дастарқанға айна мен жұмыртқа қойылады. Жұмыртқаның қозғалысын жаңа жылдың нышаны деп қабылдап, ал бидайдан өсірілген көк өскінді жаңарудың белгісі санайды. Айыр қалпақты қырғыз халқы Наурызды 21 наурыз күні атап өтіп, ұлттық тағамдарын әзірлеп, ағайын-туыс, көрші-қолаңмен бірге думандата тойлайды.

Ал ертең, яғни 22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні, жыл басы. «Самарқанның көк тасы жібіген күн» деген тіркес дәл осы күнмен байланысты екенін айта кеткеніміз дұрыс шығар. Халық аңызына сүйенсек, дәл 22 наурыз күні күн сәулесі астроном Ұлықбек салдырған обсерваториядағы көк тасқа түсіп, оны жібіткен екен. Содан бері Шығыс халықтарының күнтізбесі бойынша ол  жаңа жылдың бастауы, тіршіліктің түлеп, табиғаттың жаңаратын кезеңі деп есептеліп келеді.

Сымбат БЕГІМБАЙ

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:274
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Наурыз 2026 08:38
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары