Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

“Ыстықта 2 шақырым жаяу жүруге тура келді” LRT құрылысына байланысты Төле би көшесінде не болып жатыр

“Ыстықта 2 шақырым жаяу жүруге тура келді” LRT құрылысына байланысты Төле би көшесінде не болып жатыр

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Алматыда LRT құрылысы жалғасып жатыр. Бұған байланысты Төле би көшесінің кей тұстарында көлік қозғалысы әлі де шектелген. Tengrinews.kz тілшісі қыркүйекке дейін жағдай түзеле ме, жұмыстар қашан аяқталады деген сауалға жауап іздеді.

"Қыркүйекте не боларын елестете алмаймын"

14 тамызда таңертең оқырман №37 автобуспен Төле би көшесімен келе жатқан. Оның айтуынша, автобус Розыбакиев көшесіне жеткенде жүргізуші алда жолдың бітеліп тұрғанын айтып, әрі қарай жүре алмайтынын ескерткен. Жолаушылар сол жерден түсіп, жолын жаяу жалғастырған.

"Маған да, басқа жолаушыларға да Розыбакиев көшесінде автобустан түсіп, екі шақырымдай жаяу жүруге тура келді. Өйткені көлік қозғалысы қатты қиындап кеткен еді. Жол қиылысында трактор тұрды, сол сәтте ешқандай жұмыс жүріп жатқан жоқ еді. Сөйтіп, Төле би көшесімен жаяу кетуге мәжбүр болдық", - деді алматылық тұрғын.

Tengrinews.kz оқырманының фотосы

Tengrinews.kz оқырманының фотосы

Әйелдің айтуынша, оны жаңа оқу жылы басталғаннан кейін бұл учаскеде қозғалыстың қалай ұйымдастырылатыны қатты мазалайды. Алматы тұрғындары әлеуметтік желілерде де осыған ұқсас пікірлер жазып жүр. Көпшілік қыркүйектен кейін Төле би көшесіндегі жағдай қалай өзгеретінін сұрайды.

Қазір Төле би көшесінде не болып жатыр?

Алматы қалалық мобильділік басқармасы (қазіргі Жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы) қазір мердігер ұйымдар болашақ LRT желісінің трассасын дайындап, Бауыржан Момышұлы және Төле би көшелеріндегі инженерлік коммуникацияларды көшіріп жатқанын хабарлады.

Жоба аясында барлығы 375 инженерлік коммуникация, соның ішінде жылу желілері, байланыс желілері, су құбыры, кәріз, газ және электр желілері қайта құрылуға тиіс.

Төле би көшесінде 269 коммуникацияны қайта құру жоспарланған, оның ішінде 34-і бойынша жұмыстар аяқталды. Бауыржан Момышұлы көшесінде 39 коммуникация қайта құрылуы керек, оның төртеуі бойынша жұмыстар орындалды. Тағы 67 коммуникацияны Абылай хан даңғылында көшіру жоспарланып жатыр.

Бұдан бөлек, құрылысшылар ескі трамвай рельстерін бөлшектеп, қозғалыстың ортаңғы екі жолағында топырақ қазу жұмыстарын жүргізді.

"Инженерлік желілерді қайта салу қажет болған жағдайда көлік қарсы бағыттағы жолдың бір жолағымен өткізіледі. Әдетте жекелеген учаскелердегі қозғалыс шектеуі бір-екі күннен аспайды", – деп хабарлады басқармадан.

Бұл жұмыстар аяқталған соң, құрылысшылар желі конструкцияларын, шпалдар мен рельстерді төсей бастайды.

Басқарманың мәліметінше, Төле би көшесіндегі жұмыстар жаңа оқу жылы басталғаннан кейін де жалғаса береді. LRT желісінің құрылысын қыс мезгілінде де жүргізу жоспарланып жатыр. Ведомство ақпаратына сәйкес, ауа температурасы төмендегенде мердігерлер қысқы бетондау және топырақ пен конструкцияларды қорғау технологияларын қолданатын болады.

Осылайша, LRT құрылысына байланысты уақытша қозғалыс оқу жылы басталғаннан кейін де шектеледі.

Автомобилистерге екі жолақ қайтарыла ма?

Жобаға сәйкес, құрылыс аяқталғаннан кейін Бауыржан Момышұлы және Төле би көшелеріндегі ортаңғы екі жолақ LRT пойыздарының қозғалысына беріледі. Олар жолдың қалған бөлігінен бордюрмен бөлінеді.

"Жеке жолақтың бөлінуі қоғамдық көліктің басымдығын қамтамасыз етуге, қозғалыс жиілігі мен жылдамдығын арттыруға, сондай-ақ, жол-көлік оқиғаларының қаупін азайтуға мүмкіндік береді", – деп түсіндірді басқармадағылар.

Сонымен қатар, Төле би көшесінің жиектерінде орналасқан автобус жолақтарына қатысты мәселе әзірге ашық қалып отыр. Біз басқармадан LRT іске қосылғаннан кейін олардың сақталатынын сұрадық. Бізге бұл мәселе әлі қарастырылып жатқаны және нақты шешім әзірге шықпағаны хабарланды.

LRT қашан іске қосылады?

LRT-ның бірінші кезегін 2027 жылдың аяғында іске қосу жоспарланып жатыр. Сонымен қатар, басқармадағылар қажет пойыздардың дайындалуы мен жеткізілу мерзіміне байланысты бұл уақыттың өзгеруі мүмкін екенін ескертті.

Алматылық LRT қай жерден өтеді?

Ұзындығы 18,3 шақырымды Алатау ауданының индустриялық аймағын Алматы-2 теміржол вокзалымен байланыстырады. Маршрут Бауыржан Момышұлы және Төле би көшелерімен, одан әрі Абылай хан даңғылымен "Райымбек батыр" көлік-ауыстыру торабына дейін өтеді.

Желі толығымен жерүсті болады – эстакадалар салу жоспарда жоқ.

Бұған дейін желіде тиісті нысандардың қарастырылғаны хабарланған болатын. 34 жолаушылар платформасы қарастырылған: 12 аралдық және 22 жағалаулық типте. Табан ені 1435 миллиметр болмақ.

Төле би көшесінде 4 аралдық және 15 жағалаулық станция орналасады. Момышұлы көшесінде 5 аралдық және 5 жағалаулық станция қарастырылған. Абылай хан даңғылында 3 аралдық және 2 жағалаулық станция пайда болады. Пойыздардың максимал жылдамдығы қандай?

Басқармадағылар пойыздар сағатына 65-70 шақырымға дейін жылдамдық ала алатынын хабарлады. Әрбір 700 метр сайын аялдамалардың болуына байланысты орташа жылдамдық сағатына 30-35 шақырым болады.

Бұған дейін жылжымалы құрамның 285 жолаушыға дейін тасымалдай алатыны хабарланған еді.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:77
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Тамыз 2026 13:13
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see136

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see135

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see134

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see133

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see133

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see132

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see130

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see124

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see124

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see122

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see120

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see119

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see119

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see118

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see118

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see117

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see116

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see112

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see111

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары