Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Заманауи кешен ашылды

Заманауи кешен ашылды

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Республика күні мерекесінде Жамбыл ауданында бірнеше әлеуметтік нысан ашылды. Олардың қатарында заманауи мәдени кешен де бар. Аудан орталығы Аса ауылында өткен ресми іс-шараға өңір басшысы Ербол Қарашөкеев арнайы қатысты.

Жаңадан салынған кешен уақыт сұранысына сай бой көтергенін айта кеткен жөн. Кешен аумағында аудандық архив, балалар мен жасөспірімдер орталығы, кітапхана бар. Сонымен қатар футбол алаңы, волейбол және баскетбол ойнауға арналған паркет те қарастырылыпты.

Өңір басшысы Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, жергілікті жұрттың игілігі үшін қолға алынған ілкімді жобалар әрмен қарай да жалғаспақ. Әсіресе аудан­дар мен ауылдарда әлеуметтік нысандар мен кешендерді салудың маңызы зор.

Жаңадан салынған балалар мен жасөспірімдер орталығы ауыл балала­рының қосымша білім алуына мүм­кіндік туғызбақ. Сондай-ақ мұндағы мамандар жасөспірімдердің жеке қызы­ғу­шылықтарын дамытуға барынша көмектеседі.

Ресми дерекке жүгінсек, жалпы аумағы 311 шаршы метрді құрайтын жаңа нысан 150 адамға арналған екен. Ғимаратта 4 оқу және 3 әкімшілік бөлме қарастырылған. Мұнда «School Media – жас тілші», «Компьютерлік сауаттылық және 3D кескіндеу», «Жантану – психология», сондай-ақ «Energy club – күш пен сергектік» үйірмелері жұмыс істейді. Бұдан бөлек, интернет-кафе бар.

Екі қабатты жаңа кітапханада жергілікті тұрғындардың рухани сұра­нысын қанағаттандыру үшін барлық жағдай жасалыпты. Мұнда жалпы оқырмандарға, балалар мен жасөс­пірімдерге арналған бөлімдер, электронды оқу залы, арнайы мәжіліс залы, зағип жандарға арналған арнайы кабинет және кітап қорын толықтыру мен өңдеу бөлімі бар. Ал руханият ордасында 46 800 кітап сақталған. Уақыт өткен сайын мұндағы кітап қорының толыға түсетініне ешкімнің күмәні жоқ.

Жергілікті жұрт бұл аумақтан жаңа архив нысанының салынғанына қуанып отыр. Аудандық архив ғимараты екі қабаттан тұрады. Бірінші қабатта бір қойма мен екі құжат қабылдау бөлмесі орналасқан. Екінші қабатта қойма, конференц-зал және жеті қызметтік кабинет бар.

«Бұған дейін архив саласына, нақты айтқанда аудан тарихына қатысты құжаттар ыңғайластырылған ғимаратта сақталып келді. Бар болғаны екі бөлмеде мыңдаған құжат орналасты. Ал бүгіннен бастап заман талабына сай салынған еңселі жаңа ғимаратқа көшіп отырмыз», дейді аудандық архивтің директоры Келсінкүл Күлекеева.

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев мұндағы спорт алаңдарын аралап көріп, ауыл спортын өркендетуге үлес қосып жүр­ген жергілікті жастармен жүздесіп, оларға арнайы естелік сыйлық табыстады.

«Ауылымыз уақыт өткен сайын көр­кейіп келеді. Бүгін мұнда жаңа ғимараттар бой көтерді. Спорт алаңдары ашылып, халық игілігі үшін беріліп жатыр. Мұның бәрі жергілікті атқарушы билік өкілдерінің бізге жасаған қолдауы мен қамқорлығы деп түсінеміз.

Мұнда спортшылардың алаңсыз жаттығуына барлық жағдай қарасты­рылған. Енді біз осы жерде жаттығу ар­қылы үлкен жарыстардан олжалы оралуға күш са­ламыз. Жергілікті жас­тарға осындай жағдай жасап отырған азаматтарға алғыстан басқа айтарымыз жоқ», дейді жас волейболшы Балауса Қонақбай.

Жамбыл ауданында бастау алған іргелі жоба алдағы уақытта өңіріміздің өзге де аймақтарында жалғасатынына ешкімнің күмәні жоқ. Өйткені өңір басшысы ауыл тұрғындарының талап-тілегін назардан тыс қалдырмайтынын айтып отыр.

Жамбыл облысы 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:190
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қазан 2025 08:19
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары