Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Семейде ерекше кешен ашылды

Семейде ерекше кешен ашылды

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Жазда маусым айында облыс әкімінің бастамасымен «Туған жерге туыңды тік» деген кең ауқымды инвестициялық форум ұйымдастырылып, оған депутаттар, шетелдік және отандық инвесторлар, осы өңірден шыққан ірі кәсіпкерлер қатысып, Абай облысын дамыту жоба-жоспары талқыланған. Облыс әкімдігі және инвесторлар арасында 15 түрлі меморандум жасалған, деп жазады Egemen.kz.

«Абай еліне инвесторлар ағылды: 1 мегафорум, 15 меморандум» деген мақаламызда (2025 жыл 25 маусым) еліміздегі «Yokohama», «Triangle» компанияларының ресми дистрибьюторы, белгілі кәсіпкер Сырымбек Тау мырзаның «Абайдың 180 жылдығына орай Бейжіңде Абай үйін ашамыз. Бұған қоса, Абай елінде өзіміздің «Пана» қонақ үй желісін ашуды жоспарлап отырмыз. 500 орындық мәжіліс залы болады. Бес заманауи, стандартқа сәйкес мейрамханалар ашылады. Екінші жобамыз – «Semey Mall» аталып кеткен құрылыс. Көп жылдан бері кезек күтіп тұрғаны белгілі. Екі-үш күннен кейін құрылыс жобасын бастаймыз», деген оймақтай пікірі бар-тын. Міне, жазда айтылған жұмыстардың алғашқы легі жыл соңында нәтиже бере бастағанына куә-дүрміз.

Сөйтіп Семей Шаһарында бес жұлдызды қонақ үй және мейрамхана кешені ашылды. «Семей – қазақтың Санкт-Петербургі» деп бекер айтылмаса керек. Расында, Абай заманындағы, кейінгі Алаш арыстарының ізі қалған қарт қаланың көне ғимараттары көп-ақ. Тек қана 25 жыл қараусыз, күтімсіз қалғандықтан, біраз төлежіп тұрғаны жасырын емес. Оның бәрін сүріп, жаңа ғимарат салуға болар-ау, бірақ осынша архитектуралық естеліктерді бұзу – тарихты күреумен бірдей секілді. Осы ретте, бүгін ашылып отырған «Pana Unique Semey» бес жұлдызды қонақ үй кешенінің ғимараты 1890 жылы ағайынды Мусиндер салған қаладағы алғашқы механикаландырылған диірмен болған екен. Одан басқа да түрлі қызметтер атқарған тарихи нысан уақыттың талай сынақтарына төзе білген, бүгін де сыны кетсе де, сыры кетпеген көне ғимарат 5 айда қайта жаңғыртылған. Әуелгі сәулеттік келбеті сақтала отырып, заманауи қонақ үй кешеніне айналдырылды. Бұл жоба қала тарихын сақтап, жаңа мазмұнмен дамытудың жарқын үлгісі деуге әбден болады. Ертіс өзенінің жағасында орналасқан 5 қабатты ғимараттың  сырты қызыл кірпішпен көмкерілген.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, қонақ үй кешені – жалпы құны шамамен 6,5 млрд теңгені құрайтын өңірдегі ірі инвестициялық жобалардың бірі. Жаңғырту жұмыстары қысқа мерзім ішінде аяқталып, құрылыс барысында 250 адам уақытша жұмыспен қамтылды. Кешен іске қосылғаннан кейін 105 тұрақты жұмыс орны ашылады. Қонақ үйдің жалпы ауданы 8 300 шаршы метр, сыйымдылығы 180 орын (91 нөмір). Кешен құрамында «Сандық» және «Тары» мейрамханалары мен кофеханасы, сондай-ақ «Мадлен» және «Итальяно» ресторандары, SPA орталығы мен конференц-зал қарастырылған.

Ерекше  кешенінің ашылу салтанатына облыс әкімі Берік Уәли, Мусиннің ұрпақтары және туризм саласының мамандары, кәсіпкерлер мен өнер қайраткерлері, жергілікті зиялы қауым өкілдері қатысты. Аймақ басшысы жоба өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, туризм мен қызмет көрсету саласының өсуіне, кәсіпкерлікті қолдауға және жергілікті тұрғындар үшін жаңа жұмыс орындарын құруға серпін беретінін жеткізді. Сонымен қатар бұл бастама туған жерге инвестиция тарту арқылы өңір әлеуетін арттырудың айқын үлгісі екенін айтты.

«Бүгін үлкен тарихи оқиғаның куәгері болып отырмыз. «Pana Unique Semey» – Семейдегі үлкен қонақ үй кешені. Мұндай қонақ үй қаламызда бұрын-соңды болған емес. 1890 жылы бой көтерген тарихи ғимараттың архитектуралық сәулетін бұзбай қалпына келтіру – инвесторлардың үлкен жеңісі! Осыдан 6 ай бұрын «Туған жерге туыңды тік» атты инвестициялық форум өткізгенбіз. Сол кезде 15 меморандумға қол қойылды. Соның бірі осы жоба болатын. Өңіріміз үшін ерекше маңызды жобаның ашылуында қауышып отырғанымызға қуаныштымыз. Семей – қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаған Абайдың елі. Біздің жазушыларымыз шабыт шақырып, шығармаларын жазып, аяқтау үшін қонақ үйден бір нөмірді арнасаңыздар деп Сырымбет Тау мырзаға өтініш айтқанбыз. Сол өтінішіміз қанағаттандырылды. Яғни, еліміздегі кез-келген ақын-жазушы Семейге келіп, 10 күн қонақ үйде болып, шығармаларын жазуға мүмкіндік алып отыр. Осы жобаға атсалысқан инвесторлар Қайрат Итемгеновке, Сырымбек Тауға алғыс білдіреміз», – деді облыс әкімі.

Жалпы, облыста жыл басынан бері іске асырылып жатқан жобалар саны 29-дан 97-ге дейін артты, тартылған инвестициялар көлемі 2,2 трлн. теңгеден 3,5 трлн. теңгеге дейін өскен. Олардың ішінде 50 жоба Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаға енгізілген. Мәселен, облыс әкімі Үкімет отырысында өңірдің экономикалық-дамуы қорытындылары туралы баяндамасында, өңірге инвестиция тартуда нақты іс-шаралар атқарылып жатқанын айтқан.

Әкімнің айтуынша, есепті кезеңде облыс экономикасына 495,2 млрд.теңге инвестиция тартылып, нақты көлем индексі 104,6% құрады (оның ішінде жеке инвестиция – 355 млрд теңге, нақты көлем индексі – 98,1%). Жыл соңына дейін 14,2 млрд. теңгеге 280 жұмыс орнын құруды көздейтін тағы 4 жоба іске асырылады. Семей қаласында жаңа шағын ауданының жобасы әзірленіп жатыр. Жаңа инфрақұрылым тұрғын үй құрылысын дамытуға мүмкіндік береді. Биыл 270,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі.

Айта кету керек, Абай елінде тек Семей қаласы ғана емес, аудан, қала орталықтарында да қонақ үй және мейманхана, яғни қоғамдық даяшылық жасау бизнесін дамыту мақсатында инвестиция тартыла бермек.

Абай облысы

Соңғы жаңалықтар

Полиция ескерту жасады: Әуежайда бейтаныс адамның сәлемдемесін алмаңыз

Қоғам • Бүгін, 11:20

Отбасы институты мен рухани құндылықтар талқыланды

Отбасы • Бүгін, 10:58

Семейде ерекше кешен ашылды

Аймақтар • Бүгін, 10:35

Астана мен Алматыда доллар қаншадан саудаланып жатыр

Қаржы • Бүгін, 10:19

Қонаевта басты шыршаның шамдары салтанатты түрде жағылды

Қоғам • Бүгін, 09:43

«Достық-2025» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Қоғам • Бүгін, 09:14

Президенттің Жапонияға ресми сапары мазмұнды әрі нәтижелі болды - Руслан Желдібай

Президент • Кеше

Токио бағыты: Қазақстан дипломатиясындағы жаңа маневр

Сұхбат • Кеше

Шымкентте науқастың бүйрегін емдеп, қайта өзіне салды

Шымкент • Кеше

Қазақстандағы айырбастау пункттерінде доллар қаншадан саудаланып жатыр?

Қаржы • Кеше

Допинг дауынан кейін Әлімханұлына қатысты шешім шықты

Спорт • Кеше

Балалар құқықтарын қорғау комитеті жаңа алаяқтық туралы ескертті

Қоғам • Кеше

Келесі жылы жұмыссыздар үшін медсақтандыруды әкімдік төлейді

Медицина • Кеше

Алматы қалалық күрес федерациясы 2025 жыл үздігі атанды

Алматы • Кеше

Біріккен Араб Әмірліктерін су басты, қаза тапқандар бар

Әлем • Кеше

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:237
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Желтоқсан 2025 11:43
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары