Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Заңдар мен референдумдарға құқық . Қазақстанда Халық кеңесі құрылуда

Заңдар мен референдумдарға құқық . Қазақстанда Халық кеңесі құрылуда

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қазақстанда билік пен қоғам диалогына арналған орган – Халық кеңесі құрылады. Оның өкілеттіктері, кімдер мүше бола алатыны және жұмыс тәртібі Конституциялық заңда көрсетілген. Оны бүгін Парламент депутаттары бірінші оқылымда қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Толығырақ

Халық кеңесін құру туралы алғаш рет Қазақстанның жаңа Конституциясын дайындау кезінде белгілі болған еді, ол биыл 1 шілдеде күшіне енуі керек.

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында әділет министрі Ерлан Сәрсенбаев жаңа органның қалай жұмыс істейтінін және оның құрамына кімдер кіре алатынын айтып берді.

Заң жобасының өзінде Халық кеңесінің мәртебесі "мемлекет жанындағы жоғары консультативтік орган" деп айқындалған. Осылайша, қоғам мен мемлекет арасындағы диалог үшін тұрақты алаң құру көзделіп отыр.

Болжам бойынша, азаматтар Халық кеңесі арқылы өз ұсыныстары мен мәселелерін билікке жеткізе алады.

"Сондай-ақ кеңес ішкі саясаттың негізгі бағыттары бойынша келісілген ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу алаңы ретінде әрекет етеді (...) Сонымен қатар ол заң шығару бастамасы құқығына ие", – деді министр.

Халық кеңесінің құрылымы қандай болады?

Әділет министрінің айтуынша, Халық кеңесінің тұрақты құрылымы болады. Негізгі шешімдер қабылданатын және маңызды мәселелер талқыланатын басты орган – сессия. Ал сессиялар аралығында тұрақты алқалы орган жұмыс істейді.

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

Министр Қазақстандағы курьерлер мен такси жүргізушілері үшін алаңдатарлық болжам айтты

27 сәуір 18:41 1

Қызылордада тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын дамыту тақырыбында форум өтті

12 мамыр 22:48 2

Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне ресми түрде қосылу рәсімі Астанада өтуі мүмкін

27 сәуір 20:44 1

Сондай-ақ тұрақты және уақытша комитеттер құру жоспарланған. Ұйымдастырушылық және талдау жұмыстарымен жеке мемлекеттік орган ретінде құрылатын арнайы хатшылық айналысады.

Құрамына кімдер кіреді?

Ерлан Сәрсенбаевтың айтуынша, кеңес құрамына қоғамның түрлі топтарының өкілдерін қосу жоспарланған:

этномәдени бірлестіктер; қоғамдық ұйымдар; коммерциялық емес сектор; мәслихаттар; қоғамдық кеңестер.

Халық кеңесінің мүшелеріне қойылатын талаптар, соның ішінде қоғамдық қызметтегі тәжірибесі де белгіленеді.

Өкілеттік мерзімі

Халық кеңесі мүшелерін 4 жылға сайлау ұсынылып отыр. Төраға да осы мерзімге – Президенттің ұсынысы бойынша немесе кеңес мүшелерінің кемінде үштен бірінің бастамасымен сессияда сайланады.

Бұл ретте бір адам төраға лауазымын тұрақты түрде атқара алмайды.

Халық кеңесі қандай өкілеттіктерге ие болады?

Жаңа орган мынадай мүмкіндіктерге ие болады:

ішкі саясат бойынша ұсынымдар енгізу; заңдарды әзірлеуге қатысу; референдум өткізу туралы бастама көтеру; қоғамдық талқылаулар мен диалог алаңдарын ұйымдастыру; қоғамдық бақылауға қатысу.

Сонымен қатар министр аталған орган консультативтік функция атқаратынын және қолданыстағы мемлекеттік органдардың орнын баспайтынын айтты.

Заңдар мен референдумдарды ұсыну құқығы

Сәрсенбаев кеңестің заң шығару бастамасы құқығына ие болатынын айтты. Сондай-ақ орган референдум өткізу туралы ұсыныс тастай алады. Мұндай шешімдерді қабылдау үшін жоғары талаптар қойылады – бастаманы кеңес мүшелерінің көпшілігі қолдауы тиіс.

Халықаралық рөлі

Сәрсенбаев Халық кеңесі Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін ұйымдастырумен айналысатынын бөлек атап өтті. Оның айтуынша, бұл диалог пен қоғамдық келісімді нығайту бойынша жаңа органның міндеттеріне сәйкес келеді.

Қазақстан халқы Ассамблеясының тағдыры не болмақ?

Жаңа заң қабылданғаннан кейін Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы заңның күшін жойған деп тану ұсынылады. Министрдің сөзінше, бұл мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының жаңа моделіне көшу болмақ.

Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Халық кеңесіне үлкен үміт артатынын мәлімдеген болатын. Ол сондай-ақ бұл орган қоғамдық-саяси өмірдің өзекті мәселелерін талқылайтынын түсіндірді.

Еске сала кетейік: 1 шілдеден бастап, жаңа Конституция күшіне енген соң, Қазақстанда үлкен парламенттік реформа басталады. Сенат таратылып, Парламенттің өзі көп ұзамай бірпалаталы болады – оны жасақтау жұмыстары басталады. Парламенттің қазіргі құрамы осы күнге дейін жұмыс істейді, содан кейін ол ресми түрде таратылады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:124
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Мамыр 2026 10:57
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see141

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see139

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see138

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see138

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see137

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see136

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see135

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see130

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see129

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see127

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see127

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see125

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see124

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see124

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see122

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see118

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see117

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары