Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Зейнетақы жинағы: қазақстандықтар баспанаға 4,5 триллион теңге жұмсады

Зейнетақы жинағы: қазақстандықтар баспанаға 4,5 триллион теңге жұмсады

Azh.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу қазақстандықтардың қаржылай салмағын айтарлықтай өзгертті. Қанша өтініш мақұлданды, ақша көбіне қайда жұмсалды және бұл мүмкіндікті кім көп пайдаланғаны туралы Tengrinews.kz хабарлады. 

БЖЗҚ-дан қанша қаражат шешіп алынды?

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2021 жылғы 1 қаңтардан 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері бойынша 4, 27 миллион өтінішті орындаған. Төлемдердің жалпы сомасы 5,55 триллион теңгені құралы. 

Ең қажеті - баспана 

Қаражаттың негізгі бөлігі тұрғын үй мәселесін шешуге бағытталған. Бес жылда БЖЗҚ тұрғын үй жағдайын жақсартуға қатысты 3,19 миллион өтінішті орындап, жалпы 4,56 триллион теңге төледі.

Оның ішінде:

ең төменгі жеткіліктілік шегінен асуы бойынша - 2,91 млн өтініш, 4,03 триллион теңге;табысты алмастыру коэффициенті кемінде 40% болатын зейнеткерлерден - 152 мың өтініш, 274,44 миллиард теңге;зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша - 84,3 мың өтініш, 167,5 миллиард теңге;еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетке шыққан зейнеткерлерден - 41 мың өтініш, 87,3 миллиард теңге.

Емделуге шамамен бір триллион жұмсалды

Осы кезең ішінде қазақстандықтардан емделуге берген 1,09 млн өтініш орындалып, төлем сомасы 984,9 миллиард теңгені құрады. 

Оның ішінде:

ең төменгі жеткіліктілік шегінен асуы бойынша - 867,9 мың өтініш, 699,3 миллиард теңге;табысты алмастыру коэффициенті кемінде 40% болатын зейнеткерлерден - 111,3 мың өтініш, 152,1 миллиард теңге;зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша - 79,1 мың өтініш, 78,4 миллиард теңге;еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетке шыққан зейнеткерлерден - 31,5 мың өтініш, 55,2 миллиард теңге.

Ақшаны шешіп алған кімдер?

БЗЖҚ еске салғандай, зейнетақы жинақтарын тұрғын үй мен емделуге жұмсау құқығы мына санаттарға беріледі: жинағы ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын салымшылар; табысты алмастыру коэффициенті 40%-дан төмен емес зейнеткерлер; еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетке шыққан зейнеткерлер; сондай-ақ, зейнетақы аннуитеті шартын жасаған адамдар.

Статистика талдауы бұл құқықты көбіне ең төменгі жеткіліктілік шегінен жоғары жинағы бар салымшылар пайдаланғанын көрсетеді.

Ең сұраныста болған мақсаттар:

азаматтық-құқықтық мәмілелер арқылы тұрғын үйді жеке меншікке сатып алу - 2,17 триллион теңге;тұрғын үй құрылыс жинақ салымдарын толықтыру - 592,9 миллиард теңге;стоматологиялық қызметтер - 654,3 миллиард теңге.

Орташа шешіп алу сомалары

Қор дерегінше, тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдаланылған орташа сома 1,4 миллион теңге болған.

Оның ішінде:

жеткіліктілік шегі бойынша - 1,4 миллион теңге;табысты алмастыру коэффициенті кемінде 40% болатын зейнеткерлерде - 1,8 миллион теңге;зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша - 2 миллион теңге;еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетке шыққан зейнеткерлерде - 2,1 миллион теңге.

Қаражаттың мақсатты жұмсалуын бақылау қалай жүзеге асырылды

Қор ортада делдал болғандар арқылы қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру деректері туралы ақпарат өздерінде жоқ екенін айтты. 

БЖЗҚ уәкілетті операторлардан келіп түсетін электрон өтінімдерді орындайды, зейнетақы шотында қаражаттың бар-жоғын тексереді және өтініш берушілердің арнайы шоттарына ақша аударады. Ал қаражаттың мақсатты пайдаланылуын, оның ішінде ақшаны тиісті бағытқа аударуды бақылауды уәкілетті операторлар жүзеге асырады.

Стоматологиялық қызмет ақысын төлеу түрінде зейнетақы қаражатын заңсыз шығару деректері көп болғандықтан, бұл мақсатқа жинақты пайдалануға толық тыйым салынды.

2026 жылы ереже өзгере ме?

БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын пайдалану мақсаттарын өзгерту немесе кеңейту бастамасы Қазақстан Үкіметінің құзыретіне кіретінін атап өтті.

Біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану тәртібі тұрғын үй және емделу бойынша салалық министрліктердің бұйрықтарымен реттеледі. БЖЗҚ-дың қызметіне жарналарды жинау, зейнетақы жинақтарын есепке алу, кеңес беру және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру кіреді.

Сарапшы пікірі

Экономист Досым Бесбай кейінгі жылдары қазақстандықтар зейнетақы активтерінің 20 пайыздан астамын мерзімінен бұрын алғанын, бұл жинақтаушы жүйе үшін елеулі көрсеткіш екенін атап өтті.

Оның айтуынша, қаражаттың негізгі бөлігін тұрғын үйге бағыттауды негізді шешім деп санауға болады: ақша ағымдағы тұтынуға емес, ұзақ мерзімді перспективада адамның әл-ауқатына қызмет ететін активке салынды.

Cондай-ақ, зейнетақы жинақтарын тұрғын үйге белсенді пайдалану жылжымайтын мүлік нарығын және құрылыс секторын қолдап, кейінгі жылдары елдегі экономикалық өсімнің негізгі драйверлерінің біріне айналған саланы күшейтті.

Бүгін, 09:49

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:142
embedДереккөз:https://azh.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Ақпан 2026 10:41
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары