Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Жабық есік жағдайында өткен кездесуде Си Цзиньпинді ұлы көшбасшы деп атады

Жабық есік жағдайында өткен кездесуде Си Цзиньпинді ұлы көшбасшы деп атады

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Aikyn.kz сауда соғысын тоқтатқысы келген екі елдің басшыларының кездесуін bbc.com сайтының материалына сүйеніп талдайды.

Ұзақ күтілген кездесу 1 сағат 40 минутқа созылып, президент кестесіндегі жоспарланған уақыттан көп болған. АҚШ президенті Дональд Трамп пен Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында кездесті. Бұл – Трамптың екінші президенттік мерзіміндегі Қытай басшысымен алғашқы жеке жүздесуі. 

Трамп журналистерге берген сұхбатында кездесуді «керемет өтті» деп сипаттап, Си Цзиньпинді «ұлы көшбасшы» деп атаған. Ол кездесуді 10 балдық шкала бойынша 12 балға лайық деп бағалаған. Президенттің айтуынша, АҚШ барлық қытайлық тауарларға салынған тарифтерді төмендетеді. Ал Қытай АҚШ-қа фентанил компоненттерін экспорттауды тоқтатады. Сонымен қатар Қытай америкалық сояны қайта импорттап, сирек кездесетін металдарға қойылған шектеулерді алып тастамақ.

Трамп сәуір айында Қытайға ресми сапармен баруды жоспарлап отырғанын да мәлімдеген. Оның сөзінше, Тайвань мәселесі талқыланбаған, алайда Украина жөнінде тараптар «бірлесе жұмыс істеуге» уағдаласқан.

BBC экономикалық шолушысының пікірінше, бұл кездесу Трамптың айқын жетістігі болған жоқ. Ол бастапқыда Қытаймен сауда соғысын қатал шарттармен бастағанымен, 9 ай өткен соң бітімге келу үшін жеңілдік беруге мәжбүр болды. Сарапшының айтуынша, Трамп Қытайдан елеулі экономикалық немесе саяси жеңілдіктер ала алмаған және тарифтерді төмендету арқылы өз ұстанымын әлсіреткен.

Си Цзиньпин келіссөздерде тең дәрежеде, тіпті кей жағдайда үстем позицияда болған. Осылайша, Қытай АҚШ пен Батыстың әлсіз тұстарын анықтап, тарифтердің өз экономикасына нақты зиян келтірмегенін көрсетті. 

Трамп үшін бұл кездесу мазмұннан гөрі сыртқы әсер мен символикалық жетістікке көбірек ұқсады. Ол сәуірге дейін Қытаймен қарым-қатынасты ушықтырмауға мүдделі. Сондықтан Украинадағы соғысқа қатысты АҚШ пен Қытай арасында ешқандай қатаң санкциялық шаралар қабылданбайтыны болжанып отыр.

Кездесу жабық есік жағдайында өткен. Америкалық тараптан мемлекеттік хатшы Марко Рубио, сауда өкілі Джеймисон Грир, қаржы министрі Скотт Бессент, сауда министрі Ховард Латник және Қытайдағы АҚШ елшісі Дэвид Пердью қатысқан. Қытай делегациясының құрамында сыртқы істер министрі Ван И, оның орынбасары Ма Чжаосюй және ҚХР Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Хэ Лифэн болды.

Кездесудің қарсаңында Трамп Truth Social платформасында АҚШ-тағы ядролық сынақтарды қайта бастау туралы жазба жариялап, Қытайды тікелей атап өтті. Оның айтуынша, бұл шешім «басқа факторлармен байланысты». Алайда АҚШ әлі де ең қуатты ядролық арсеналға ие екенін ұмытпаған жөн.

Кездесу сырттай сәтті өткенімен, нақты нәтижелер АҚШ пайдасына шешілмеді. Трамп экономикалық қысымды әлсіретіп, саяси әсерге көңіл бөлуге мәжбүр болды. Ал Қытай өз позициясын сақтап қалды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:161
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Қараша 2025 13:55
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары