Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Алматы жұртшылығымен өткен кездесуде Конституцияға енгізілетін түзетулер түсіндірілді

Алматы жұртшылығымен өткен кездесуде Конституцияға енгізілетін түзетулер түсіндірілді

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Кездесу барысында қоғамдық талқылауға шығарылған Конституцияға енгізілетін түзетулер, сондай-ақ жаңартылған мемлекеттік-құқықтық модельді қалыптастырудағы азаматтық қоғамның рөлі талқыланды.

Қатысушылар жаңа Конституция жобасын қолдап, жүргізіліп жатқан реформаның елдің саяси жаңғыруындағы негізгі кезеңдердің бірі екенін және мемлекеттік құрылымның базалық қағидаттарын қамтитынын атап өтті. Атап айтқанда, билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу, Парламенттің рөлін күшейту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына берілетін кепілдіктерді кеңейту және мемлекеттік институттардың есептілігін арттыру мәселелері сөз болды.

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи Ата заңды талқылау барысында ашық әрі жауапты қоғамдық диалогтың маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, реформалардың тұрақтылығы мен заңдылығын қамтамасыз етуде қоғамның белсенді қатысуы шешуші рөл атқарады.

Фото: Мәжіліс

— Сындарлы сын шектелмеуі тиіс. Ашық талқылау мүмкіндігінің өзін қоғамдық құндылық ретінде бағалауымыз қажет. Тек диалог арқылы ғана қоғам қабылдайтын әрі ұзақ мерзімде тиімді жұмыс істейтін шешімдерге қол жеткізуге болады, — деді Ермұрат Бәпи.

Сондай-ақ ол реформалар кезеңінде қоғамдық келісімді сақтау және сезімтал тақырыптар төңірегінде алыпсатарлыққа жол бермеу қажеттігіне назар аударды.

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров сыртқы сын-қатерлер жағдайындағы ұсынылып отырған конституциялық өзгерістердің маңызына тоқталып, олардың мемлекеттің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталғанын айтты.

Фото: Мәжіліс

— Жаңа Конституция жобасында жаһандық саясаттағы тұрақсыздық жағдайында елдің тұрақтылығы мен аумақтық тұтастығын сақтауға арналған тетіктер қарастырылған, — деді Ерлан Саиров.

Оның айтуынша, ұсынылып отырған өзгерістер елдің ұзақ мерзімді дамуына бағдарланған және қазіргі ішкі әрі сыртқы сын-қатерлерге жауап береді.

Кездесу барысында Конституция преамбуласының мазмұнына ерекше назар аударылды. Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшесі Үнзила Шапақ преамбула Ата заң мәтінінің тұтастай құндылықтық бағдарын айқындайтынын атап өтті.

— Конституция — мемлекет пен халық арасындағы қоғамдық келісімнің көрінісі. Преамбулада ұлт бірлігі, мемлекеттің унитарлық сипаты, шекаралардың мызғымастығы мен аумақтық тұтастық нақты бекітілуі тиіс, — деді Үнзила Шапақ.

Фото: Мәжіліс

Оның айтуынша, жаңартылған Ата заң Қазақстанның халықаралық құқықтық міндеттемелерін, сондай-ақ ұлттық мүдделер мен тарихи сабақтастықты ескеруі қажет.

Ұсынылып отырған өзгерістердің өзектілігіне қатысты пікірін Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Совет Сейітов білдірді. Оның сөзінше, Қазақстан саяси және экономикалық дамудың жаңа кезеңіне қадам басып отыр, бұл өз кезегінде Ата заңды жаңартуды талап етеді. Сондай-ақ ол жастарды талқылау процесіне тартудың маңыздылығын атап өтті.

— Бұл — баршамыз өмір сүретін Конституция. Ең алдымен, жас ұрпақ үшін. Сондықтан бейжай қалмай, алдағы референдумда талқылау мен дауыс беруге белсенді қатысу маңызды, — деді ол.

Конституциялық өзгерістердің әлеуметтік және құқық қорғау аспектілері туралы Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Богдан Джепка баяндады. Оның айтуынша, қолданыстағы бірқатар нормалар қазіргі заман талаптарына сай жаңартуды қажет етеді.

— Бүгінде әлем қарқынды өзгеріп жатыр: цифрландыру, жасанды интеллект, жаңа әлеуметтік сын-қатерлер. Осы тұрғыда Конституцияға енгізіліп жатқан өзгерістер дер кезінде қолға алынып отыр, — деді ол.

Фото: Мәжіліс

Оның пікірінше, ұсынылып отырған түзетулер мемлекеттік жүйені неғұрлым икемді әрі бюрократиядан арылған етіп, билікті азаматтарға жақындата түсуі мүмкін. Ол ерекше қажеттіліктері бар адамдардың құқықтарын қорғау мәселесіне айрықша тоқталды.

— Жоба аясында сайлау процесінде әйелдер мен мүгедектігі бар адамдар үшін 30 пайыздық квотаның сақталғаны мен үшін аса маңызды. Бұл — елдің әлеуметтік дамуына қатысу мен ықпал етудің нақты тетігі, — деді Богдан Джепка.

Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Рустам Қайрыев конституциялық өзгерістердің әлемдік тәжірибеде қалыпты құбылыс екенін және оларды халыққа түсінікті тілде түсіндіру қажеттігін атап өтті.

— Азаматтардың ұсынылып отырған өзгерістердің мәнін нақты түсінуі үшін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы да қолжетімді форматта түсіндіру жұмыстарын жүргізу маңызды, — деп қосты ол.

Талқылау қорытындысы бойынша қатысушылар ұсынылып отырған өзгерістерді қолдады. Сондай-ақ мұндай диалог алаңдары жүріп жатқан конституциялық реформа аясында сарапшылар мен қоғамдық қауымдастықтың пікірін ескеруге мүмкіндік беретіні атап өтілді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:156
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Ақпан 2026 20:33
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see154

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see146

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see144

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see143

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see142

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see142

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see140

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see136

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see133

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see133

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see130

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see126

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see126

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see120

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see118

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see118

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see117

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see117

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see116

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары