Жалақыдан ұсталатын салық қалай азайғаны белгілі болды
Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
2026 жылдан бастап Қазақстанда жалақыдан жеке табыс салығын есептеу кезінде қолданылатын базалық шегерім айына 30 АЕК-ке дейін өсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Биыл бұл – 129 750 теңге. Бұған дейін стандартты шегерім 14 АЕК болатын.
Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, 30 АЕК жалақының өзінен алынатын салық емес, ЖТС есептеген кезде табыстан шегерілетін сома. Сондықтан жаңа тәртіп жұмыс істейтін азаматтардың бір бөлігінің қолына алатын ақшасын көбейтеді. Жыл ішінде базалық шегерім 360 АЕК-тен, яғни 1 557 000 теңгеден аспайды.
Сонымен бірге 2026 жылдан ЖТС-тың прогрессивті шкаласы енгізілді. Жылдық табыстың 8 500 АЕК-ке дейінгі бөлігіне 10%, одан асқан бөлігіне 15% мөлшерлеме қолданылады. Яғни 15% салық адамның бүкіл табысына емес, белгіленген шектен асқан бөлігіне ғана салынады.
Базалық шегерім бір салық агентінде қолданылады. Оны пайдалану үшін қызметкер жұмыс берушіге өтініш береді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:103
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Қазан 2026 15:28 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















