Жалдамалы пәтерлерде жасырынып жүрген: полиция алаяқтық жасады деген күдіктінің ұсталу сәтін көрсетті
Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Астана полицейлері халықаралық іздеуде жүрген 45 жастағы ер адамды Шымкентте ұстады. Ол 4 миллиард теңгеден аса қаржыны алаяқтық жолмен иемденді деген күдікке ілінген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшіс Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Тергеу барысында күдіктінің сыбайластарымен бірге Астанада көпқабатты тұрғын үй кешенін саламыз деп, азаматтарды алдап, олардың сеніміне кіріп, ақша жинағаны анықталды. Алайда құрылыс қажет рұқсат құжаттарынсыз және мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысынсыз жүргізілген.
Қылмыстық іс бойынша алданған 292 үлескер анықталды. Оларға келтірілген жалпы шығын 4 миллиард теңгеден асады.
"Жедел іздестіру шаралары барысында күдіктінің ұзақ уақыт бойы Шымкентте жасырынып, жалға алған пәтерлерін жиі ауыстырып жүргені анықталды. Қазір ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп хабарлады полиция.
Сондай-ақ, тәртіп сақшылары күдіктінің ұсталған сәтінен түсірілген бейнежазбаны жариялады.
Бұған дейін Астанада есірткі сақтады және таратты деген күдікпен екі шетелдік ұсталған еді. Полицейлер олардың көлігінен ішінде белгісіз зат салынған пакеттер мен сұйықтық құйылған капсулалар бар чемодан тапқан.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:112
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Қазан 2026 15:13 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















