Алаяқтық жасады деген күдікті Түркиядан Қазақстанға жеткізілді
Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
19 маусымда Түркия Республикасынан Қазақстанға бірнеше алаяқтық қылмыстарын жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген ер адам жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
19 маусымда Түркия Республикасынан Қазақстанға бірнеше алаяқтық қылмыстарын жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген ер адам жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Іздеуде жүрген ер адам Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Түркияның Самсун қаласында ұсталған. Оны Қазақстанға қайтаруды ұйымдастыруда ҚР ІІМ-нің Түркия Республикасындағы өкілі мен Қазақстан Республикасының Елшілігі өзара іс-қимыл жасап, елеулі көмек көрсетті.
Тергеу мәліметі бойынша күдікті 2024 жылғы қыркүйек-желтоқсан аралығында ақпараттық жүйелер мен Instagram әлеуметтік желісіндегі аккаунтын пайдаланып, Атырау қаласының екі тұрғынының үш миллион теңгеден аса қаражатын алдап иемденген.
Күдікті ұсталып, Алматы қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі жауапкершіліктен жалтарып, елімізден тыс жерде жүрген адамдарды анықтау және оларды ұстау бойынша жұмысты жалғастырады.
ІІМ елден тыс жерде қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып жүрген тұлғалардың орналасқан жерін анықтау және оларды ұстау жұмыстары жалғасып жатқанын атап өтті.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:38
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Маусым 2026 10:42 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















